Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі
«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕ АҚ
Зоология кафедрасы
«6B01509-Биология»
«ЗООЛОГИЯДАН ҮЛКЕН ПРАКТИКУМ»
Тапсырмалар
Тапсырма. Споровиктердің таксономиялық сипаттамасы, олардың жалпы белгілері, осы топ өкілдерінің биологиясы мен тіршілік циклінің ерекшеліктері. Споро-шизо және гаметогония процестері.
Білім алушының жауабы:
Споралылар класы – Sporozoa
Бұл класка тек паразиттік формалар жатады. Бұлардың қозғалу органоидтары, ас қорыту және жиырылғыш вакуольдері болмайды. Жыныссыз және жыныстық жолдармен көбейеді. Жыныссыз көбеюі шизогония (көпшілікті бөліну) күйінде болады. Тіршілік циклі күрделі, иесін алмастыру арқылы жүреді.
Өкілдері: қан споралылар және кокцидий отрядтары.
I. Қан споралылар отряды — Неamasporidіа
Қан споралылары өздерінің дамуының белгілі бір сатысын адамның не әр түрлі омыртқалылардың эритроциттерінде өткізеді. Олардың даму циклі иесін алмастыру арқылы жүреді. Жыныссыз көбеюі адам денесінде, жыныстық көбеюі омыртқасыз жануарларда, (несекомдарда) жұреді. Бұлар спора түзбей бір иесінен екіншісіне тікелей беріліп отырады.
Бұл отряд өкілі болып адам паразиті безгек плазмодиясы саналынады - ол безгек ауруын коздырады. Адамдарда безгек плазмодийінің 4 түрі паразиттік тіршілік етеді:
Plasmodium vivax – үшкүндік малярия туғызушы.
Plasmodium malarie – төрткүндік малярия туғызушы.
Plasmodium falciparium – тропикалық малярия туғызушы.
Plasmodium ovale – үшкүндікке ұқсас малярия туғызушы.
I. Преэритроцитарлық шизогония. Плазмодий адам денесіне зақымданған маса сілекейінде болатын спорозоиттар күйінде енеді, яғни бұлардың инвазиялық сатысы болып спорозоиттар саналады. Спорозоиттар қан арқылы бүкіл денеге, бауыр жасушаларына келіп жетеді. Бұл жерде олар өсіп, үлкейіп шизонтқа айналады. Содан кейін шизонт шизогония жолымен (көпшілікті бөліну) бөлініп, көптеген (1000-5000) ұсак бір ядролы мерозоиттар пайда етеді. Бұл процесс преэритроцитарлық немесе ұлпалық шизогония деп аталады. Бауыр жасушалары бұзылғанда мерозоиттар шығып қанға өтіп эритроциттерге енеді.
II. Эндоэритроцитарлық шизогония. Эритроциттерге енген мерозоиттар гемоглобинмен қоректеніп өсіп шизонтқа айналады. Өздерінің дамуында мерозоиттар бірнеше сатыдан өтеді: алғаш олардың өлшемдері өте кішкентай, эритроцит көлемінің 1/3-1/6 бөлігін алып, цитоплазмасы сақина тәрізді болады бұл сақиналы шизонт сатысы; әрі қарай сақиналы шизонт ұлғайып, жалғанаяқтар пайда болып, қозғалып, амебатәрізді шизонтқа айналады. Шизонт бірте-бірте өсіп, эритроцит көлемін түгел толтырады, гемоглобинді толық жояды және шизогония жолымен бөлінеді. Әр түрлі түрлерде түрліше мөлшерде мерозоиттар түзіледі. Р1.vіvах-22, Р1.malarіае-6-12, РІ.falciparum 12-18. Бұл кезде эритроциттер кабықшасы жыртылып мерозоиттар канға өтеді де зақымданбаған жаңа эритроциттерге еніп жаңа цикл басталады. Мерозоиттармен бірге қанға олардың улы өнімдері де етеді. Осының нәтижесінде ағзада қалтырау ұстамасы басталады. Эндоэритроцитарлық кезең РI.vіvах, РI. falciparum,PI.ovale -де 48 сағатқа (үшкүндік безгек), Р1.malarіае - 72 сағатқа (төрткүндік безгек) созылады. Шизогонийдің қайталануы нәтижесінде адам ағзасындағы паразиттер саны тез көбейеді. Бірнеше дүркін жыныссыз кебеюден кейін жыныстық жолмен көбеюге дайындық басталады. Кейбір мерозоиттар эритроциттерге еніп жетілмеген жыныстык формаларға — гаметоциттерге айналады. Олардың кейбіреулері аналық жыныс формаларын — макрогаметоциттерді, енді біреулері — аталық жыныс формаларын — микрогаметоциттерді түзеді. Гаметоциттер шизонттарға қарағанда ірілеу, домалақ болып келеді, олардың қою қара ядросы болады. Адам ағзасында гаметоциттер әрі қарай дамымайды. Олардың әрі қарай дамуы маса денесінде өтеді.
III. Жыныстық көбеюі және спорогония. Маса ағзасына гаметоциттер ауру адамның қанымен бірге енеді. Маса асқазанында олар жетілген жыныстық нысанға немесе гаметаларға айналады. Микрогаметоциттер бөлініп 5—6 талшық тәрізді микрогаметаларға, ал макрогаметоциттердің көлемі үлкейіп 1 макрогаметаға айналады. Ұрықтанғаннан кейін зигота козғалғыш оокинетаға айналып, асқазан қабырғасын тесіп өтіп оның сыртқы қабатына бекінеді. Ол қабықшамен қапталып ооцистаға айналады да тез өсе бастайды. Содан кейін спорогония процесі басталады, яғни ядро мен цитоплазма бөлініп ооциста ішінде көптеген (1000) спорозоиттар түзіледі. Ооциста кабықшасы жарылып спорозоиттар масаның дене қуысына, гемолимфаға, сілекей безіне өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |