Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет139/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   218
92-сурет. Полихеттердің жыныссыз көбеюі: А - палоло Eunice viridis-тың эпитокты артқы 
жіңішке бөлімі; Б - Autolytus cornutus-тың эпитокиясы (опитокты бөлімінің атокты 
бөлімінен ажырайтын жерінде басы пайда болған); В - Myrianida fasciata-нын
бластозооидтері (1), 2-3 - ұлғайтылып көрсетілген аталық бластозооид (2) және аналық 
бластозооид (3)
Полихеттердің жыныссыз көбеюі жыл маусымының белгілі бір 
уақытында өтеді. Мысалы, Тынық мұхитта тіршілік ететін палоло - Eunice 
viridis жылдың қазан немесе қараша айларында жаңа ай туған мезгілде 
жыныссыз жолмен көбейеді. Осы уақытта Фиджа және Самоа аралдарының 
жергілікті тұрғындары теңіздің бетінде қалқып жүрген эпиток бөлімдерін 
жинап, тамаққа пайдаланады. Атлант мұхитында тіршілік ететін Eunice fucata 
шілде айында көбейеді.
Полихеттердің дамуы метаморфоз арқылы жүреді. Дамуындағы басты 
ерекшеліктері: зиготаның спиральды, детерминативті бөлінуі, трохофора 
личинкасының пайда болуы және мезодермалық жолақтың ажырауынан 
мезодерманың түзілуі.
Полихеттердің эмбриональды дамуына толық, спиральды 
детерминативті бөлшектену тән. Ұрықтанған жұмыртқа (зигота) алдымен 
меридиональды екі рет бөлініп, біркелкі төрт бластомерлері құрылады - А, В, 
С, D (Бовери ұсынған система бойынша бластомерлерді әріппен белгілейді). 
Бұлар негізгі квартет, болашақ ұрықтың құрсақ (В), арқа (D), сол жақ (А), оң 
жақ (С) қатарын түзейді. Осы төрт бластомерлер енді көлбеген жазықтық, 
бағытында бөлшектеніп төрт ұсақ жоғарғы (анимальды) және төрт ірі төменгі 


(вегетативті) бластомерлерді жасайды. Сонда төрт микромерлі және төрт 
макромерлі квартет түзіледі - la, 
IB
, Ic, Id, 1A, IB, 1C, ID (93-сурет).
93-сурет. Ұрықтанған жұмыртқаның (зиготаның) спиральды бөлшектенуінің схемасы: A - 
төрт бластомер сатысынан сегіз бластомер сатысына өтуі; Б - сегіз бластомер сатысы; В - 
сегіз бластомер сатысынан он алты бластомер сатысына өтуі; Г - он алты бластомер 
сатысы
Бластомерлердің азырақ (45°) ылдилау бағытында бөлшектенуінің 
нәтижесінде микромерлер макромерлердің дәл үстіңгі жағына шықпай, сәл 
қисықтау орналасып макромерлердің аралығына орнығады. Мысалы, 1а 
микромер 1А, IB макромерлердің шекарасында орналасқан (93-сурет). Келесі 
бөлшектенулерде микромерлер оң және сол жаққа бұрылады. Осындай 
бөлшектенуді спиральды деп атайды.
Әрбір бластомердің дамуы алғашқы кезеңінде-ақ айқындалады. 
Мысалы, алғашқы үш квартеттің микромерлері (la, 
IB
, Ic, Id; 2а, 2в, 2с, 2d; За, 
Зв, Зс, 3d) личинканың эктодермасын қалыптастырады, 4d - целомдық 
мезодерманы, ал қалғандары - энтодерманы (4а, 4в, 4с; 1А, IB, 1C, ID; 2A, 2В, 
2С, 2D; ЗА, ЗВ, ЗС, 3D; 4А, 4В, 4С, 4D). Бұл детерминативті даму.
Бөлшектену кезеңінің нәтижесінде - шар тәрізді ұрық бластула пайда 
болады. Осыдан екі қабатты ұрық гаструла қалыптасады да, ол дамып 
полихеттерге тән личинка трохофораға айналады.
Трохофораның денесі шар, эллипс немесе алмұрт тәрізді (94-сурет). 
Трохофораның анимальды (жоғарғы) полюсіндегі төбелік тақтаның үстінде 
ұзын кірпікшелерден тұратын айдары (сүлтан), ал экваторлық, полюсінде екі 
қатар кірпікшелі белдеушелері бар: біреуі ауыз үсті немесе прототрох, 
екіншісі - ауыз асты - метатрох. Осы белдеушелері трохофораны екі жартыға 
бөледі - эписфера (үстінгі) және гипосфера (төменгі). Екеуінің арасында 
құрсақ жағында ауыз тесігі орналасқан, ол эктодермальды алдыңғы, қап 
тәрізді энтодермальды ортаңғы және қысқа эктодермальды артқы ішекке 
жалғасып, денесінің төменгі жағында аналь тесігімен аяқталады. Ішектің 
жанында протонефридиялары орналасқан, ал ішек пен терінің арасында - 
бірінші қуыс. Артқы ішектің екі жанында мезодермалық жолақтардың негізін 
құрайтын, 4d микромердің ұрпағынан түзілетін екі ірі мезодерма клеткалары 
немесе алғашқы телобласт (мезобласт) клеткалары орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет