Оқушылардың білімін тексеруге арналған тақырыптық сұрақтар мен тапсырмалар Зат есім Бағалануы: «5» 23-25



бет2/5
Дата27.11.2022
өлшемі122,5 Kb.
#52929
1   2   3   4   5
Сын есім

  1. Заттың, құбылыстың сын-сипатын, көлемін, түр-түсін, сапасын білдіретін сөз табы: __________________

  2. Сұрақтары:____________________________

  3. Сәйкестендір.



1.Заттың түрін, түсін білдіретін сөздер

1.Биік үй, кіші інісі, тар бөлме, ұзын ағаш, қысқа жіп, жеңіл жүк.

2.Заттың көлемдік, аумақтық, салмақтық белгісін, сынын білдіретін сөздер

2.Жақсы сөз, жаман ырым, сараң адам, тентек бала, алғыр бала, зерек оқушы, жалқау кісі.

3.Заттың сапалық белгісін, сипатын білдіретін сөздер

3.Ақ қағаз, көк сия, қара костюм, сұр бұлт, құла бие, күрең ат, қызыл сиыр, жасыл жапырақ.

4.Заттың дәміне, иісіне және басқа сипаттарына байланысты білдіретін сөздер

4.Балалы үй, тасты жер, білімді жігіт, көтеріңкі көңіл, сусыз арна, қысқы каникул, аспалы шам, жазғы демалыс, төменгі ағыс.

5.Затқа, қимылға, іс-әрекетке, мезгіл-мекенге қатысты сынды білдіретін сөздер

5.Ащы пияз, тұщы су, қышқыл қымыз, тәтті тағам, жұмсақ төсек.



  1. Сын есім тұлғасына қарай түрлері_______________________




  1. Сын есім құрамына қарай түрлері_______________________




  1. Қосымшасыз түбір күйінде жұмсалатын сын есімді _________

дейміз.

  1. Басқа сөз табынан жұрнақ арқылы жасалған сын есімді ____________

дейміз.

  1. Негізгі сын есімге жататын сын есімдердің астын сызып көрсет: көшпелі, тасты, өткір, таза, жақсы, азаматтық, тарихи, діни, үркек, қысқы, үстеме, көтеріңкі, сары, терең.

  2. Көрсетілген жұрнақтардың әрқайсысынан туынды сын есім жаса.




-лы, лі







-ды, ді







-ғы, гі







-шыл, шіл







-и, ы







-ғыш, гіш









  1. Сапалық сын есім мен қатыстық сын есімнің айырмасы ____________________________________________________ байланысты болады.

  2. Түбір сын есімнің өзінен болып, заттың сынын, түр-түсін, тікелей анықтайтын болса, ол ________________________ сын есім болғаны.

  3. Туынды сын есім қандай сөз таптарынан жасалады, көрсетілген сын есімдердің астын сыз: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу.

  4. Заттың сын-сипатын, әртүрлі белгісін, басқа сөз табының қатысы арқылы білдіретін сын есімді __________________________________ дейміз.

  5. Сын есімнің шырайлары:________________________________________________

  6. Заттық мағынада (заттануы) жұмсалып тұрған сын есімнің астын сызып көрсет: Күштілерім сөз айтса, бас изеймін шыбындап: әлсіздің сөзін салғыртсып, шала ұғамын қырындап (Абай).

  7. Біркелкі сындардың бірінен екіншісінің артық я кемдігін салыстыру арқылы көрсететін шырай түрі______________________________________________

  8. Біркелкі сындардың бірінің екіншісінен өте артық не өте кем екендігін көрсететін шырай түрі_______________________________________________________

  9. Барлық сапалық сын есімдерге жалғанып, салыстырмалы шырай жасай беретін жұрнақтардың тұсына белгі қой:

1) –рақ, рек, ырақ, ірек;
2) -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу;
3) –ғыл, -қыл, ғылт, қылт, ғылтым, қылтым;
4) –шыл, -шіл, -шылтым, -шілтім;
5) –ғыш, -ілдір.
6) –аң, -қай, - ша, -ше.

  1. Күшейткіш буын үстелгенде бірігіп жазылатын екі сөзді жаз:_________________________________

  2. Қосарлану, қайталану арқылы жазылған сын есімдер қалай жазылады:_______________

  3. Жап-жасыл, аппақ, әп-әдемі сөздері құрамына қарай дара, күрделінің қайсысы? Астын сызып көрсет.

  4. Сын есімнің сөйлемдегі негізгі қызметі:_________________________________ Неліктен? Себебі ____________________________________________________

  5. Сын есімнің жіктік тұлғада тұрып атқаратын қызметі: _____________________

  6. Сын есім сөйлемде етістіктің алдында тұрып, қимыл, іс-әрекеттің сынын білдіріп, атқаратын қызметі:____________________________________________________

  7. Сын есім қай септіктерде тұрса, толықтауыш қызметін атқарады? Астын сызып көрсет.: Атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет