Салыстырмалы тұтқырлық ерітіндінің капиллиярлы вискозиметр түтікшесінен өту уақытының, еріткіштің өту уақытының (бірдей жағдайда өлшенген) мәндерінің қатынасына тең болады:
ηсал=τ/τ0
Меншікті тұтқырлық ерітінді мен еріткіштің тұтқырлықтарының айырмасының еріткіш тұтқырлығына қатынасын көрсетеді:
ηмен=(τ─τ0)/τ0=ηсал-1
Келтірілген тұтқырлық полимердің меншікті тұтқырлығының оның концентрациясына қатынасына тең:
ηкелт = ηмен/С = (ηсал – 1)/С
Сипаттамалық тұтқырлық [η] деп полимер ерітіндісінің концентрациясы нөлге ұмтылған кезде, келтірілген тұтқырлықтың ηмен/С мәнін айтады.
Сипаттамалық тұтқырлықтың мәні графиктен (өрнектеп) полимердің концентрациясы нөлге ұмтылған кездегі ηмен/С мәнін экстрополяциялау арқылы табады. Демек,
(ηмен/С)с→0=[η]
Ерітіндінің концентрациясы 100 г еріткіште еріген полимер мөлшерінде көрсетіледі. Тұтқырлықты анықтау үшін вискозиметрлер қолданылады, белгілі (тұрақты) температурада полимердің әр түрлі концентрациясы мен еріткіштің вискозиметрдің дөңгелек көлемінен өту уақытын анықтайды есептелу арқылы ηсал, ηмен, ηмен/С мәндерін тауып, ηмен/С қатынасының концентрацияға (С) байланысты өрнегін тұрғызып, С нөлге ұмтылғандағы түзу сызықты экстрополяциялау арқылы [η] мәнін қойып, 2-кестеде келтірілген К мен α-ның мәндерін қойып, полимердің молекулалық массасын анықтайды.
Жұмыстың сипаттамасы.
Жұмыстың мақсаты:
- Уббелоде вискозиметрінде жұмыс істеу принципімен танысу;
- полимердің молекулалық массасын вискозиметрлік әдіспен анықтау;
- Марк-Кун-Хаувинк теңдеуі бойынша полимердің молекулалық массасын есептеу.
Реактивтер
Полимердiң ерiтiндiсi – 10 мл (C=0,1 г/10мл)
Ерiткiш – 50 мл
Қажетті құрал-жабдықтар:
Термостат
Вискозиметр
Секундомер
Ризинадан жасалған сорғыш
Жалпақ түпті колба, көлемі 50 мл
Достарыңызбен бөлісу: |