Оқулықтар мен әдебиеттер. «ҚР әлемдік қауымдастықта» пәні «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»


БҰҰ-да Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комис



бет33/62
Дата08.02.2022
өлшемі1,53 Mb.
#25034
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   62
БҰҰ-да Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасының (БЖКБ) жұмысына зор маңыз беріледі. БҰҰ БЖКБ-ның Орталық Азияға келуі 1993 жылдың ақпан айынан бастау алады, сол уақытта Тәжікстандағы азамат соғысының салдарына байланысты БЖКБ Душанбе мен Ташкентте өзінің өкілдіктерін ашты, ондағы мақсат Ауғанстаннан келген тәжік босқындарын орналастыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру еді. Орталық Азияның басқа да елдерін, оның ішінде Қазақстанды алатын болсақ, осы елдердегі БҰҰ БЖКБ өкілдіктері 1995 жылы ашылды, ондағы мақсат екі негізгі міндетті орындауды көздейді, олар:

БҰҰ БЖКБ мандатына жататын босқындарды халықаралық қорғауды қамтамасыз ету және оларға гуманитарлық көмек көрсету;

Босқындар және тұтас алғанда көші-қон мәселелеріне қатысы бар Қазақстанның мемлекеттік құрылымдарының, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдарының әлеуетіне қолдау көрсету және дамыту.

БҰҰ БЖКБ-ның Қазақстандағы қызметі бір бірімен өзара тығыз байланысты екі негізгі бөліктен тұрады, олар:

1)Анағұрлым мұқтаж босқындар мен олардың отбасы мүшелеріне шектеулі материалдық және медициналық көмек көрсетуден тұратын дәстүрлі қызмет. Бұл салада БЖКБ үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдар арқылы да бағдарламаларын жүзеге асырады. Оның үстіне БЖКБ тәжік босқындарының отанына ерікті түрде оралуы жөніндегі бағдарламаны жүзеге асырады. БЖКБ-ның бағалауы бойынша бүгінгі күні Қазакстанда негізінен Ауғанстаннан, Тәжікстаннан, Шешен-станнан, Ирактан, Суданнан және кейбір басқа елдерден келген 17 мыңға жуық босқындар бар.

2)Көші-қон саласында жоғары білікті ұлттық кадрларды даярлауға жәрдем көрсетуден тұратын дәстүрлі емес қызмет. Бұл салада БЖКБ жұмысы босқындармен байланысты мемлекеттік органдарға техникалық көмек көрсетеді. БЖКБ халықаралық құқық, баспана және тұтас алғанда адамның халықаралық құқығы мәселелері бойынша көптеген семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізу арқылы ұлттық кадрларды даярлау мен оқыту жөнінде байсалды жұмыс атқарады. Басқарма босқындармен жұмыс істеу үшін заңдық негізді құру ісінде ҚР-дың құзыретті органдарымен тығыз бірлесіп жұмыс істейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет