Оқулықта ғылым философиясы мен әдіснамасына негізделген педагогиканың философиясы және әдіснамасының іргетасын құраушы қағидалардан тұратын осы арнайы оқу пәнінің мақсаты және құрылымы айқындалады


Психологиялық білім педагогикада теориялық модельдер құрудың бір көзі болып табылды



бет30/31
Дата24.10.2022
өлшемі0,54 Mb.
#45187
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Психологиялық білім педагогикада теориялық модельдер құрудың бір көзі болып табылды. Оқыту туралы идеялды пайымдау мен істің нақты жайының арасындағы алшақтықтың себептерін анықтау үшін психологиялық талдау қажет болып көрінуі мүмкін. Мұғалімдер нақты ұсыныс тар жасау үшін жасына қарай топтағы оқушылардың психологиялық сипаттамасын білуі керек. Мұндай сипаттамаларды және басқа көптеген жағдаайларда да ескеру қажет. Мысалы,оқыту үдерісінде оқушылардың оқу материалын меңгеру жағдайын анықтаған да. Тек психология ғана педагогқа ғылыми және практикалық жұмыста қолдануға, қабылдау, түсіну жолдарын бере алады. Ақырында, білім беру мақсаттары психология тілінде білімді адам игеру ге тиісті тұлғаның қасиеттері ретінде көрсетіледі.
Қазақтың психологиялық мұрасы – өте бай. Әл-Фарабидің, Ж. Аймауытов пен М. Жұмабаевтың психологиялық көзқарастары – әлі толық зерделене қоймаған тылсым дүние. Шоқан Уәлиханов еңбектерінде халықтық рух мәселесі жиі қозғалған. Танымал псхолог-ғалым Қ.Б. Жарықбаевтың пайымдауынша, халықтық рух дегеніміз – ұлттық сана-сезімді ояту, қазіргі ғылым тілімен айтқанда – этнопсихология, қазақи тілмен айтсақ – ұлттық психология ғылымы деп атайды. Кейін Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Халел Досмұхамедов, Міржақып Дулатов ұлттық сана-сезімді ояту мәселесіне айрықша мән бергені белгілі. Ж. Аймауытовтың психологиядан бірнеше кітап жазғаны белгілі. Бертініректе Төлеген Тәжібаев, Мәжит Мұқанов ұлттық психологияны дамытып, оны жастар тәрбиесіне қолдану мәселесін ғылыми тұрғыда қарастырған. 1926 жылы Ж. Аймауытовтың іргелі кітабы «Психология» жарық көрсе, бұл саланы 1938-40 жылдары академик Төлеген Тәжібаев ғылыми жүйелеп, ретке келтірді. Кейін бұлардың ісін қазақтың танымал психологтары М. Мұқанов, Қ.Б. Жарықбаев, В.К. Шабельников, Н.А. Логинова, Ж.Ы. Намазбаева, С.М. Жақыпов, С. Бердібаева, Н. Тоқсанбаева, Ф. Тәшімова, А. Ким, О. Аймағамбетова, Н. Ақтаева, Д. Дүйсенбеков, Қ.Т. Шеризданова, А. Ақажанова, О. Саңғылбаев және т.б. жүйелі зерттеулер жүргізіп, іргелі жұмыстар жасап, жас ғалымдарды тәрбиелеуде.
Қазіргі уақытта отандық психологтар шетелдік теориялар мен тұжырымдарды да (айталық, тұлға теориясын жасаушы ғалымдар: З.Фрейд, Г.С. Салливан, О. Ранк, Э. Фромм, А. Адлер, К. Роджерс, А. Маслоу, Д. Келли, Г.Оллпорт, Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн, К.К. Платонов) саралап, олардың ғылымға қажеттілерін ұтымды пайдалануда.
Ғылыми жұмыстың практикалық тиімділігі дәрежесі осы нәтижелердің педагогикалық болмысты талдау негізінде немесе ғылымдардың қағидаларды дәлелдеу жолдарымен жасалғандығына тікелей байланысты. Практикалық жұмыстың маңыздылығы педагогика ғылымының басқа ғылыми пәндер жүйесіндегі ерекшелігін, мәнін және орнын түсінуге және оның нәтижелерін қолдану тәсілдеріне бағынышты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет