Абдықалыкова Р.А., Рахметуллаева Р.К. Полимерлердің химиясы мен физикасы // Оқу құралы. Алматы, «Қазақ университеті», 2015. 11-14, 128-139 беттер.
Семчиков Ю.Д. Высокомолекулярные соединения. – Н. Новгород: Издательство Нижегородского государственного университета им. Н.И. Лобачевского, 2003. Стр. 34-40, 118-124.
Зезин А.Б. Высокомолекулярные соединения: учебник и практикум для академического бакалавриата. – М.: Издательство “Юрайт”, 2016. Стр. 44-47, 79-87.
Киреев В.В. Высокомолекулярные соединения: учебник для академического бакалавриата. – М.: Издательство “Юрайт”, 2015. Стр. 24-26, 126-144.
Тұтқырлық әдісімен анықталған полимердің молекулалық массасы орташа тұтқырлық молекулалық масса (Мη)деп аталады.
мұндағы К және α параметрлері еріткіштің сапасына және макромолекуланың конформациясына тәуелді болады.
Көбінесе α-константасы 0,5 пен 0,8 аралығында жатады. Тұтқырлық полимерлердің молекулалық массасын анықтаудың абсолютті әдісі емес. К мен α-ны анықтау үшін, басқа да дәлірек, атап айтқанда седиментация, сәуле шашырату т. б. әдістері қолданылады.
Полимерлердің орта салмақтық (Мw) және орта сандық (Мn) молекулалық массаларының қатынастары (Мw/Мn) олардың полидисперстілігін көрсетеді. Полимердің тұтқырлығын анықтау үшін, еріткіш (τ0) пен полимер ерітіндісінің (τ) капиллярлы вискозиметр түтікшесінен өту уақыттарын белгілі бір температурада анықтайды.