Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай танымдық Қабілеттерін арттыру



бет22/22
Дата06.01.2022
өлшемі7,17 Mb.
#12687
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
1-жүргізуші: Қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Өтті оқу сан сабақ

Бүгін үлкен салтанат

Оқулықпен достасып

Әліппемен қоштасып



1-жүргізуші: Өтті қызық көп күндер,

Алты жасқа жеттіңдер,

Келдіңдер де мектепке

Бір белестен өттіңдер.



2-жүргізуші: Өсті міне бойларың,

Өсті ақыл ойларың,

Қуанышқа ортақпыз,

Құтты болсын тойларың – дей отырып ендігі кезекті Әліппемен қоштасқалы отырған оқушыларға береміз.



Хор: «Ұстазым»
1-жүргізуші: Олай болса, ең қымбат досымыз Әліппені ортаға шақырайық!

Хор: Әліппе! Әліппе! Әліппе!

2-жүргізуші: Жақсы досым келіңіз,

Тамашаны көріңіз

Төрімізде орын бар,

Құтты мейман болыңыз.



Әліппе: Армысыңдар жас достар

Армысыздар ата –ана

Болашаққа жол бастар,

Әліппең келді ортаға!

1-жүргізуші: Ой білімі арғымақ,

Тақпақ айтып тақылдап,

Тыңдайықшы жарқылдар, - дей келе кезекті бүлдіршіндерге

берелік.


1-оқушы: Күн нұрындай білімнің

Күнімен мол білімнің

Құттықтаймын достарым

Құтты болсын ұлы күн.



2-оқушы: Әліппем менің, Әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің

Ертеңгі сәуле жарықпен



3-оқушы: Әліппені бастадым

Есепті де үйрендім

«Бестік» баға алған күн

Масаттанып үйге ендім



4-оқушы: Түсінбеген жерімді

Мұғалімнен сұраймын

Әріптерді тізілтіп

Сөзді өзімше құраймын



5-оқушы: Оқуды көп ойладық

Қызығғына тоймадық

Әріптерді үйреніп

Сауат аштық ойланып



6-оқушы: Барлық әріп бағалы

Айттық әділ бағаны

Әріпсіз сөз болмайды

Буын онсыз толмайды

Адам барлық әріпті

Ардақтайды, қолдайды.



7-оқушы: Әсем ою-өрнекпен

Көмкерілген Әліппем

Сен болмасаң білімге

Бастайтын жолды біліп пе ем?



8-оқушы: Бар кітапқа бас болған

Әліппе ғылым атасы

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы

Әліппе деген – алтын жол

Апарар сені алысқа

Әліппем, менің әліппем

2 -жүргізуші: Ал, балалар сіздердің тойларыңа ең жақын достарың келіп тұр. Қарсы алайық.

Қоңырау: Саламатсыздар ма балалар, менде сендердің мектептегі достарыңның бірімін, сіздер мені өте жақсы көресіңдер. Солай ма....?

(Балалардың жауабы) Иа а а а...

Қоңырау: Өйткені мен сіздердің бойларыңды, ойларыңды сергітіп, бір – біріңмен мәз – мейрам қылам, ал кеттік...

( Барлығы сергіту сәтін жасайды)

Сергіту сәті: Шынықтырып денені

Тісін жуып, тазалап

Мектебіне барады

Міне, нағыз азамат!

Орамалы қалтада

Үсті, басы тап - таза

Отырады партада

Міне, нағыз азамат!

1-жүргізуші: Не үйрендік, не білдік,

Қане ортаға салайық.



2-жүргізуші: Міне, қызық; Бүлдіршіндеріміз әліппені оқи отырып «Жаңылтпаш» айтуды да меңгерген екен.

  1. Мұз мұзға ұқсас

Тұз тұзға ұқсас

Мұзда тұзда ұқсас



  1. Бүлдір, бүлдір бүлдіршін,

Бұл бір қызық бүлдіршін

Білгірлігін білдірсін.



  1. Шамалы шыршасы шырайлы,

Шынары ішінара ұшырайды.

  1. Жағажай

Жағажайда Қамажай,

Жағажайда жағалай

Жүгіреді Қамажай


  1. Үш кіші ішік піштім,

Бес кіші ішік піштім,

Неше кіші ішік піштім?



  1. Қыс қатты –ақ,

Қыспаққа – ап

Құс тоңып жүр

Қыстап қап.


  1. Қабат – қабат үй салдық,

Үйлер толы күй сандық

Күй сандықтан үй салдық,

Күй сандыққа күй салдық.


  1. Бүлдіргенді Бүлдірген,

Күлдіргенді күлдірген,

Күлдіргенде Бүлдірген

Бүлдіріп ап күлдірген,

Дейді екен бүлдірмен.



1-жүргізуші: Келесі, кезекті балғын домбырашыларға береміз.

  1. Моцорт «Алегретто»

  1. Қуатбаев «Сурет сабағы»

2-жүргізуші: Сіздер әр сабақта жақсы сөздермен танысасындар. Сыпайылыққа, адамгершілікке, әдептілікке, кішіпейілдікке үйреніп келесіңдер. Егер сендер осы кезден әдепті болып өссеңдер, есейгенде ата – анаңның, өз Отаныңның мақтанышына айналасыңдар.

1-жүргізуші: «Мақал–сөздің мәйегі» – дегендей бүлдіршіндердің мақалдарын тыңдалық.

  1. Білекті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар.

  1. Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.

  1. Әдепті бала арлы бала,

Әдепсіз бала сорлы бала.

  1. Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды.

  1. Туған жердей жер болмас

Туған елдей ел болмас

(Қоңырау өтеді) Сергіту сәті: Үйрек аузын ашады



Қанаттарын қағады

Бір отырып, бір тұрып

Билеп – билеп алады.

2-жүргізуші: Келесі кезекте Хор: «Әліппе»

1-жүргізуші: Ақыл ойым кеңейді,

Сөздік қорым көбейді,

Жасырын сөзді табуға

Жұмбақ шештік жабыла – деп бүлдіршіндердің жұмбағын ойланып, тез шешейік.



  1. Жазу – жазып жалықпаған,

Жаза жаза арықтаған (бор)

  1. Қабат – қабат қаттама,

Ақылың болса аттама (кітап)

  1. Өшірді, сүртті,

Өзгені құртты,

Өзін де құртты. (өшіргіш)



  1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазумен тұр бойын да. (сызғыш)

  1. Үйреткен і лімді

42 білімді (Әліппе)

  1. Бетін адам ашады,

Білім нұрын шашады. (кітап)

2-жүргізуші: Кішкентай әншіміз Назымның орындауында ән:

«Рахмет, саған әліппем!»

1-жүргізуші: Қош бол, құтты Әліппем!

Көп нәрсені үйреттің

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып, сөйлеттің! – деп сөз кезегін Әліппе досымызға беремін.



ӘЛІППЕ.

Рахмет, құрметті оқушылар мен сіздерге өте ризамын. Мені жақсы меңгердіңдер, таза ұстадыңдар. Адамгершіліктеріңе көп рахмет, кішкентай достарым.

Ризамын, құрметті шәкірттер,

Меңгердің болмадың басқа тер,

«Ана тілі» атты әпкем бар,

Сендерді жетелеп әкетер.



2-жүргізуші: Біз енді «Әліппемен» қоштасамыз,

Жолына біздер оның жыр шашамыз,

Білімнің булағынан сусындауға

Көптеген кітаптармен достасамыз.



Әліппе: Қош сау болыңыздар, кішкентай шәкірттер.

Балалар. Қош сүйікті Әліппе!

1-жүргізуші: Хор: «Әліппемен қоштасу әні»

2-жүргізуші: Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз,

«Ана тілі» қуанышқа ортақ бол,

Әрі қарай сізден білім аламыз.



(Қоңырау ана тіліні ортаға әкеледі)

Ана тілі. Сәлеметсіз бе, балалар!

Тойларыңыз құтты болсын!

Сөйлетер сөзді шеберлеп,

Өзіңнің ана тіліңмен,

Байытып жақсы оқысаң,

Негізі менде білімнің.

Терең білім, ой саналы

Әрбір сезім, ой салады,

Ғылым, тәлім өнерім көп,

Достасқанға берерім көп.

1-жүргізуші: Балғын бишілердің орындауында биді қабыл алыңыздар

2-жүргізуші: Міне, балалар, әліппені толық аяқтадыңдар. Енді тек буын мен сөзді ғана емес әңгіме, ертегі оқып, хатта жазасыңдар.
1-жүргізуші: Міне, азаматсыңдар мектебіміздің үлгілі, білімді, саналы оқушыларын тыңдайық.

1-оқушы: Қоңырау үні мектепте,

Шақырады мені жолға алыс,

Әкетті мені жетектеп,

Арманға қарай сол дауыс



2-оқушы: Партаға тұңғыш отырдым,

Қалам алып қолыма,

Қалдырмай дәптер жолында,

Үйрендім көркем жазуды



3-оқушы: Сәлем алтын мектебім,

Алғыстарым көп менің,

Оқу, білім, тәрбие,

Ой санама еккенің



4-оқушы: Достарым көп, құрбым көп,

Мектепке де кірдім кеп,

Хат жазам-ау ағама,

Оқу оқып жүрмін деп.



5-оқушы: Осыдан да көлемді,

Оқи алам өлеңді,

Бардым бүгін мектепке,

Оқушымын мен енді.



6-оқушы: Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте,

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.



7-оқушы: Соғылған сомдап алтыннан

Әліппе білім бесігі,

Ашылды енді алдымнан,

Кең дүние есігі.



8-оқушы: Асыл сөзін тілімнің

Бойға құйған әліппе

Нақ бастауы білімнің

Қырық екі әріпте



2 жүргізуші: Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқашан,

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалам.



(Қоңырау өтеді) Сергіту сәті: Мынау менің жүрегім

Осыдан бәрі басталады

Мынау менің басым

Осы бәрін басқарады

Мынау менің оң қолым

Мынау менің сол қолым

Бір, екі, үш

Біз жинаймыз күш!

1 -жүргізуші: Міне, балалар сыннан да сүрінбей өттіңдер, білім жолындағы сапарларың сәтті болсын дей отырып, құттықтау сөз кезегін мектебіміздің директоры: Қартпағамбетова Дәмелі Қойбаққызына береміз.

2-жүргізуші: Келесі сөз кезегін мектеп директорының орынбасарлары Гүлмира Құспанқызы, Роза Қасқабайқызы, Бағдагүл Жақсылыққызы, Сауле Садуақасқызына сөз кезегін береміз.

Мұғалім сөзі: Міне, бүгін біз барлық ғылымның атасы, біздің болашағымыздың негізі Әліппені бітіріп отырмыз. Балалардың білімдері құтты болсын! Білімі артып, сөз байлығы молайып, санасы өсіп еліміздің тірегі бола берсін!

Әліппені бітірді балаларым

Әліппеден нәр алған даналарым.

Өзі жазып, оқитын кезге жетті,



Құтты болсын білімі балалардың!.

Балалар, ата – аналар! Мектептегі тұңғыш тойларың құтты болсын!

1-жүргізуші: Кішкентай әншіміз Назымның орындауында ән: «Ана»

2-жүргізуші: Баланы білімді саналы, ақылды, адам етіп тәрбиелеуде ата – аналардың үлесі зор. Сондықтан келесі сөз кезегін ата – аналарға береміз.

1-2 жүргізуші: Осымен бүгінгі «Білім басы - Әліппе!» атты ертеңгілігіміз аяқталды.

Сау, саламатта болыңыздар!
«Білім басы –бастауыш»

Мақсаты: Бастауыштан алған білім, білік дағдыларын ортаға салу. Өз өнерлерін көрсету.Ұйымшылдыққа, татулыққа,білімділікке баулу.

Сабақтың түрі: мерекелік шара

Сабақтың барысы:



Мейрамгүл: Қош келдіңіздер құрметті ұстаздар

Аида: Тойларыңыз құтты болсын!

Мейрамгүл: Білімдеріңіз мықты болсын!

Аида: Пейілдеріңіз ашық болсын!

Мейрамгүл: Пәле-жала қашық болсын!

Аида: Бізге мойын бұрып тұрыңыздар!

Мейрамгүл:Шапалақтарыңызды ұрып тұрыңыздар!

Аида: Армысыздар ардақты асыл қауым,

Бармысыздар есен сау батыл халқым,

Бастауышпен қоштасу тойымызға,

Келіпсіздер қуанып үлкен қауым.



Мейрамгүл: Ұлағатты ұстаздарым көрерменім,

Аяулы ата-аналар мерейлерім.

Қошеметпен,қол соғып шақырайық

Бітіруші4-класс түлектерін.



Аида: 4 «А»класы класс жетекшісі Сатыбалдина Гүлнұр Маратқызы

Мейрамгүл: 4 «Ә» класы класс жетекшісі Жубаниязова Орынгүл Жаулыбайқызы

Аида: Күні кеше ғана білім ордасына жанарымыз жаудіреп,тал бойымыз майысып,үркектей кірген кішкентай бүлдіршіндер едік,енді міне алғашқы басқыш бастауышты тәмәмдап,ортаңғы буынға көшкелі отырмыз.

Мейрамгүл: Ия,армандасақ да, қииялдасаң да, балалық шағың көз алдыңа келеді.Өйткені,биік асуға беттеген аяулы ғұмыр ғажайып өмір осынау бал балалық шақтан басталады.Міне, бүгін біздер тағы бір оқу жылын аяқтап,бір жасқа тағы да есейгелі отырмыз.Ендеше құрбылар,қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған білім нәрімен сусындатқан,өмірде өз жолымызды табуға жол сілтеген ұстаздарға, та-аналарға білім мен тәрбиені ұштастырып өнермен шашу шашайық!

Ортаға 4 «А»класс оқушыларын «Қазақ»биімен шақырамыз.



Қарсы алыңыздар!

Аида: Мейрамгүл,4 жыл бірге оқып келеміз, әрі доспыз. Сен менің сұрағыма тек шын жауап берші. Сен бастауышпен қоштасып жатқанына қуанасың ба? Әлде бастауыш мектепті қимай тұрсың ба?

Мейрамгүл:Оқушылар сіздерге өз ұстаздарыңызбен бірге білімдеріңізді әрі білімдеріңізді әрі кеңейтіп орыс тілі,ағылшын тілі,және музыканың сырын,домбыраның үнін,бидің ырғағын үйреткен ұстаздырымыз Светлана Азимовнаға,Қаламқас Гильманқызы, Жайнагүл Сисентайқызына ,Ырысты Серікбайқызына, Хасен Әбірешұлына,Гүлсім Мешітқалиқызына,Гүлнәр Анарбекқызына мың алғыс айтамыз.

А ида: Жол салдық білім атты тізгінінде

Бастауышқа қадам бастық бұл күнде.

Әр бір пәннің ұғынуға сырларын

Ұстаздардың еңбектерің зор бізге.



Мейрамгүл: Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып

Ана тілін білмеу қандай заңдылық

Өсер бабаң, байтақ далаң тұрғанда,

Қазақ тілі жасау керек мәгілік!



Аида: О,ұстаз мықты төзімдісің,

Қол бастаған батырдың дәл өзісің.

Шаршасаң да сездірмей күлімдейсің

Шәкіртім білім алсын,білісін дейсің.



Мейрамгүл: Ұстаздықты сүйіп таңдап қалады

Өнегесін жас ұрпаққа жараса,

Нағыз ұстаз міне осы дер едім.

Қиыны мен қызығына тоймаса дей келе кезекті Кезекті ------------------------хор .



Тақпақтар 6 оқушы.

Аида:Домбырашылар ансамблі

1.Сейтектің күйі «Тойбастар»

2.Ж. Илиясованың күйі «Тың толғауы»

3. Қазанғаптың күйі «Шыныаяқ»



4. Халық күйі «Нәр ағаш»

ІІ топ


  1. Халық күйі «Айжан қыз»

  2. Тастанов «Би күйі»

Мейрамгүл: 4 жылымыз 4 күндей –ай болмайды,

Ұстазымыз әр кез бізді қолдады.

Қабырғаңда өтті жақсы күніміз,

Әрқашанда ізденісте жүреміз.



Аида: Думан қызсын,көрсетсін ел өнерін,

Жатыр небір айтылып сөзде керім.

Ән бұлағы қайнарын қанып ішкен,

Көрсетсін оқушылар өз өнерін.



Тақпақтар 5 оқушы

4 «Ә»класс оқушысы Арықбаев Мирастың орындауында «Жаса Қазақстан» әнін қарсы алыңыздар.



Мейрамгүл:Расында,төрт жыл төрт күндей өте шықты ғой. Олай болса:

Қуаныштан алаулайды реңі

Толқып та тұр кеудедегі жүрегі

Есіңде қалсын ұстазымның мәңгілік

Шәкірттерді толқып айтқан тілегі.

Аида: Ал шәкірт не тілейсіз ұстазыңа,ұяңа,

Самғап білім іздейсіздер биіктерден,қиядан.

Сағынсаңдар келіп тұрған іні-сіңілі оқитын,

Білім алған ортаңа ұшқан ұяңа.



Тақпақтар: 6 оқушы

Мейрамгүл: Жетілкен ой сананы

Тәрбие әр сабағы

Алған сыннан өткізіп,

Қойған тұңғыш бағаны .



Аида: Сырын көз тастаған

Бастауыштан бастаған.

Көбейсе деп шәкірті,

Қиындықтан қашпаған.



Ән: Адиұлы Әділет, Аманжолов Досымжанның, орындауында мектебім әнін қабыл алыңыздар.



Мейрамгүл: Алдыңыздан бірінші рет хат танып,

Еліміздің салт дәстүрінен жаттадық.

Қандай адам жақсы ұстазын,

Білім берген жан дүниесін ақтарып.



Аида: Жалын атып,от боп бірге жанарсың,

Білім беріп содан бақыт табарсың .

Бар өмірің өрнектеліп баламен,

Жасарып бір мәңгі жас болып қаларсың дей келе Сергеев Мәуленнің орындауында «Ұстазым» өлеңін қарсы алыңыздар.





Мейрамгүл:Ұлылықты ардақ тұтар үнемі

Алтын ұя босаға киелі

Қанат қақан білім алып өзіңнен,

Күллі шәкірт басын иеді.



Аида: Ұлы өмірге жетелеп

Ашқан білім есігін

Ұмытпайық әрқашан

Сауат ашқан мектебін.



Тақпақтар 6 оқушы:

Мейрамгүл: Бастауыш дастан

Тәлімнің бәрін үйреткен

Ананы сүйіп ,әкені сыйлап

Пір еткен!

Сіңіріп бәрін бойыма алып барамын.

Жолдама етіп өмірге сапар мен шеккен!



Аида: Бастауыш дастан

Тәлімі терең тұңғиық

Берерің көп бойыма менің сіміріп.

Тұлғаң сенің тұрады менің алдымда.



Қасиетті сөзің тұрады менің жадымда.деп- Құмарова

Айтансықтың орындауында «Ең соңғы қоңырау әнін қарсы алыңыздар.



Мейрамгүл: Шамшырақ болғын,сөнбеген,

Өзіңсің арман сенгенім.

Ер жетіп бізде ақтармыз,

Ұстаздың адал еңбегін.



Аида: Тұрғандай мәңгі көкте күн,

Жыл сайын түлеп көктедің.

Құлпырып гүлдей жайнай бер,

Аяулы менің мектебім.



Тақпақтар: 7 оқушы.

Мейрамгүл:Ұстаз, Ұстаз!

Сен көрсеттің білім жолын іздеген

Жүріп кеттім мен де алға

Сіз көрсеткен ізбенен



Аида: Ұстаз,Ұстаз!

Ардақты да құдыретті бұл есім

Үнемі сен үлкен жүрегімнің түкпірінде жүресің.

Осы есімге үлкен менен кішіңіз.

Мәңгілік басыңызды иеміз! Дей келе – 4 «Ә»класс оқушыларының «Қоштасу вальсін» қарсы алыңыздар.

ПӘНІ

Әліппе

КЛАСЫ

1 «А» класс

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ

Тт дыбысы мен әрпі

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ


Т т дыбысы пен әрпін таныстыру;

- Бірлесе жұмыс арқылы жаңа ұғымдарды оқуға, жазуға, үйрену;

- Сыни ойлау қабілетін қалыптастыру;


КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ


Сабақта көңілді орта қалыптасады;

- Сыни ойлау дағдысы анықталады;

- Тыңдай отырып, ойын жеткізеді;

- Өзіндік көзқарасы жетіледі;

- Тұжырым жасауға дағдыланады;


ТҮЙІНДІ ИДЕЯ


Тынбаймыз, тыңдаймыз, талпынамыз, шыңдаймыз

Сабақ кезеңдері / уақыты

Сабақтағы іс-әрекет

Бағалау

Ресурстар

Кіріспе (сабақ басталмас бұрын оқушылар алдын-ала нені білетіндігін анықтау жұмыстары)

Психологиялық тренинг «Өзіме тілеймін».

ББҮ әдісі арқылы білетіндерін сұрау.

Іші толы әріпке

Мынау-әйбат Әліппе

Барлық ілім-білімнің
Әжесі- осы әліппе!


«От шашу» әдісі арқылы бағалау

Слайд

Жаңа материалдың таныстырылымы (оқушылардың жаңа тақырыпты оқып-үйренуі үшін қолданылатын жұмыс түрлері)

Топтастыру. «Буындармен топқа бөлу».

«ЖИГСО» әдісі. Топтық жұмыс.

І - топ «Топтастыру» сыни ойлау

ІІ- топ «Сөзжұмбақ».

ІІІ- топ «Сөз ойла-тез ойла».

IV-топ «Сурет салу».

(Өз тобында талқылап өзге топқа таныстырады).

Сергіту сәті. «Мен» тренингі.




«Басбармақ» әдісі арқылы бағалау

Сөздер жазылған қима қағаздар.

Жаңа материалды қолдану (сабақта қолданылатын нақты мысалдар, проблемалар, жобалар және т.б. )


Ойлан тап.

Оқулықпен жұмыс.

Мәтінді оқу.

Дәптермен жұмыс.




Смайликтермен бағалау




Қорытынды (оқушылардың оқып-үйрену нәтижесін анықтау үшін бағалау тәсілдерін (кері байланыс) қолдану)

ББҮ кестесі.








Өтебалина Д., Болысбаева М.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай танымдық қабілеттерін арттыру

Тіркеуге 12.01.2019ж. жіберілді.

Басуға 15.02.2019 ж. қол қойылды.

Пішімі 60х84/16. Қағазы офестік.


₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪₪

Ақтөбе облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының баспа қызметі және қоғамдық ортамен байланыс бөлімі – Ақтөбе қаласы, Тургенева көшесі, 86 үй. Тел: 56-05-37






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет