Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Тіл табыса білейік» деп аталады екен. Мен сендерге тіл табысу туралы бір әңгіме айтып берейін. Сендер мына тақтадан суретін көріп тыңдап отырыңдар.
Алпамыс пен Махаббат ел аралап жүріп бір көңілсіз ауылға кезігіпті. Балалар көптен бері бір-бірімен ойнамақ тұрмақ, сөйлеспей де қойған екен. Балалардың қуанышы мен күлкісін естімегеніне көп уақыт өтіпті. Мұндай елде өмір сүру өте қиын ғой......
Алпамыс пен Махаббат осы жағдайға қатты ойланып, оларға көмек бермек болыпты. Олар әрі ойлап, бері ойлап, осы халыққа ақыл кеңес беруге Данышпан атаны алып келеді. Данышпан ата сол елдің жұртын жинап: Адамдар бірін-бірі тыңдаса, кешіре білсе, бір-біріне шыдамдылық танытса, бірін-бірі жымиып, күлімдеп қарсы алса, өзара сыйласа білсе, тату-тәтті достықта өмір сүреді, балалар қуанышқа бөленеді, бақытты болады, - деп айтыпты.
Данышпан атаның ақыл кеңесін түсінген балалар бір-бірінен кешірім сұрап, тіл табысып, тату-тәтті дос болады.
- Міне көрдіңдер ме? Сендер осындай жағдайда кімдермен татуластыңдар? Осындай жағдайлар сендерде болды ма?
(Оқушылар өздерінің басынан өткен жағдайларды айтады)
-Досыңмен ренжісіп қалсаң бір-бірлеріңе шыдамдылық танытып, татуласу керек екен. Әрқашан өзара сыйластық пен тіл табысу адам баласына өте қажет. Ендеше, осыған байланысты дайындаған көрінісімізді көрсетейік.