Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай танымдық Қабілеттерін арттыру



бет1/22
Дата06.01.2022
өлшемі7,17 Mb.
#12687
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
баст (Восстановлен)


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ


АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ




ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ САЙ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ

АҚТӨБЕ


2019

«Өрлеу» ҰБАО АҚ Ф Ақтөбе облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ғылыми

кеңесінде баспаға ұсынған

Мектепке дейінгі тәрбе және бастауыш білім кафедрасы




Пікір жазғандар:

Жұбаева Ж.О. – «Өрлеу» ҰБАО АҚ Ақтөбе ОБПҚБАИ аға оқытушысы

Займолдина Ж.Г. – «Өрлеу» ҰБАО АҚ Ақтөбе ОБПҚБАИ аға оқытушысы


Өтебалина Д., Болысбаева М. – Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы «№2 мектеп-гимназия» КММ бастауыш сынып мұғалімдері

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай танымдық қабілеттерін арттыру. - Ақтөбе: ред.-баспа бөлімі «Өрлеу» БАҰО филиалы – 2019. –56б.

Әдістемелік құрал бастауыш сыныптағы негізгі пәндерден алған білімдерін тереңдету, ойша ойлауын арттыру, ойнай отырып ойлану, танымдылығын, шығармашылығын дамытып, алған білімдерін өмірде қолдана білуге бағытталға. Осы құрал арқылы балаларға ана тілі, математика, әдебиетті оқу қызықты екендігіне сендіре отырып, жан-жақты ойлануға, өз ойын ашық айтып жеткізе білуге дағдыландыруға болады. Құралда ашық сабақтар, сыныптан тыс сабақтар, түрлі тапсырмалар.

.

©АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГ



ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ
КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Ендігі басты міндет – осы мемлекеттің өркендеп өсуі, халықтың әлеуметтік, экономикалық жағынан кемелденуі болып табылады.Мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық өсіп өркендеуінің түпқазығы - білім мен ғылым екені даусыз.Елімізідің болашақтағы дамуы, өсіп өркендеуі, әлемдік кеңістіктегі орны, білімнің бағыт - бағдарына байланысты болмақ. Бұл білім саласын соның ішінде білім саласынының мамандарын дайындауға үлкен жауапкершілік жүктейтіні түсінікті. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің реформалануы қоғамның демократиялық бағытта дамуға бет алғанын айқындайды. Осыған орай білімге деген көзқарас түбегейлі өзгеріп, оқытудың жаңа түрлері, жаңа бағыттағы мектептьер пайда болып, білім мазмұнының толығымен жаңаруына алып келді. Ұлттық экономикамызды дамытудың басты тапсырмасы – білім саласын адам ресурсын жандандыру.

Білім – қоғамды әлеуметтік мәдени, ғылыми үрдіспен қамтамасыз ететтін ғажайып құбылыс, жоғары құндылық. Осы ғылым мен білімнің жетістігін паш ететіне еліміздің болашағы жастар десек, жастардың болашағы олардың саналы тәрбиемен , сапалы біліммен қаруландырып, білімі озық елдердің әлемдік озық үлгісін, өнегесін, тәжірибесін үйрететін ұстаздар қауымына жүктелген еңбегіне байланысты болмақ. Осы кезде В.Г.Белинскийдің «Ұстаздың қолында адам өмірінің келешектегі тұтас тағдыры тұр» - деген сөзі еріксіз еске түседі. Өйткені ұстаз – болашықтың тұтқасы, жас ұрпақты тәрбиелеу және терең де жан-жақты білім беру сіндегі қоғамның жұрт сенген өкілі. Ол жас ұрпақ бойына білімді, әдепті, дүниетанымдылық, өмірген деген өмірлік мақсатын қалыптастырушы басты тұлға. Оның үстіне педагог пен психологтардың гуманитарлық сала ретінде іс-әрекет арқару үшін жұмсайтын басты құралы өзінің жеке басы екені тағы бар. Сондықтан жеке тұлғалық сипатын, мәнін төмендетуге болмайды. Сондықтан, бұл біліктілік көрсеткіштерін толықтыру үшін ескертілуі тиіс.

Қоғамның дамуына сәйкес мектепті қайта жаңарту жағдайында педагог кадрлармен жұмысты, олардың кәсіби құзырлылығы негізінде негізінде ұйымдастыру және мұғалімдер үйреншікті дәстүрді тұтасымен өзгерті мәнді де өзекті мәселеге айналып отыр.

Қазіргі өзгермелі уақытта білім берудің жай-күйі дүниежүзінде де және қарама- қайшылықтарға толы. Қоғамның дамуы білім беру саласынан үнемі алда болды. Күн сайын адамға қпарат толқыны келеді. Сол себепті мектеп мұғалімдерінің әдістемелік шығармашылығын дамыту, педагог мандардың біліктілігін жетілдіру жүйесіндегі ұйымдастыру, олардың кәсіби құзырлылығы негізінде жүзеге асыру қажеттігі туындайды.

Мектеп әкімшілігі мен білім беру жүйесі басқару органдарының мұғалімдерді тиісті ресурстармен қамтамасыз ету қызметінен гөрі, оқушыларды тәрбиелеу, дамытуға бағытталған мұғалімнің сыныптағы күнделікті жұмысы оқыту үдерісі мен оқушылардың оқу нәтижелеріне оң ықпал етеді Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім.

Дүниежүзіндегі көптеген мұғалімдердің іс-тәжірибесінен тұрақты орын алған оқыту жұмысын ұйымдастыру мен жоспарлаудың негізгі қағидаттарын қолдану орынды да нәтижелі екендігін дәлелдейтін фактілер бүгінгі таңда ғылыми-педагогикалық әдебиетте жеткілікті деңгейде кездеседі.

Сындарлы оқытудың жоғарыдағыдай сипатталып, түсіндірілуі мұғалімнің ой-пайымы мен негізгі көзқарастарын, сондай-ақ сол көзқарас, пікірге қатысты бірқатар баламалы шешімдерді білуін де қамтиды.

Психологтар «ұстаным» ұғымын адамның іс-әрекетке бейімділігімен байланыстырады. Социологтар оны негізгі құндылық есебінде атап көрсетеді. Мұғалімнің ұстанымы оның көзқарастарын қалыптастыру барысына зор ықпал етеді, ал көзқарасы белгілі бір шешімдердің қабылдануы мен сыныптағы іс-әрекеттерді түсіндіру көзі болып табылады. Сондықтан кез келген мұғалімнің оқыту құралдары оның өз болжамдарының, білімі мен ұстанымының, көзқарастарының жиынтығынан тұруға тиіс.

Бұл элементтердің барлығын жинақтасақ, жеке тұлғаның ерекше «білім беру сызбалары» құралады. Пажарес (1992) оқыту стилін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігінен гөрі ұстанымға негізделген ой-тоқтамдарының ықпалы күштірек деп сендіреді: оқыту үдерісінде қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің сыныптағы барлық іс-әрекеттеріне әсер етеді. Әдістемелік құралдар немесе оқулықтардан гөрі мұғалімнің сыныптағы іс-әрекеттеріне пәннің қалай оқытылуы керектігі жөнінде әбден қалыптасып қалған пікірлер анағұрлым күштірек ықпал етеді.

Мұғалімнің ұстанымы – оның көзқарасы, қабылдаған шешімінің және іс-әрекетінің негізі Алайда, тамыры тереңге кеткен ұстанымдар мұғалімнің жаңашыл идеяларды қабылдау қабілетін шектеуі мүмкін. Егер де дайын білім беретін «дәстүрлі» стильмен оқытатын мұғалімдер сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамыған оқушыларды қалыптастырғылары келсе, өздерінің де сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыта отырып, жаңашыл идеяларға көңіл көкжиегін ашулары керек

Бүгінгі таңда біздің ұрпақ таудауына шексіз мүмкіндік туған заманда өмір сүріп жатыр. Бүгінгі оқушыны әлемде болашағына дұрыс таңдау жасай алатын , ұтымды шешім қабылдай алатын, өміріндегі өзгерістер ағымына икемделе білетін қабілетіне байланысты өмір сүру тәртібі күтіп тұр.

Мектептегі білім беру міндеттерінің бірі – оқушыны шынайы әлем жағдайындағы өмірге дайындау.

Құзыреттілік – оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі.

Оқушының құзырлылығын қалыптастыру бүгінгі білім беру саласының өзекті мәселелерінің бірі. Құзырлылық тәсілді, жоғары айтқанымыздай білімсапасын арттыруы, дәстүрлі тәсілмен білім мазмұнын ұлоғайту арқылы шешудің арасындағы қарама-қайшылықтан туындаған дағдарысты жағдайдан шығудың бір жолы деп қарастыруға болады. Бұл тәсіл білім берудің нәтижесіне басты орын береді. Оның сапасы алған білімнің көптігімен емес, сол білімді қолдана білуімен маңызды.

Жеке тұлғаның құзыреттіліктерін дамыту мен қалыптастыруда нысандар мен құбылыстарды зерттеумен байланысты өңдеу әрекетінің маңызы зор. Мұғалім зерттеу әдісін қолдану қажеттігі оқушының білім алу процесінде қоршаған ортасына қызығушылығы мен сүйіспеншілікпен қарауы деп түсіндіреді. Оқушың өз бетінше зерттеу жүргізуі оның жеке талабын қанағаттандыруға, мазалап жүрген сұрақтарға жауап табуға үлкен ықпал етеді. Оқушы өз бетінше зерттеу жүргізу арқылы қоршаған ортасын тани алады, жаңа білімді дайын күйінде емес өзі үшін жаңа білім ашады.

Мұғалім үшін негізгі нәтиже – зерттеушілік, ізденушілік , жобалау әрекеті біртұтас жүйе ретінде бірізділікті қалыптастыру. Кәсіби құзырлылықты дамытуға жаңаша көзқарасты қалыптастыру түрлі саладығы әрбір жеке тұлғаның әрекетіне қажет. Шығармашылық – зерттеушілік, ізденіс кез-келген кәсіптің ажырамас бөлігі. Осыған байланысты баланы зерттеу әрекетіне дайындау, оның зерттеушлік ізденіс білігімен дағдыларын қалыптастыру, қазіргі білім беру ісінің маңызды міндеті болып есептеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет