Оқулық Түзетілген және толықтырылган екінші басылым 1-кітап алматы, 2004 ббк28. 86 я 73 р 12



Pdf көрінісі
бет216/369
Дата27.11.2023
өлшемі23,05 Mb.
#129210
түріОқулық
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   369
lig. apicis
dentis,
 
және оның бүйір беттерінен шүйде сүйекке қарай шығатын 
lig.
alaria,
 
атқарады.
Бүкіл сипатталған байламдық аппарат артқы, омыртқа өзегі жағынан 
шүйде сүйектің ылдиынан шығатын жарғақпен, 
membrana tectoria,
(омыртқа бағанасының, lig. longitudinale posterius жалғасы) бүркеледі.
Art. atlantoaxiales-те бірегей текті қозғалыс - біліктік омыртқаның 
тісі арқылы өтетін вертикалды біліктің айналасында басты айналдыру 
(оңға және солға бұру, келіспеу белгісі) іске асырылады, сонымен бірге 
басты өсінді айналасында ауыз омыртқамен бірге қозғайды (цилиндрлі 
буын). Сонымен бір мезгілде ауыз омыртқамен біліктік омыртқа 
арасындағы буындарда қозғалыстар іске асады. Тістің үшы айналмалы 
қозғалыс кезінде жоғарыда аталған, 
lig. alaria
 
арқылы өз қалпында 
ұстап, қозғалысты реттеп отырады да, сол арқылы көрші орналасқан 
жұлынды шайқалудан сақтайды. Бассүйектің екі мойын омыртқамен 
қосылған жерлеріндегі қозғалыстар шамалы болады. Бастың көбірек 
қозғалуы әдетте омыртқа бағанасының бүкіл мойын бөлігінің қаты- 
суымен іске асырылады.
Тік жүруіне және басты жоғары ұстауына байланысты адамда 
бассүйек-омыртқа буындасуы жақсы жетілген.
180


Тұтас ом ы ртка бағанасы. Омыртка бағанасы вертикалды 
болғанымен, сагитталды жазыктыкта иілімдер түзіп, тік болып келмейді 
(87-сурет). Бүл иілімдер кеуде бөлігінде және сегізкөзде дөңес 
жақтарымен артка, ал мойын және бел бөлімдерінде алға қарай 
бағытталған. Артқа карай дөңес иілімдер кифоздер, 
kyphosis,
деп, ал 
дөңес жағымен алға карай бағытталған иілімдер лордоздар, 
lordosis
, деп 
аталады. Жаңа туған нәрестенің омыртқа бағанасын тік деуге келеді, 
оның иілімдері сәл-пәл ғана болады. Бала басын өзі ұстай бастағанда, 
мойында иілім пайда болады, бастың салмағының көбі омыртка 
бағанасының алдыңғы жағына түскендіктен ол төменге қарай қисая,
87 - с у р е т. Омыртка бағанасы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет