Оқушының аты-жөні: 9 «Ә» сынып ббжм оқу сауаттылығы №1


-нұсқа Мәтінді оқып,тапсырманы орындаңыз



бет2/10
Дата25.05.2023
өлшемі68,8 Kb.
#97427
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
3-нұсқа
Мәтінді оқып,тапсырманы орындаңыз.
Домбыра
А. Домбыра - қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол-қазақ өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма - күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады. Домбыра-ежелде қазақтың тарихын баяндаған музыкалық аспаптардың бірі.
Ә. ХІХ ғасырда қазақ халқының тұрмысында анағұрлым кең тараған музыкалық аспап екі ішекті домбыра болатын. Егер бұрынғы заманда көне аспаптар ән жыр, ертегі-аңыздарды сүйемелдеу үшін ғана қолданылған болса, енді домбыра жеке шығарма орындауға арналып, күрделі аспаптардың қатарына қосылды.
Б.Әртүрлі ескерткіштерге, сондай-ақ этногрофтардың жазып қалдырған еңбектеріне жүгінсек, домбыра және өзге халықтардың осы тектес аспаптары тіпті сонау орта ғасырларда белгілі болған екен. Өзбектердің домбыраға өте ұқсас екі ішекті дутары алғаш рет әл-Хусейнидің «Музыкалық канон» деген трактатында ауызға алынды.
1. Домбыраны алғашқыда неге қолданылғанын көрсетіңіз
А) Жыр, толғауларды сүйемелдеуге
В) Күй тартуға
С) Ән айтуға
D) Классикалық шығармаларды орындауға
E) Жиын-тойларда билеу үшін
2. Мәтінде қай сұрақтың жауабы жоқ
А) Қазіргі кезде домбыра не үшін қолданылуда?
В) Домбыра қазақ музыкасына қандай жанр алып келді?
С) Қазақтың күй өнерінің дамуына үлес қосқан кім?
D) Өзбек халқының домбыраға ұқсас аспабы қалай аталады?
E) ХІХ ғасырда қандай аспап кең тарады?
3. Мәтінде сөз етілген негізгі мағлұматты анықтаңыз.
А) Домбыраның қазіргі кезде алатын орны
В) Домбыраның құрылысы
С) Аспаптардың тарихы
D)Домбыраның құдіреті
E) Домбыраның қазақ өнеріндегі орны


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет