Оқулық Техникалық ғылымдар докторы, профессор А. Б. Николаев редакциясымен


  және басқалары.  Ақпараттық  ресурстар  –



Pdf көрінісі
бет28/326
Дата12.01.2022
өлшемі6,12 Mb.
#23977
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   326
36 
және басқалары
Ақпараттық  ресурстар  –  бұл  кәсіпорынның  барлық  өндірістік-
шаруашылық  әрекетін  көрсететін  және  әртүрлі  тасымалдағыштарда 
құжат  арқылы  жазылған  мағыналық  жүктемесі  бар  деректер 
жиынтығы.    
Іс  жүзінде  ақпараттық  ресурстар  өз  мазмұны  бойынша  басқару 
құжаттардың  міндеті  мен  жасақтау  әдістері  бойынша  әртүрлі 
жиынтықта  деректерді  өңдеу  жүйелерінде,  жобалық-конструкторлық 
құжаттамада,  жоспарлы  және  және  есептік  құжаттарда,  нормативтік, 
нұсқамалық  материалдарда  ж.т.б.  бекітілген  өндірістің  нақты 
процестерін көрсетеді. Бұл кезде ақпараттық ресурстардың сапасы олар 
беретін  өндірістік  процестердің  (процесс)  барабарлығымен,  басқару 
субъектілерінің  практикалық  іс-әрекетінде  қолданылу  мүмкіндігімен 
анықталады.     
Ақпараттық  ресурстар  қалпына  келетін    ресурстарға  жатады. 
Өндіру  процесінің  өндірістік  ресурстардың  басқа  түрлерімен 
салыстырғанда  маңызды  ерекшеліктері  бар:  ол  өндіріс  фазаларынан, 
ақпараттық ресурстарды тарату мен қолданудан тұрады. 
Ақпараттық  ресурстардың  өндіріс  фазасы  басқару  нысанының 
(объект)  өндірістік-ақпараттық  әрекетінің  жағдайын  тану  процесі 
болып  табылады.    Ақпаратты  тіркеу,  жинау  және  беру  –  олардың 
өндіру  процесіндегі  бірінші  саты.  Келес  саты  –  мәліметтерді  өңдеу 
және  оларды  талдау.  Нәтижесінде  факторларды  қорытындылап, 
құбылыстар арасындағы елеулі байланыстарды анықтайды.  
Ақпараттық ресурстар үшін  тарату фазасы тән, оның қажеттілігі 
ақпараттың  ерекше  қасиетімен  байланысты:  ол  қолданған  кезде 
шығындалмайды,  ал  ақпаратты  дереккөзден  пайдаланушыға  беру 
нәтижесінде  олардың  дереккөзі  жойылмайды.  Бір  мәлімет  әртүрлі 
мәселелерді  шешу  үшін  бірнеше  рет  қолданылуы  мүмкін.  Бұл  кезде 
негізгі  шектеуге  олар  өзектілігін  сақтайтын  уақыт    жатады.  Осыдан 
кәсіпорынның  бар    ақпараттық  ресурстарының  көлемі  олардың 
өндірісінің  ауқымына  ғана  емес,  оларды  пайдалану  саласының 
қаншалықты 
кең 
екеніне, 
қанша 
пайдаланушыға 
ақпарат 
жеткізілетініне байланысты.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   326




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет