Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал


КОКЦИДИЯТӘРІЗДІЛЕР КЛАСЫ - COCCIDIOMORPHA



Pdf көрінісі
бет24/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   218
КОКЦИДИЯТӘРІЗДІЛЕР КЛАСЫ - COCCIDIOMORPHA
Бұл класқа өздігінше тіршілік ете алмайтын, тек қана клетканың ішінде 
паразиттік тіршілік ететін қарапайымдылар жатады. Денелері сопақша
домалақтау не доға сияқты болып келеді. Олар адамның, сүтқоректілердің, 
құстардың ішек клеткаларында, бауыр, бүйрек, қан клеткаларында кездеседі. 
Қан споралылардың және кокцидиялардың даму кезендері бір-біріне өте 
ұқсас, сондықтан бұл екеуін кокцидиятәрізділер класына жатқызады. 
Бұлардың көбеюінде кезектесіп жүретін үш кезеңді байқауға болады: 
шизогония (жыныссыз көбею) гаметогония (жынысты) және спорогония.


Көптеген кокцидиялардың бір ғана иесі болады, сондықтан спорогония 
кезеңі жартылай немесе толық сыртқы ортада жүреді (Eimeria magna). 
Басқаларының иесі екеу, жыныссыз көбеюі бір иесінде өтеді, ал жынысты 
көбею және спорогония кезеңі екіншісінде (Plasmodium vivax).
Бұл кластың негізгі екі отрядын атап кетуге болады: кокцидиялар 
отряды - Coccidiida және кан споралылар - Haemosporidia.
Кокцидиялар отряды - Coccidiida
Кокцидиялар қоянның, ірі қара малдың, үй жануарлары мен жабайы 
құстардың, насекомдардың ішек эпителий клеткаларында паразитті тіршілік 
етеді. Кокцидиоз ауруына адамдар да шалдығады. Кокцидиялардың денесі 
сопақша келген, алдыңғы жағы үшкір, артқы жағы доғал пішінді болады, 
бұларды зоит деп атайды (спорозоит, мерозоит). Зоиттың сырты үш 
мембраналы қабық - пелликуламен қапталынған. Оның астында түтікшелі 
фибриддер болады, олар субпелликулярлы микротүтікшелер деп аталады. 
Пелликуламен бірге олар зоиттын қаңқасын құрайды.
Зоиттың денесінің алдыңғы жағында екі айрықша органоидтар 
орналасқан. Олар спираль тәрізді фибрилді - коноид және қапшық тәрізді іші 
сілекей затқа толған саны 2-ден 14-ке дейін - роптриялар. Осылар арқылы 
паразит иесінің клеткаларының ішіне кіреді. Роптриядан шыққан сұйық зат 
иесінің эпителий клетка мембранасын ерітеді де, ал коноид арқылы зоит 
бұранда арқылы клетканың ішіне кіреді. Кокцидияларда, клеткаларға ортақ 
бірқатар органоидтар болады - митохондриялар, Гольджи аппараты, 
эндоплазмалық торы, т. б. (13-сурет).
Кокцидиялардың даму сатысы өте күрделі. Мысал ретінде қояндардың 
паразиті - эймерия (Eimeria) туысының даму сатысын қарастырайық. 
Эймерия кезектесіп тұратын шизогония, гаметогония және спорогония 
жолдарымен дамиды (14-сурет). Ооцисталар су және шөп арқылы қоянның 
ішегіне түсіп, ооцистаның қабырғасы ішек сөлдерінің әсерінен жарылып, 
ішінен 8 спорозоит шығады. Спорозоиттар ары қарай даму үшін ішектің 
эпителий клеткасына ену керек. Коноид және роптриялар арқылы спорозоит 
клеткаға еніп, денесі дөңгеленіп шизонтқа айналады. Шизонттың ядросы 
бірнеше қайтара бөлінеді. Сол ядролардың бөлінуін шизогония дейді. Бұл 
жыныссыз көбею кезеңі. Шизогония нәтижесінде пайда болған әрбір 
ядроның төңірегінде цитоплазма жиналып, олар ұсақ мерозоиттарға 
айналады. Мерозоиттар эпителий клетканы әбден зақымдап болғаннан кейін 
ішек қуысына шығады да, қайтадан жаңа клеткаларға еніп, денесі дөңгеленіп 
шизонтқа айналады. Шизонттың ядросы көпке бөлініп шизогония арқылы 
тағы да мерозойттар пайда болады. Шизогония бірнеше рет қайталанып, 
паразиттердің саны көбейеді.
Шизогониядан кейін гаметогония кезеңі басталады. Бұл кезеңде 
мерозойттар гамонттарға айналады, бұлардан гаметалар пайда болады. 
Макрогамонттар бөлінбей өсіп макрогаметаларға
айналады, ал 
микрогамонттардын. ядросы көпке бөлініп, цитоплазмамен қапталынып, екі 


талшығы бар майда микрогаметаларға айналады. Микрогаметалар жылжып 
макрогаметалармен қосылады. Копуляция нәтижесінде пайда болған зигота 
сыртынан тығыз қабықпен қапталып ооцистаға айналады. Ооцисталар 
қоянның нәжістерімен бірге сыртқа шығарылады. Сыртқы ортада 
ооцистаның ішінде спорогония кезеңі өтеді. Ооцистаның ішіндегі ядро екі 
рет бөлініп, төрт ядро пайда болады. Оларды цитоплазма қоршап, төрт 
споробласт деп аталатын клетка түзіледі. Әрбір споробласт арнайы қабықпен 
қапталынып, спораға айналады.
Әрбір спораның ядросы екіге бөлініп - екі спорозоит түзіледі. Сөйтіп 
ооцистаның ішінде төрт спора пайда болып, олардан сегіз спорозоиттар 
түзіледі. Осындай ооцисталар сау қоянның ішегіне түскенде, оның қалың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет