Оқушылардың ғылыми – зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру (әдістемелік – көмекші құрал) Алғы сөз



бет9/28
Дата04.11.2023
өлшемі379,5 Kb.
#121891
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28
Байланысты:
гылыми лицензия

- Ды, - ді, - ты, - ті қосымшасын – етістіктің жіктеулік сөзбайлам қосымшасы негізінде зат есімнің жіктік жалғауымен тікелей байланысып жатады.Сол себептен де көптеген зерттеулерде зат есімнің жіктелуі деген жерде, бір үлгіге сыйдырып, тікелей етістікке тән - м, - қ, - к, - ң – ды, - ді жалғауларын да атап жібереді.
Шынында жіктік жалғауы да іштей екі топқа бөлінеді.Оның бірі – зат есімге, екіншісі – етістікке тән жіктік жалғаулары.Олардың ішінде тұлға жағынан екеуінде бірдей қолданылатын –мын, - мін, -тын, -тін, - мыз, - міз – пыз, - піз, - сың, -сің, - сыз, - сіз, - сыңдар, - сіңдер сияқты жалғаулар да бар.
Шақ категориясын сөз еткенде, әрқашан шақтық ұғымды есімше мен көсемшенің тұлғажасам аффикстері арқылы жасалған форманттардың беретін грамматикалық мағынасымен байланысты сөз ету әдеті бар. Мәселені осылай қарағанда, шақтық ұғымды білдіретін қосымшалар етістіктің әр түрлі категориясының иесіне бөлініп кетеді, шақ категориясына тән тұлғажасам қосымша тек қана –ды, -ді, -ты, -ті болып қалады.Оның өзін де барлық жерде бірдей емес, тек түбір етістікке тікелей жалғанып айтылған кезде ғана өткен шақтық мағына береді. Мысалы, айт + ты, сөйле + ді, кел + ді.Смағұл гармонь тартып, жыр жырлады (Б.Соқпақбаев).Жастар, сендердің білімдерің көп, бірақ біз алпысқа келдік (Ж.Молдағалиев).
Бұл – ды, - ді аффиксінің көмекші етістіктердің құрамында айтылатын түрі, шынына келгенде, шақ жұрнағы емес, үшінші жақтық жіктік жалғауы болып танылуы керек.Мысалы, барған еді, баратын еді, барып еді дегендерде өткен шақты білдіріп тұрған қосымшалар –а, - е, -й жұрнақтары. Демек, бұл келтірілген мысалдарда беріліп тұрған өткен шақ және келер шақтық мағыналарға –ды,- ді аффиксінің ешбір қатысы жоқ.Олай болса бұл мысалда келтірілген сөздер құрамындағы –ды, - ді жұрнағын шақтық мағына беретін қосымша деп атауға болмайды деген пікір де бар.Осы пікірге қарама – қарсы –ды, - ді жұрнағы етістік түбірге тікелей жалғанып, бар + ды, кел + ді, қара+ ды сияқты болып қолданылса, өткен шақтың жұрнағы болып қызмет атқарады.Бұл қолданысты бара – ды, келе- ді, қарай-ды дегендегі –ды, - ді аффиксімен бір дәрежеде қарауға болмайды.Алғашқыда -ды, - ді өткен шақтық мағынаны білдіретін қосымша түрінде айтылып тұрса, соңғы да үшінші жақ жіктік жалғауының қызметін атқарып тұр.Осы тұрғыдан келгенде, бұл қосымшаны омоним аффикстер қатарына жатқызуға болады.
Осыған орай, айтылуы бір – ды, -ді, -ты, -ті қосымшалары төрт түрде жұмсалатындығына көз жеткізіп отырмыз.
- табыс септік жалғауында: кітапты, дәптерді, қаламды т.б.
- жіктік жалғауының ІІІ жағы : барады, сөйлейді, қарайды т.б.
- өткен шақ жұрнағы: келді, түсті, өтті т.б.
- сын есім тудырушы жұрнақ: көлді, көрікті, ұғымды т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет