Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет128/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   218
Seisonidea 
отряды.
 Өкілдері теңіз шаяндарының
(Nebalia) 
желбезектерінде паразиттік тіршілік етеді. Денесі құрт тәрізді, мойыны және 
аяғы ұзын, айналмалы кірпікшелі аппараты жойылған.
Bdelloidea отряды. Өкілдері су түбінде, қара шірік топырақтарда, 
мүктерде тіршілік етеді. Денесі құрт тәрізді ұзын, жер бауырлап жай 
қозғалады. Негізгі өкілі Rotifer neptimunus су түбінде мекендейді.
Monogononta отряды коловраткалардың негізгі отряды. Көбісі тұщы 
суларда, теңіздерде кездеседі, топырақта да тіршілік етуге бейімделген. 
Бұлар түрлер саны жағынан да артады.
Суда мекендейтін түрлері - планктон және бентос формалары. 
Планктонды формалар су айдындарының әр түрлі тереңдігінде қалқып 
тіршілік етеді. Осыған байланысты олардың дене өсінділері, үскі (сверло) 
тәрізді айналмалы аппараты жақсы дамыған және қосалқы мүшелері болады. 
Бұл топқа Notholca, Polyarthra, Pedalion, Triarthra тағы басқа туыстарының 
өкілдері жатады. Жиі кездесетін түрлері: Notholca longispina, Polyarthra 
platyptera.
Бентосты формалары су түбінде еркін қозғалып немесе су астындағы 


заттарға бекініп тіршілік етеді. Еркін қозғалатын коловраткалар - Brachionis, 
Synchaeta, Conochilus, Rattulus туыстарының өкілдері. Бекініп тіршілік ететін 
түрлерінің көпшілігі кілегей қабықты түтіктерді жасап, соның ішінде 
отырады. Бұлар - Stephanoceras, Floscularia, Melicerto туыстарының өкілдері.
Топырақтарда, мүктерде, ал кейбір түрлері паразитгік тіршілік етуге 
бейімделген. Мысалы, Diglena volvocicola вольвокс колониясында 
мекендейді.
Коловраткалар кеуіп, құрғап қалған жағдайда анабиоз күйіне ауысады 
да, бірнеше жыл бойы өмір сүреді және осы күйде кең таралады.
Коловраткалардың басқа организмдерге қорек ретінде маңызы зор.
Коловраткалар
кірпікшелі
айналмалы
аппаратымен, 
протонефридияның құрылысымен,
жер бауырлап
қозғалатынымен 
турбеллярилерге ұқсас. Кейбір авторлар коловраткалар турбелляриялардан, 
соның ішінде тік ішектілерден - Rhabdocoelaлардан пайда болды деп 
санайды.
Коловраткалар құрылысы жағынан (схизоцель қуысы, тері-бұлшықет 
қапшығының жоқтығы, кірпікшелерінің болуы, протонефридияның 
құрылысы) құрсақ кірпікшелілер класына жақын. Негізгі белгілерімен 
коловраткалар жұмыр құрттар типіне жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет