Байланысты: Информатикадан оқушылардың іс-әрекетін бақылау мен бағалау негіздері
Жазбаша бақылау тапсырмалары: сыныптық және үй жазбаша жұмыстары, бақылау және өзіндік жұмыстары, диктант, реферат және т.б. жазбаша жұмыс барысында оқушы тек ғана өзінің білімін көрсетіп қоймай, сонымен бірге білімін тәжірибе жүзінде немесе әртүрлі мәселелерді шешуде қолдана алуын көрсету керек. Жазбаша бақылау әдістерінің епті қолдану нәтижесінде мынадай білік пен дағдыны қалыптастыруға болады: жазбаша сөйлеу дәрежесі, мәтінді логикалық және адекватты тұрғыдан дұрыс беру, мәселеге өзіндік баға беру және т.б.
Жазбаша бақылау әртүрлі дербес және қорытынды бақылау жұмыстарын жүргізуден тұрады. Дербес бақылау жұмысы – оқушылардың білім және біліктерін курстың кішігірім (әлі өтіліп бітпеген тақырып) тақырыбы бойынша аз ғана уақыт (15 – 20 минут) аралығында тексеру. Бұл дербес бақылау жұмысының маңызды мақсатының бірі оқушылардың оқу мәселелерін шешудің әдістерін түсінгендігін, ұғымды түсінгендігін, нақты ережелер мен заңдылықтарға бағытталуын тексереді. Егер дербес бақылау жұмысы білік пен дағдының қалыптасуының алғашқы сатысында жүргізілген болса, онда ол бағаланбайды. Оның орнына мұғалім оқушылармен біріге отырып орындайтын оқушылардың жұмыс талдауының дәлелді түрін береді. Егер білік орнығу, автоматтандыру кезеңінде тұрған болса, онда дербес бақылау жұмысы бағамен бағалануы мүмкін.
Дербес бақылау жұмысы жаппай, кішігірім топпен және жеке оқушының өзімен жүргізілуі мүмкін. Мұндай бақылаудың мақсаты оқушылардың жеке-дара ерекшеліктерімен, олардың білім алуға деген қызығушылығына, алға ұмтылу қарқынына байланысты анықталады. Сонымен, мысалы, жеке-дара бақылау жұмысын сабақтан көп қалған оқушылар, бағдарламаның белгілі бір бөлімін түсінбей қалған, бәсеңдетілген немесе жеделдетілген қарқында жұмыс істейтін оқушылар орындауы мүмкін. Жеке-дара бақылау жұмысын, сонымен қатар, ұялшақ, жасқаншақ оқушылардан, тақтада жауап беру барысында қысылатын оқушылардан мақсатты түрде жүргізуге болады. Бұл жағдайда жақсы орындалған тапсырма оқушыны ашық түрде қолдаудың, өзінің жеке күшіне деген сенімділігін тәрбиелеудің негізі болып табылады.
Сонымен қатар, ұзақ емес (5 – 10 минутқа) уақытқа есептелген динамикалық дербес бақылау жұмысын жүргізу ұсынылады. Бұл перманентті бақылау және оқу материалын түсіну жолдарын түзету және оқушыларды оқыту әдісінің дұрыс таңдалғандығына мүмкіндік беретін оқушылардың білім және білігін курстың жеке маңызды сұрақтары арқылы тексеру әдісі. Мұндай жұмыс үшін мұғалім әрбір оқушыға жасалған дербес тапсырмаларды, оқытушы тексттерді, тесттік тапсырмаларды, кестелерді пайдаланады.
Толықтырылған сұрау тәжірибесі жазбаша бақылау әдісінде пәндік (ақпараттық) диктанттың пайда болуына әсер етті. Мұғалім қысқа сұрақтар оқиды немесе алдын-ала дайындалған карточкаларды таратады, соның нәтижесінде ол оқушылардың парақтарда орындалған жазбаша жауап алады. Жазбаша сұрау бір сабақтың үстінде барлық сыныпты бағалауға мүмкіндік береді. Диктант тест түрінде де жүзеге асырылады.
Бақылау жұмысы – оқушылардың білім, білік және дағдысын, соныме қатар шығармашылық мүмкіндіктерін бақылаудың тиімді әдісі. Әдістің мәні – белгілі бір бөлімді немесе тарауды аяқтаған кезде мұғалім жазбаша немесе тәжірибелік тұрғыды оқушылардың білім, білік ж»не дағдысын тексере алады.
Тексеру (өзіндік, бақылау) жұмыстарын орындау кезінде келесі моменттерді ескеру керек:
бақылау жұмысын мұғалім материалды оқушылардың толық қабылдап болғанынан кейін ғана жүзеге асыра алады;
когнитивті психология бақылау жұмысын жаңа тақырыпты бастағаннан кейін өткізген дұрыс деп есептейді. Көбінесе өтіп кеткен тақырыпқа жаңа маретиалды меңгеру барысында «сырттан қарау» өткен материалға жаңа көзқарас туындатады.
бақылау жұмысынан 1-2 апта бұрын бақылау жұмысы болатындығы туралы хабарлау және соған сәйкес дайын жұмыстарын жүргізу қажет. Бақылаудың алдында алдын-ала тексеру жұмыстарын өткізу пайдалы, ол оқушылардың дайындық деңгейін анықтауға көмектеседі.
бақылау жұмысының мазмұны өткен материалдың негізгі мәлелерінен құрылуы керек және жауабы оқуылардың өзіндік ойы мен шығармашылық қатынасты талап ететін сұрақтардан тұру керек. Осының негізінде оқытудың дамытушылық қызметі жүзеге асырылады.
бақылау жұмысын орындау барысында оқушылардың толықтай өз ойларынмен, білімдерімен жауап бергенін қамтамасыз ету керек. Сыныптастарынан көшіруге немесе көмек сұрауына жол бермеу керек. Бұны жүщеге асыру үшін бір тапсырманың әр түрлі нұсқаларын ұсыну және оқушыларды жеке-жеке партаға отырғызу орынды.
бақылау жұмысын орындау ережелерін (алғашқы бетінің, тапсырмалардың жауаптарының толтырылу үлгісін, компьютерде орындалатын тапсырмалардың сақталатын жерін) тапсырмаларды таратпастан бұрын түсіндіру керек. Әйтпесе оқушылар бақылау жұмысын жасау барысында қисынды мұрақтар қоюы ықтимал.
бақылау кезінде мұғалімнің сыныпты аралап жүруі оқушыларды сұрақ қобға итермелейді.
бақылау жұмыстары, мүмкіндігінше, аптаның бірінші жартысында және екінші немесе үшінші сабақта өткізілуі тиіс. Бақылау жұмыстарын аптаның соңында немесе сабақтардың соңында өткізу, оқушылардың күндізгі сабақ бойын шаршауына байланысты, оқушылардың білім деңгейін төмендетуі мүмкін. Сондықтан бірнеше бақылау жұмыстарын бір күнде орындауға болмайды.
мұғалім бақылау жұмыстарын ұқыпты тексеру және объектілі бағалау, тапсырманы орындау сапасын талдау, оқушылардың жіберге қателіктерін ескере отырып, жұмыстың қателіктерін дұрыстауына мүмкіндік беру керек.
Оқушылардың үй жұмыстарын тексеру. Оқушының үлгерімін бақылау мен бағалау үшін үй тапсырмаларын тексерудің алатын орны ерекше. Бұл мұғалімге оқушылардың пәнге деген қатынасын, оқытылып жатқан материалды меңгерілуінің сапасын, тапсырманы орындаудың өзіндік дәрежесінің қаншалықты екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Үй тапсырмасын тексеру әр сабақта қандай формада болса да жүзеге асырылуы тиіс. Сонымен қоса, мұғалім арасында оқушылардың дәптерін арнайы тексеруге және бақылауға жинауы тиіс. Ал үлгерімі нашар оқушылардың үй тапсырмаларының барлығын күнделікті тексеруі тиіс.
Информатикадан үй тапсырмасын тексеру кезінде мынадай ережені пайдаланукерек. «Бір апта кешіккен жұмыстың нәтижесінен бір балл алынып тасталады». Орындалатын тапсырма периоды сәйкесінше 1-2 апта болуы тиіс. Егер оқушы тапсырманы уақытында тапсырса, онда соған сәйкес бағасын алуы тиіс. Егер оқушы белгілі себептермен (ауырып қалса) тапсырманы уақытында тапсырмаса, онда балл алынбайды, әрине құдаттарын көрсеткен жағдайда. Оқушы тапсырманы уақытынан кешіктіріп «өте жақсыға» тапсырса да «жақсыға» бағаланатынын біліп жүруі тиіс. Мұндай қатынас қажеттілік бойынша үй тапсырмасының орындалу уақытын көбейтсе де, тапсырылмаған үй жұмыстарының санын арттырады. Сонымен қатар, мұндай принцип оқушылардан өз іс-әрекетерін ұйымдастыруды және қабылдаған шешімдеріне жауапкешілікпен қарауды талап етеді.