- Нікі, - дікі, - тікі - Нікі, - дікі, - тікі қосымшалы сөздердің синтаксистік қызметі жөнінде түркологияда көптеген пікірлер бар.Аталған құранды жұрнақтың ілік септігінен қалыптасқандығын ғалымдар дұрыс көрсеткенімен, оның құрамындағы –кі аффиксінің табиғаты туралы әр түрлі пікірлердің (бірі сын есім тудыратын жұрнақ десе, енді бірі тек омонимдес мағынасы басқа қосымша деп таниды) болуы, оның синтаксистік қызметі жайында нақты тұжырым жасауға қиындық келтіреді.Осыған орай қазақ тіл білімін де кейбір ғалымдар мұны таза баяндауыштық тұлға деп көрсетсе (Бегалиев Ғ., Сауранбаев Н. Қазақ тілінің грамматикасы. А. 1944, 138 – бет.), екінші тобы бұл тұлғадағы сөздердің түрленіп, сөйлемнің өзге де мүшесінің қызметін атқаратынын көрсетеді (Ағманов Е.Қазақ тілінің тарихи синтаксисі. А. 1991, 220 – бет. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. А. 1966, 95 – бет.). Расында да, тіліміздегі –нікі, - дікі, - тікі қосымшалы сөздері жіктік жалғауын қабылдап баяндауыш, септік жалғауында тұрып сөйлемнің өзге мүшелерінің де қызметін атқаратынын тіл фактілері көрсетіп отыр.Мысалы, табыс септігінде: Өзімдікін жөн екен деді де, ұмтылып кеп құлаштай тұрып жігітке қамшы сермеді (Ж.Т.), барыс септігінде: Кәрімбек жайбарақатсынды. – Түн ішінде хан иемді мазаламай – ақ біздікіне сәл тыныстап, таң ата жетерміз (Х.Ә.). Сондай – ақ тілімізде осы жұрнақтың жіктеліп қолданылу үлгісінің барлығы (Мен сіздің ауыл – дікі – мін.Сен біз – дікі – сің.Ол ме – нікі.) оның предикаттық қосымша емес екенін нақтылай түседі.
Осы сияқты –нікі, - дікі, - тікі қосымшалары да өзі қосылып айтылған сөздеріне тәуелдік мән үстейді.Мысалы, Оралдікі десек, бір заттың Оралға тән екендігін аңғартады.
- Сыз, -сіз - жіктік жалғауы, сын есім тудыратын жұрнақ, болымсыздық мағына.
Сын есімдегі болымсыз мағына – сыз, - сіз жұрнағы арқылы беріледі.
– Сыз, - сіз жұрнағы негізгі және туынды есімдерге заттың белгілі бір сапасының, белгісінің (түсінің, қасиетінің) жоқтығын білдіретін туынды сын есімдер жасайды. –Сыз, -сіз жұрнағы арқылы берілген болымсыз мағына –лы, - лі, ( - ды, - ді, - ты, - ті) жұрнақтары арқылы жасалатын туынды сын есім мағынасына әрқашанда қарама – қайшылықта қолданылатындығы қазақ тіл білімінде танылған, тұрақталған: -Сыз, - сіз жұрнағының – лы, -лі жұрнақты мағынаға семантикалық қарама – қайшылығы туынды сын есімдер білдіріп зат белгісінің анықтауыштық қатынаста қолданылған жағдайда айқын көрінеді. Мысалы: Сусыз жердің шөбі арық (мақал). Айсыз аспанда сансыз жұлдыздар жымыңдайды (Р.Р.).Адырсыз, жотасыз жазық дала (Ғ.Мүсірепов).Келтірілген мысалдардағы «айсыз, адырсыз, жотасыз» туынды сын есімдер.Сол есімдердің –лы формасы арқылы берілетін болымды белгі – сапаның толық еместігін, жоқтығын білдіреді. –Сыз. –сіз жұрнақтарының жоғарыда көрсетілгендей қызметі өте кең, ауқымды болып келеді.
Сын есімдегі болымсыздық мағынаның берілуі жайында айтылғандарды қорытындылайық. Біріншіден, сын есімде болымсыз мағына беруге қатынасатын көрсеткіштердің қатары молырақ.Екіншіден, болымсыз мағына беруге қатынасатын көрсеткіштердің қолданылу аясы өз ішінде бірдей емес.Олардың ішінен ғалымдар зерттеушілер – сыз, - сіз аффиксінің өнімділігін көрсетеді.