Өмір сүру сапасы Адамдардың өмір сүруінің қазіргі жағдайлары



Дата02.11.2023
өлшемі211,83 Kb.
#121393


Жоспар


  1. Өмір сүру сапасы

  2. Адамдардың өмір сүруінің қазіргі жағдайлары

  3. Қорытынды

1.Өмір сүру деңгейі халықтың материалдық, әлеуметтік және мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру дәрежесімен сипатталады. Өмір сүру деңгейінің көрсеткіші халықтың игілікке деген қажеттілігінің деңгейіне де, қызметтердің саны мен сапасына да байланысты.

Негізінен «өмір сапасы» мен «өмір деңгейі» түсініктерінің нақты анықтамасы мен олардың көрсеткіштер жүйесі толық айқындалмаған. Көбіне олар өзара алмастырылып қолданылады, ал олардың көрсеткіштері өзара ұқсас болып келеді. Дегенмен, бұл түсініктерді бір-бірінен ажырату маңызды. Өмір сапасы өмір деңгейінен ауқымды категория болып табылады.

Өмір сүру деңгейі халықтың әртүрлі топтарының және жалпы халықтың нақты өмір сүру деңгейіне талдау жүргізуге мүмкіндік беретін әртүрлі сапалық және сандық көрсеткіштердің жиынтығымен айқындалады.

Өмір сүру деңгейінің сандық көрсеткіштеріне: жалақы деңгейі, халықтың жан басына шаққандағы орташа табысы, халықтың жан басына шаққандағы орташа тұтыну нормалары, халықтың жұмыспен қамтылуы және т.б. жатады.

Өмір сүру салтының құрылымына адамның өмір сүру жағдайының өзі ғана емес – экономикалық, саяси, шаруашылық және тұрмыстық жағдайлары да, олардың адамдардың санасында көрініс табуы да, индивидтердің осы жағдайларды бағалауы да кіреді.

Өмір сапасы, адамдардың тіршілік әрекетін кешенді бағалау ретінде адамның қажеттіліктерін жүзеге асыру деңгейін, оның өмірлік жоспарларын жүзеге асыруға қанағаттанушылық дәрежесін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі болып табылады .

Адамдардың өмір сүру сапасы олардың өмір сүру деңгейіне ғана емес, өмір сүру деңгейінің көрсеткіштері әлеуметтік жайлылық сезіміне айтарлықтай әсер етеді. Ол адамдардың нақты әлеуметтік жағдайларда қажеттіліктерін қанағаттандыру көрсеткіштерімен анықталады, олар өздерінің физикалық және психикалық тұтастығына, жеке басының бостандығына және шығармашылық үшін мүмкіндіктеріне қауіп төндірмегеніне сенімділікпен толықтырылады.


2. Кез келген экологиялық мәселелерді шешу үшін, адамдардың әрекетімен болып жатқан ғылыми жетістіктердін барлығын болашақ ұрпақтың сақталуына, денсаулығына, болашағына тұжырымдама беретін адам экологиясы. Бүгін күрт өзгерген экологиялық мәселелерді шешуде адамның өзі туындатып отырған күрделі ғылыми жетістіктерін ендігі жерде табиғи ортаны, адам баласының болашағын сақтау үшін, табиғатты қорғау және тиімді пайдалану керек. Себебі, адам мен қоршаған ортаның арасындағы байланыс ХХ ғасырдың ортасына дейін ғылымда қарастырылмаған. Ғылыми тұрғыдан адам экологиясын зерттеу кейінгі жылдары ғана қолға алынды. Себебі адамдардың өмір сүру деңгейін көтеру үшін қоршаған ортаның табиғатының бұзылуы, адам баласының денсаулығына зиян әкелгендігі аныкталды. Адам – табиғаттың туындысы, онсыз өмір сүре алмайды. Адам экологиясын ғылыми тұрғыдан қарастыруға, оны зерттеуге үлкен әсер еткен ХХ ғасырда өмірге келген «Қоршаған орта түсінігі». Соның нәтижесінде адамның өмір сүріп жатқан жері, оның үйі, сол үйдің тұрақты, таза болуы адамға байланысты. Егер оны адам қорғамаса, жағдай жасамаса, онда ертең құлауы мүмкін.

Табиғат – адамзаттың тіршілік ететін ортасы, сондықтан оның көптеген сұраныстарын қанағаттандыратын шикізат көзі болып саналады. Қоршаған ортаның табиғат жағдайлары адамның шаруашылық әрекетінің түрін анықтайды. Мысалы, Қазақстанның шөлейтті, далалы аймақтарында ежелден мал шаруашылығымен айналысқан, ал өзен бойларында суармалы егіншіліктің ошақтары орналасқан. Сонымен қатар қоршаған орта адам денсаулығына да әсерін тигізеді. Ауаның тазалығы, қоршаған ортаның басқа құрам бөліктеріндегі тепе-теңдіктің сақталуы адамның жұмыс қабілетіне, ұзақ өмір сүруіне жағдай жасайды. Тамаша табиғат көріністері адамның күш-қуатының қалпына келіп, тынығуына көмектеседі. Қазіргі кезеңде ғылым мен техниканың өркендеуінің нәтижесінде адамның қоршаған ортаға ықпалы артты. Мұндай ықпалдың зиянды жақтарының бірі – адам денсаулығына әсері.

Қорытынды:


■ Қазіргі және болашақта халықтың денсаулығы мен өмірі үшін мемкелет қоршаған ортаның қауіптілігі туралы болжам ақпарат беру қажет. Адамның барлық өмірлік сатылары үшін қоршаған ортаның қауіптілігінен қорғану шараларын ұйымдастыру – адам біліктілігі болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет