Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал


СКРЕБНИЛЕР ТИПІ - ACANTHOCEPHALES



Pdf көрінісі
бет130/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   218
 СКРЕБНИЛЕР ТИПІ - ACANTHOCEPHALES
Ересек күйінде балықтардың, құстардың, сүткоректілердің ащы 
ішегінде паразиттік тіршілік ететін құрттар. Денесінің алдыңғы ұшы ішке 
қарай тартыла алатын имек тұмсыққа өзгерген, онда бірнеше қатар, артқа 
қарай қайырылған кутикулалы ілмешектер орналасқан. Осы ілмешектерінің 
болуына байланысты типті акантоцефалес немесе тікенекбас құрттар деп 
атайды (acanthor - ілмешек тасушы, серһаіа - бас).
Дара жыныстылар, дамуы метаморфоз арқылы жүреді. 500-ден аса түрі 
бар. Скребнилер типіне осы аттас бір ғана класс жатады - скребнилер - 
Acanthocephala.
СКРЕБНИЛЕР КЛАСЫ - ACANTHOCEPHALA.
Скребнилер цилиндр немесе ұршық тәрізді, ұзындығы 1,5 мм-ден 40 
мм-ге дейін, ал алып скребнидің (Macracanthorhynchus hirudinaceus) 
аталығының ұзындығы 70-150 мм, аналығы - 300-650 мм.
Құрылысы мен физиологиясы. Денесі тұмсық пен тұлға бөлімдерге 
бөлінген. Тұмсығы бірнеше қатар, артқа қарай қайырылған кутикулярлы 
ілмешектермен қаруланған (88-сурет). Ілмешектері сүйір болып радиальды 
қатармен
(Palaeacanthocephala
отрядында) немесе спиральды 
(Archiacanthocephala отрядында) орналасқан. Осы ілмешектерімен иесінің 
ішегіне қадалып бекінеді. Сондықтан скребнилердің тұмсығы - арнайы 
бекіну мүшесі. Тұмсығы дөңгелектенген (Filicollis туысында) немесе ұзарған 
цилиндр (Rhadinorhynchus туысында) пішінді, іші қуыс.
Бұлшықет - ретракторларының көмегімен тұмсығы тұлға бөлімінің 
алдыңғы ұшында орналасқан тұмсық қынабы ішіне қарай тартылады. 
Қуыстың бұлшықеттері жиырылғанда, тұмсық теріс аударылған қолғап 
саусағы сияқты сыртқа созылып шығады.
Денесі жұқа кутикуламен қапталған, оның астында синцитий түріндегі 
- гиподерма қабаты болады. Гиподерманы тесіп өтетін түтікшелер немесе 
лакуналар жүйесі болады. Гиподерманың қалың жерлерінде ірі ядролары бар 
және бұл жерде скребнилердің негізгі энергия көзі болып табылатын 
гликогеннің қоры жиналады.
Тұлға мен тұмсықтың біріккен жерінде гиподермадан пайда болған 
лемнискалар деп аталатын, лента тәрізді өсінділер тұмсық қынабының екі 
жағында орналасқан. Лемнискалардың атқаратын қызметі толық 
анықталмаған. Болжам бойынша тұмсықтың қынап қуысына тартылып және 
сыртқа созылып шығуына қатысатын болуы керек.


88-сурет. Скребнилер: А - алып скребни (Macracanthorhynchys hirudinaceus); Б - таспиқ 
скребни (Gigantorhyncus moniliformis); В - скребнидің құрылысы (аталығы); 1 - ми 
ганглиясы, 2 - ілмешектермен қаруланған тұмсығы, 3 - тұмсық қынабы, 4 - аталық без, 5 - 
цемент бездері
Тері-бұлшықет қапшығы сыртқы сақина тәрізді және ішкі ұзына бойы 
созылған бұлшықет талшықтарынан құралған. Алғашқы дене қуысы 
(схизоцель) жақсы дамыған.
Иесінің ішегінде паразиттік тіршілік етуіне байланысты ас қорыту 
жүйесі толығымен жойылған. Қорытылған қорек затты паразит дене жабыны 
арқылы сіңіреді. Бұған қосымша гиподерманы тесіп өтетін түтікшелер 
немесе лакуналар жүйесі де қорытылған заттарды өткізіп маңызды рөл 
атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет