Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім министрлігі



бет90/97
Дата05.06.2023
өлшемі0,55 Mb.
#98990
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   97

БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӚЙЛЕУ ӘДІСТЕМЕСІ




1-тақырып. Тіл дамытудың мақсаттары, оған қойылатын талаптар

Бҧлдіршіндер алғаш мектеп табалдырығын аттаған кезде басталатын сауат ашу және тіл дамыту - қазақ тілі бағдарламасы салаларының негізгі қҧрамдық бӛлігі. Сауат ашу және тіл дамыту кезеңіндегі оқу жҧмысының мақсаты - оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту, оларды оқу мен жазуға ҥйрету, ойлау қабілетін, сӛйлеу тілін дамыту.


Бҧл кезеңде жҥргізілетін жҧмыс тҥрлері оқушылардың тілін байытып, жалпы білімін кеңейту мақсатына ҥштастырылады.
Сауат ашу және тіл дамыту жҧмыстары бірнеше ке-зеңнен тҧрады. Әр кезеңнің ӛз мақсаты, соған сәйкес жҥргізілетін жҧмыс тҥрлері болады. Сауат ашу әуелі дайындық кезеңнен басталады. Дайындық кезеңінде мҧғалім жеке баланы танып, білу мақсатында жҧмыс тҥрін ойластыру керек. Осы кезеңде дыбыстар мен әріптерді меңгертуге байланысты орындалатын жҧмыс тҥрлеріне жаттықтыру, даярлау, ҥйрету жҧмыстары да жҥр-гізіледі. Сауат ашудан кейін ғана оқушылар жазуға дағдыланады. Балалардың мектепке келіп тҥскен кездегі психологиялық дене ерекшеліктері жӛнінде мағлҧматтарға сҥйене отырып, мазмҧндама мен шығарманы бірінші сыныптан бастауға мҥмкіндік бар. Бастауыш сынып оқушылары мазмҧндама мен шығарма жазу барысында мынадай дағдыларға бейімделеді:

  1. Оқушылар оқылған мәтінді қабылдап, сол қабылдағандарын ӛз сӛздерімен жазып, белгілеуге дағдыланады.

Бҧл дағдыны меңгермей, шығарма жазуға кӛше алмайды. Осы жҧмыстың барысында бірқатар сӛз тіркесі мен сӛйлемдер, бейнелі сӛздер автоматты тҥрде оқушылардың есінде қалады. Шығарма жазбас бҧрын мазмҧндама арқылы бірқатар процестерге жаттығу қажет.

  1. Шығармада ҧсынылатын тақырыпты тҥсініп, оның жігін ажырата алу дағдысы. Мысалы: "Біз ағашты қалай отырғыздық?" тақырыбы бойынша

ӛздерінің ағаш отырғызғанда не істегендерін әңгімелеу керектігін ажырататындай болу керек.

  1. Шығарма жазу ҥшін материал жинау дағдысы, яғни материал жинау барысында балалардың кейбіреуі ҥй ішінен сҧрау мҥмкін. Бастауыш сынып балалары бақылай білуге, кітаппен жҧмыс жасауға, суреттерді қарап, қабылдай білуге жаттықтырылып, Бҧл жаттығулар бірте-бірте дағдыға айналдырылуы қажет.

  2. Жинаған материалдарын жҥйелей алу дағдысы. Бҧл дағдыға бастауыш сынып оқушылары алғашқы кезде мазмҧндама арқылы ҥйретіледі. Қиындықты жеңу ҥшін балалар алдымен дайын мәтіннің жҥйесін байңап дағдыланады, яғни қандайда бір мәтіннің белгілі бір жҥйемен қҧрастырылатынын ҥғады, білген-кӛргендерін әңгіме етіп қҧрастырғанда оны жҥйелеп алуға дағдыланады. Егер бҧған дағдыланбаса, жинаған материалдарын қалай жазуды білмей, еш нәрсе жазбай отырып қалады, шығарма жазуға қызықтырудың орнына керісінше әсер етеді. Олардың шығармаға деген ынтасын кемітеді.

  3. Оқушылардың ӛз ойын дҧрыс білдіру деген - шығарма яки мазмҧндама жазғанда белгілі тілдік норманы сақтау, әдеби тілдің ең керек элементін пайдалана білу, сӛйлемдерінің бір-бірімен байланысып, тілі жатық келуі. Ал, ойын тҥсінікті білдіру дегеніміз - оқушының ойы дәл, анық, кӛкейге қонымды болуы.

Шығарма мен мазмҧндама жазу барысында балалар кӛптеген жаңа сӛздер мен сӛз тіркестерін ҥйренеді. Олар арқылы балалардың лексикалық қоры байып, тілдері ҥстарады. Дайындық жҧмыстар кӛбіне грамматикадан ӛтіледі, материалға сай, оқу сабақтарында жҥргізіледі.

  1. Оқушының жазғандарын тексеру, тҥзету, жақсарту дағдысы. Бҧл дағдыға ҥйретуде де кӛптеген қиындықтар кездеседі. Оқушылар шығарма, мазмҧндама жазғанда кӛбінесе мҧғалімге бірінші болып тапсыруға асығады да, жазғандарын қайта оқымайды, сӛйтіп, жазған жҧмыстарының бірде-бір

сӛзін, не тыныс белгісін, не әріп қатесін тҥзетпестен тапсырады. Бҧл жӛнінде мҧғалімнің ескеркерткен сӛзі де әсер етпейді.
Бҧл дағдыға балаларды ҥйрету қанша қиын болғанымен, олар жазғандарына сын кӛзімен қарап, тҥрлі себептермен жіберген қателерін батыл тҥзету дағдысын бастауыш сыныптарда ҥйренуге тиіс.

  1. Оқушының әңгімесін белгілі бір тҧлғада (бастауышпен баяндауыштың бір шақтық тҧлғада келуі) баяндай білу дағдысы.

Міне, шығарма, мазмҧндама жҧмыстарында берілетін дағдылардың бастылары осылар.
Шығарма жаздырғанда балалардың ӛз тәжірибесіне сҥйеніп, бойындағы білім мен ойын ӛз сӛздерімен жарыққа шығаруға жол беру қажет. Ш.Кәрібаев. "Шығарма жаздыру жҧмысы оқытушының ҥнемі басшылық етіп отыруын керек қылады. Ӛйткені, не болса соны, кез келген тақырыпты жаздыра беруге болмайды. Оқушылармен тиісті әңгіме жҥргізіп, шыңдыңқа ҥйлестіріп, еркін меңгере алатын материалды жаздырған дҧрыс", -дейді. Сондықтан мазмҧндама мен шығарма мҧғалімнің басшылығымен дҧрыс әдіс қолданылып жҥргізгенде ғана белгілі бір нәтиже береді, мақсатқа жетеді. Ол ҥшін мҧғалім Бҧл жҧмыстарға қойылатын әдістемелік талаптарды жақсы білуі тиіс.
I Бастауыш мектептерде жҥргізілетін тіл дамыту жҧмысы негізінен мынандай мақсаттарды кӛздейді.

  1. Оқушылардың байқағыштық, ойлау қабілеттері мен тілін, дҥние танымын дамыту, әр нәрсені салыстыра талдап, салыстыру негізінде ӛз беттерімен қорытынды шығара білуге ҥйрету.

  2. Оқушыларға қазақ әдеби тіл нормасына сай ӛз сӛзімін, ойын дҧрыс жазып бере алатындай дағдылар беру.

  3. Оқушыларды ана тілін сҥюге, оның алтын қорын білуге және оны сезініп, қҧрметтей білуге тәрбиелеу.

  4. Оқушылардың жазу тілін дамытуға септігі тиетін мазмҧндама мен шығарма жҧмыстарының оқай да тиімді тҥрлерін іріктеп алып ҧсыну.

  5. Оқушылардың іскерлік қабілетін арттыру.

Осындай мақсаттарды жҥзеге асыру барысында мҧғалім белгілі бір әдістемелік талаптарға сҥйенеді. Ол талаптар мынандай:

  1. Берілген тақырыпты ашып кӛрсете білу, оқушы ӛзінің жинаған материалын берілген тақырыптағы негізгі ойды кӛрсететіндей етіп іріктеуі қажет.

  2. Жазылған жҧмыстың мазмҧнды болуы.

  3. Оқушы материалды ешбір қайшылықсыз, белгілі бір ретпен жҥйелі тҥрде баяндауға тиіс.

  4. Оқушылар сӛзді, айтатын ойын дәлме-дәл, анық білдіретіндей етіп іріктеп, таңдап қолданғаны дҧрыс.

  5. Басы артық сӛз, қыстырма сӛз қолдану, бір сӛздің бірнеше рет қайталануы сияқты кемшіліктерге жол бермеу шарасы жасалуы тиіс.

  6. Оқушы жазба жҧмысында сӛйлемдерді белгілі бір формада қарастыратын болсын, яғни бір сӛйлем ӛткен шаңта екінші сӛйлем келер шақта тҧрмасын.

  7. Оқушылардың жазба жҧмыстарында кейде жергілікті ауызекі сӛйлеуде қолданылатын сӛздер орын алады. Мҧндай қателерден саң болу жағы есте болуы керек.

  8. Жазба жҧмыстарын жетілдіре білу дағдысын оқушылар міндетті тҥрде меңгеру керек.

Бастауыш сынып оқушыларының шығармалары мен мазмҧндамаларында бҧл кӛрсетілгендердің бірден тҥгел орындалуын талап етуге болмайды. Бірақ жазба жҧмыстарын жҥргізген кезден бастап-ақ бірте-бірте оқушылар жоғарыда кӛрсетілген талаптарды орындау жолына бағытталады.
Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Тіл дамыту жҧмыстарының мақсаты қандай?

  2. Балалардың тіліне қойылатын негізгі талаптарды айтыңдар.

  3. Бастауыш мектеп балаларына мҧғалімнің басшылығынсыз неліктен шығарма жаздыруға болмайды? Мҧғалім қалай басшылық жасайды?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет