Оқулық Түзетілген және толықтырылган екінші басылым 1-кітап алматы, 2004 ббк28. 86 я 73 р 12


 1 2 орналаскан және үлкен  кішілі гі



Pdf көрінісі
бет126/369
Дата27.11.2023
өлшемі23,05 Mb.
#129210
түріОқулық
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   369
1 1 2


орналаскан және үлкен 
кішілі гі
 
тым өзгермелі куыска - маңдаи 
куысына, sinus frontalis, келетін тесік бар. Ауасы бар мандай куысы 
әдетте калкасымен, septum sinuum frontalium бөлінген. Бірқатар 
жағдайларда негізгі маңдай куыстарының артында немесе араларында 
қосымша маңдай куыстары кездеседі.
Маңдай сүйегі өзінің пішіні жағынан барлык бассүйек сүйектерінің 
ішінде адамға барынша тән сүйек болып табылады. Өге ертедегі 
адамдардың (адамтәрізді маймылдардікі сияқты) маңдай сүйегі артқа 
қарай өте еңістеніп, қүлама “артка қарай кететін” маңдай түзген. Көз 
қиығының артында ол бірден байкалатын кабыршаққа және көз 
бөліктеріне бөлінген. Көзүясының жиегінде бет өсіндісінің біреуінен 
екіншісіне дейін түтас, жуан кішкене кыр өтеді. Қазіргі кездегі адамда қыр 
өте кішірейіп, одан тек қасүсті доғалары ғана қалған. Мидың дамуына 
сәйкес қабыршақ тіктеліп, вертикалды қалыпқа келген, сонымен қатар 
маңдай төмпешіктері дамып, соның нәтижесінде маңдайдың тайқылығы 
жоғалып, дөңестеніп, бассүйекке өзіне тән сипат берген.
Торлы сүйек
Торлы сүйек, кеңсірік, 
os ethmoidale,
тақ, көп бөлігі бетті күрауға 
қатысқанмен, әдетте ми сауыты сүйектеріне қоса сипатталады (54- 
сурет). Ол бет сүйектерінің ортасында орналасады, кеңсірік пен 
көзұясын түзуге қатыса отырып, олардың көбісімен жанасады және
54 с у р е т. Торлы сүйек, 
os ethmoidale.
А артынан қарағандағы көрінісі: 1 - crista galli; 2 - lam. cribrosa;
3 - lam. orbitalis; 4 concha nasalis superior; 5 - lam. perpendicularis;
6 - labyrinthus ethmoidalis, Б - бүйірінен қарағандағы көрінісі: 1 - crista galli; 
2 - lam. orbitalis; 3 - cellulae ethmoidales posteriores; 4 - concha nasalis media; 
5 lam. perpendicularis; 6 cellulae ethmoidales anteriores.
8— 210
113


тұтас бассүйек те солармен жабылады. Торлы сүйек мұрын қапшы- 
ғымен байланыста шеміршектен дамиды, ауа қуыстарын қоршайтын 
жұқа сүйек табақшаларынан құралған. Торлы сүйектің сүйекті 
табақшалары “Т” әрпі түрінде орналасқан, оның вертикалды сызығын 
перпендикуляр табақша, lamina perpendiculares, ал горизонталды 
сызығын торлы табақша, lamina cribrosa, құрайды. Торлы табақшадан 
lamina perpendiculares-тің жан-жақтарында торлы лабиринттер, laby- 
rinthi ethmoidalis, салбырап тұрады. Нәтижесінде торлы сүйекте торт 
бөлікті ажыратуға болады.
1. Lamina cribrosa - маңдай сүйектің incisura ethmoidalis қызметін 
атқаратын тікбұрышты табақша. Онда елеуіштәрізді майда тесіктер көп 
(аты осыдан шыққан), ол тесіктер арқылы иіс сезу нервінің тармақтары 
(30-ға жуық) өтеді. Оның орта сызығы бойымен әтеш айдары, crista galii 
(мидың қатты қабығының бекитін жері) өтеді.
2. Lamina perpendicularis кеңсірік пердесінің бөлігі болып табылады.
3 және 4. Labyrinthi ethmoidales сырт жағынан көзұясының
медиалды қабырғасын түзетін жұқа көз табақшасымен, lamina orbitalis, 
бүркелген сүйекті ауа ұяшықтарының жұп кешені болып табылады. Көз 
табақшасы жоғарғы жиегі арқылы маңдай сүйегінің көз бөлігімен, 
алдына қарай - көзжасы сүйекшесімен, арт жағынан - сынатәрізді 
сүйекпен және маңдай сүйектің көз өсіндісімен, астыңғы жағынан 
жоғарғы жақ сүйекпен байланысады; бұл сүйектердің барлығы шеткі 
cellulae ethmoidales-терді бүркеп түрады. Лабиринттердің медиалды 
жағында екі мұрын қалқаны - conchae nasales superior et media орна- 
ласады, кейде үшінші мұрын қалқаны да - conchae nasalis suprema 
кездеседі.
Қалқандар иілген сүйек табақшалары болып табылады, соның 
нәтижесінде оларды жауып тұратын мұрын кілегейлі қабығының бет 
аумағы үлкейеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет