Оқулықтар мен әдебиеттер. «ҚР әлемдік қауымдастықта» пәні «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»



бет30/62
Дата08.02.2022
өлшемі1,53 Mb.
#25034
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   62
15 – лекция. 1 сағат.

Қазақстан Республикасы және Біріккен Ұлттар Ұйымы.

1.Әлемдік қауымдастықтағы БҰҰ-ның орны мен рөлі және маңызы.

Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болуы.

2.Қазақстанның БҰҰ-да жасаған ұсыныстары.

1. Әлемдік қауымдастықтағы БҰҰ-ның орны мен рөлі және маңызы. Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болуы.

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) – дүние жүзіндегі мемлекеттердің басым көпшілігін біріктіретін, ең ықпалды, әмбебап халықаралық ұйым. Басты мақсаты – халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтып, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту.

БҰҰ қызметінің негізгі принциптерін 1939-1945 жж. 2-дүниежүзілік соғыс кезінде антигитлерлік коалицияға ұйытқы болған мемлекеттер белгілеген болатын. КСРО, АҚШ, Ұлыбритания сыртқы істер министрлерінің Мәскеудегі кездесуінде (1943) және осы елдердің үкімет басшылары қатысқан Тегеран конференциясында (1943) берік те әділетті бейбітшілік орнату үшін демократиялық күштерді біріктіруге негізделген жаңа халықаралық ұйым құру мәселесі қозғалды. БҰҰ Жарғысының алғашқы жобасы 1944 ж. тамыз-қазан айларында өткен Думбартон-Окс конференциясында (АҚШ) жасалды. Қырым конференциясында (1945) Думбартон-Окс жобасы бірауыздан мақұлданып, сондай-ақ, Сан-Франциско конференциясында (1945, 26 маусым) БҰҰ Жарғысына байланысты принципті мәселелер шешімін тапты. Сан-Францискода өткен конференцияның жұмысына БҰҰ-ның құрылтайшы мүшелері ретінде 50 мемлекет қатысты. Жарғының күшіне енген сәті – 1945 жылғы 26 қазан жыл сайын «Біріккен Ұлттар Ұйымының күні» деп аталып өтеді.

БҰҰ қызметінің негізгі бағыттары – жер бетінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті жақтап, мемлекеттердің сан алуан саладағы ынтымақтастығына жәрдемдесу, адам құқылары мен бостандықтарын қорғап, халықаралық құқықты жүйелеу және оның прогрессивті дамуын қамтамасыз ету болып табылады.

БҰҰ-ның басты органдары – Бас Ассамблея, Қауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық және әлеуметтік кеңес, Халықаралық сот, Қамқорлық жөніндегі кеңес пен Хатшылық (секретариат). Штаб-пәтері Нью-Йорк қаласында (АҚШ) орналасқан. Женевада (Швейцария), Венада (Австрия) бөлімшелері жұмыс істейді.

БҰҰ-на Жарғыда бекітілген міндеттемелерді мойындайтын әрі оларды жүзеге асыра алатын ізгі ниетті мемлекеттердің барлығы да мүше бола алады.

Бас Ассамблеяның мәжілісіне БҰҰ-на мүше мемлекеттердің барлығының өкілдері қатысады. Бұл орган БҰҰ Жарғысы шегінде кез келген іс пен мәселені талқылау, мүше мемлекеттерге ұсыныс әзірлеу уәкілетін иеленеді, Қауіпсіздік Кеңесінің жыл сайынғы әрі арнайы баяндамаларын талқылап, бүкіл Ұйымның бюджетін қарап, бекітеді.

БҰҰ Жарғысының 24-бабына сәйкес Қауіпсіздік Кеңесіне халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жауапкершілігі жүктелген. Бұл органның ерекшелігі – Кеңестің 5 тұрақты мүшесі ғана шешім қабылдау кезінде бірауыздылық қағидасын қатаң ұстанады; егер олардың біреуі ұсынылған жобаға қарсы дауыс берсе, шешім қабылданбайды.



Хатшылық БҰҰ-ның атқарушы органы міндетін орындайды. Оған Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынысы бойынша, Бас Ассамблея 5 жыл мерзімге тағайындайтын БҰҰ-ның Бас Хатшысы басшылық жасайды.

БҰҰ құрамында әлеуметтік, экономикалық және гуманитарлық сала бойынша мамандандырылған 16 арнаулы мекеме (ЮНЕСКО, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Халықаралық еңбек ұйымы, Өнеркәсіпті дамыту жөніндегі мекемесі, т.б.), сондай-ақ, арнаулы комиссиялар (Халықаралық құқық комиссиясы, Халықаралық сауда құқығы жөніндегі комиссия) бар (Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 2-том. А., 1999. 509-б.).

Қалыптасқан геосаяси өмір болмысын және әлемдегі геосаяси күштердің қатарындағы өзінің орнын байсалды бағалай келіп, Қазақстан ТМД, сондай-ақ бүкіл әлем шеңберінде әр түрлі интеграциялық топтардың жұмысына белсенді түрде қатысуда, осы арқылы ол әлемнің ғаламдық проблемаларын шешуге өз үлесін қосып қана қоймай, сонымен бірге ұлттық мүдделерін де шешуге жол ашады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет