Оқулықта ғылым философиясы мен әдіснамасына негізделген педагогиканың философиясы және әдіснамасының іргетасын құраушы қағидалардан тұратын осы арнайы оқу пәнінің мақсаты және құрылымы айқындалады



бет28/31
Дата24.10.2022
өлшемі0,54 Mb.
#45187
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Педагогика және психология. Кез келген педагогикалық зерттеуде педагогикалық зерттеу обьектісі оқытылып және тәрбиеленіп жатқан адамның психологиялық сипаттамаларын міндетті түрде ескеруге мәжбүрміз. Осы кітапта ғылыми және практикалық әрекеттің обьектілерін ажырату сұрағына байланысты бұл ғылымдардың арақатынасы мәселесін қарастырғанбыз.
Мәселенің көкейкестілігі көптеген жағдайлармен анықталады. Жоғарыда айтылғандай, педагогика мен психологияның пәнін ажырату тек жеке алынған ғылыми жұмыстың логикасы мен алынатын нәтижелерінің сипатын анықтау үшін ғана емес, кешенді зерттеудің көлемін кеңейту мақсатында да жүргізіледі.
Шындығында, әрбір психолог осыған «тап болмайды», себебі, педагогикамен барлық психологтар айналыспайды. Психологиямен әрбір мұғалімнің ісі бар, себебі, педагогика психологиясыз өмір сүре алмайды. Педагогика мен психологияның арақатысын анықтау соңғы жылдары жиналып қалған түсініспеушіліктер мен көмескі мәселелердің жігін ажыратып алу үшін қажет.
Адамды зерделейтін басқа ғылымдар мен психология пәніндегі айырмасы бұл ғылымдардың адам әрекетіне қалай қарастыруында жатыр. Психологтар әрекеттің құрылымы туралы айта отырып,оны біртіндеп кезеңдер бойынша іске асырудың арасындағы байланысты түсінеді. Әлеуметтік болмыстың обьектісін бейнелей отырып,олар әртүрлі ғылыми әрекеттің пәні ретінде көрінетін түрлі қатарларлы салады. Психология әрекет құрылымы туралы айта келіп, бұл байланысты оны жүзеге асыру кезеңдерде жүзеге асырумен түсіндіреді. Бұл ретте әрекеттің мотивациялық, мақсаттық біріккен орындаушылық жақтарын адами белсенділігі қолданылатын әртүрлі бөліктердің байланысы мен арақатысын айтады. Қалай айтсақ та дұрыс, себебі бұл пайымдаулар бірін-бірі толықтырады.
Әрекет мотивациялық, мақсаттық және орындаушылық жағынан көрінетін психологиялық қырынан және тұлғаның құрылымының бөлігі ретінде психологияның зерттеу пәніне енеді. Барлық айтылғандарға және осы анықтаманың көмегімен шешілетін міндеттің ерекшелігі және анықтама таңдау жасалатын логика ережесіне сәйкес, біз тұтас психологиялық зерттеудің пәні ретінде әрекеттің және субьектілік-тұлғаның құрылымдарын қамтитын жеке тұлғаның психологиялық құрылымы деп есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет