Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал дәрігерлік, агрономиялық, зоотехникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, оқытушыларына, сондай-ақ биология салаларының мамандарына арналған



бет113/174
Дата24.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#125469
түріОқулық
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   174
Классификациясы. Азқылтандылар класы екі отрядқа бөлінеді:
найдоморфа Naidomorpha және люмбрикоморфа - Lumbricomorpha.


Найдоморфа отряды - Naidomorpha


Бұл отрядқа тұщы суларда тіршілік ететін Aeolosomatidae, Naididae, Tubificidae тұқымдасының өкілдері жатады. Enchytraeidae-лар топырақта кең тараған.


Тұщы суда мекендейтін түрлері су түбінде жорғалап немесе інге кіріп тіршілік етеді. Tubificidae тұқымдасының өкілдері (Tubifex tubifex) тұнбаның ішіне, 50-100 мм тереңдігіне бас жағын кіргізіп алып, денесінің артқы бөлігін судың бетіне шығарып бір қалыпты теңселмелі қозғалыс жасайды. Бұлар су түбіндегі тұнбамен қоректеніп, ішегінен өткізіп, оның құнарлылығын арттырады. Tubifex-тер өзендерде, көлдерде кең тараған және жиі кездесетін жануарлар. 1 м 2 - жерде мыңнан астам особьтары кездеседі. Балықтардың жемі ретінде және суды шіріктерден тазарту жағынан маңызы зор. Enchytraeidae тұқымдасының өкілдері де топырақта кең тарап, жиі кездесетін құртгар. Топырақты ішегінен өткізіп оның құнарлылығын арттырады.


Люмбрикоморфа отряды - Lumbricomorpha


Бұл отрядқа негізінде топырақта тіршілік ететін Lumbricidae тұқымдасының Lumbricus, Eusenia, Allolobophora, Dendrobaena туыстары жатады. Тропикалық топырақтарда Megascolecidae тұқымдасының ірі түрі Megascolides australis кездеседі және Branchiobdellidae тұқымдасының өкілдері шаянтәрізділердің паразиттері болып келеді.


Топырақта тіршілік ететін Lumbricidae жауын құрттарының ауыл шаруашылығында алатын маңызы зор. Олар топырақта індерін қазып, өсімдік тамырының топыраққа еркін жайылуына ықпалын тигізеді, судың, ауаның топыраққа еркін өтуін реттейді. Індерін қаза отырып топырақтың астыңғы қабатын жоғары бетіне көтеріп, қопсытып араластырады. Алға жылжи жүре топырақты жұтып алып, ішегінен өткізіп, сыртқа копролит деп аталатын нәжістерін шығарады. Олар топырақты қарашірікке байытады. 1 гектар жердегі құрттар жылына 10-30 тоннаға дейін топырақты құнарландырады. Сонымен қатар, індеріне жапырақ, шөп, өсімдіктердің қалдықтарын тасып, олардың тез шіріп, гумусқа айналуына әсер етеді. Жауын құрттары топырақтағы процестерге күшті әсер етеді. Жауын құрттары басқа жануарларға да жем.
Жауын құрттарының топырақ үшін маңызын, биологиясын, тіршілігін алғашқы рет Ч. Дарвин "Жауын құрттарының әрекеттерімен жердің өсімдік қабатының пайда болуы және олардың тіршілік ету әрекеттерін бақылау" (1881) деген еңбегінде көрсеткен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет