П айfамбарларfА иМАн Ержан Қалмахан Сейтұлы Алматы, 2010



Pdf көрінісі
бет39/44
Дата26.11.2022
өлшемі3,6 Mb.
#52748
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Пайғамбарларға иман
«Ей, қауымым! Аллаһқа бас иіңдер. Аллаһтан басқа 
құлшылық ететін тәңірі жоқ»
252
. 
Егер Аллаһты тануға бел буып, ден қоймасаңдар, 
бастарыңа қауіп төне ме деп қорқамын», – деді. 
Сонда қауымы: «Уа, Нұх! Ойдан шығарылған ол 
қандай қауіп!?» деп пайғамбардың бұл сөзін күлкіге 
айналдырды. Пайғамбар 
«Раббым, қауымыммен менің арамдағы үкімді Сен 
бер»
253
деп Аллаһ тағалаға дұға етеді. Осы кезде Аллаһ 
тағала Жәбірейіл періштенің дәнекерлігімен Нұхқа 
кеме жасауды бұйырды. 
Бұл Құранда: 
«Көз алдымызда нұсқауымыз бойынша кеме жаса. 
Залымдар турасында маған айтпа. Өйткені, олар суға 
батырылады»,
254
– деп баяндалады. 
Нұх пайғамбар Аллаһтың әмірін алған бетте 
қолына ара мен балтасын алып, кеменің құрылысына 
кірісті. Мұны көрген халық Нұхқа (ғ.с.) «Енді ағаш 
ұстасы болдың ба?» деп келеке етеді. Нұхтың бұл 
әрекеті осы күнгі шеберханалардың алғашқы іргетасы 
болса керек. Сонымен қатар, кеменің қалай дейтіні жоқ 
математикалық, геометриялық есеппен жасалғанын 
252
«Муминун», 23/23
253
«Муминун», 23/26
254
«Һұд», 11/37; «Муминун», 23/27


95
Пайғамбарларға иман
көруге болады. Олай дейтініміз дәл сол сияқты, бірақ, 
соңғы технологиямен «Уайт Стар Лайн» атты кеме 
қатынастары компаниясының арнайы тапсырысымен 
жасалған «Титаник» кемесінің өзі 1912 жылы 1500-ден 
аса жолаушысымен болмашы кедергіге төтеп бере ал-
май, 3218 метр терең тұңғиыққа батып кеткен еді. Ал 
Нұх пайғамбар жасаған кеменің топан суға төтеп бе-
руін мұғжиза демей, не дейміз?! 
Ал Мұса (ғ.с.) дәуірінде өмір сүрген перғауынның 
денесінің осы күнге дейін шірімей сақталуы да өз алды-
на бір мұғжиза. 
Теңізге батып бара жатқан перғауын: 
«Исрайлұлдары иман келтірген Аллаһтан басқа 
тәңірінің жоқ екеніне мен де иман еттім. Мен де 
мойынсұнушылардан болдым»,
255
– деп жан дауысымен 
айқай салған еді. 
Алайда, перғауын өмірінің соңына дейін ақырет 
үшін шырпы басын сындырмаған, тек осы дүниенің 
күйін күйттеп тәкаппар өткен болатын. Өз қара басының 
қамын ғана ойлайтын, мына дүниенің қызығына тоймай-
тын. Демек, оның суға батып бара жатқандағы айтқан 
сөзі (иман келтіруі) де тек жанын аман алып қалу үшін 
өзін көр еткен соқыр үмітке малданып, тал қармағаны 
шығар. Немесе перғауын жаны алқымына келгенде де 
шынайы сенбей, өзін ажал аузынан құтқарып қалғысы 
келді. Аллаһ тағала да оның бұл ниетін білгендіктен:
255
«Жүніс», 10/90


96
Пайғамбарларға иман
«Сенен кейінгілерге сабақ болуы үшін денеңді 
(жансыз түрде) құтқарамыз. Расында, адамдардың 
көбі аяттарымыздан хабарсыз»,
256 
– деген еді. 
Перғауынның денесі (жансыз түрде) құтқарылса да, 
мәңгілік өмірін құтқара алмаған еді.
Перғауынның суға бататынын, ақыры жағалауға 
шығып қалатынынан хабар берген бұл аят мына 
мағынаны да білдіріп тұр: перғауындар әулеті 
реенкорнацияға (жанның денеден денеге өтуі) сенетін. 
Мына дүниеде мәңгі қалуы үшін денелерін мумиялатқан. 
ХІХ ғасырдың соңында Ніл өзенінің жағалауында 
Мұса (а.с.) дәуірінде өмір сүрген перғауынның сәждеде 
жатқан мумияланбаған денесі табылды. Бұл Аллаһтың 
бір мұғжизасы әрі бұл дене туралы Құран ғасырлар 
бұрын баян еткен.
257
Алтыннан жасалған
258
ауыр сауыт киген перғауын 
денесі теңізге батып-ақ кетуі керек еді. Бірақ Аллаһ 
тағала оның денесі кейінгілерге ғибрат болсын деген 
мақсатта «денеңді (жансыз түрде) құтқарамыз» деп 
сақтаған еді. Теңізге батқан перғауынның денесі сон-
шама уақыттан соң жағалауға шықты. Исрайлұлдары 
бұл перғауынның жансыз денесін өз көздерімен көрді.
259
Қазіргі таңда Лондонда танымал Британия 
мұражайында мумиялар бөлімі бар. Мұнда әлгі 
256
«Жүніс», 10/92
257
А.Унал, Қуран мәалі, «Жүніс», 10/92 (469) 
258
Бәидауи, ІІІ/213
259
Сәғлаби, Қысас, 176; Замаһшари, ІІ/329; Бәидауи, Әнуар, 
ІІІ/213


97
Пайғамбарларға иман
перғауынның сәждеде жатқан денесі халықтың назарын 
өзіне аудармай қоймайды. Бұл денені ағылшын зерттеу-
шілері құм астынан тауып алып, Британия мұражайына 
қойған. Дене дін аман, дене мүшелері мен ішкі ағзалары 
түгел. Тіпті, сарғыш шаштары мен сақалдарына дейін 
сақталған. Тағы бір таңқаларлығы дене мумияланбаған. 
Әдетте, мумияланатын дененің ішкі ағзалары алынып, 
арнайы бальзамдалады. Ал мына денеге ешкімнің қолы 
тимеген. Бұл денені көрген адам 30 ғасыр бойы шірі-
мей, қалай сақталған? деп ойланбауы, ғибрат алмауы 
мүмкін емес. Бұл тек Құранның мұғжизасы әрі оның 
ақиқат кітап екеніне бірден-бір дәлел. 
Ибраһим пайғамбардың бөлшектеген құсқа 
қайтадан жан бітіру мұғжизасы туралы: 
«Бірде Ибраһим: «Раббым! Өлікті қайтып 
тірілтесің, маған көрсет» деді. Аллаһ: «Маған сенбейсің 
бе?», – деді. Ибраһим: «Әрине, сенемін, бірақ (егжей-
тегжейлі көрейін) жүрегім орнықсын», – деді. Аллаһ 
тағала: «Олай болса (түрлі) төрт құс ұста, оларды 
өзіңе үйрет әрі бүкіл ерекшеліктерімен таны. Сосын 
оларды сойып бір-бірімен араластыр. Кейін әр таудың 
басына әрбірінің бір бөлшегін қой. Сонан кейін оларды 
шақыр; дереу саған жетіп келеді. Күдіксіз Аллаһтың 
өте үстем хикмет иесі екенін біл», – деді».
260
 
260
«Бақара», 2/260


98
Пайғамбарларға иман
Тағы бір мысал: Жүніс пайғамбар балық (кит) ішінен 
аман-есен теңіз жағалауына шыққаннан кейін қауымына 
қайта оралады. Иман етуден бас тартқан қауымының 
арасынан 100 мыңнан астамы тәубесіне келіп, Жүніс 
пайғамбарға иман келтіреді.
261
Кейбір рационалистер 
балықтың ішінде осыншама уақыт адамның тірі қалуы 
мүмкін емес деген кері пікір де айтқан еді. Бір қызығы, 
ХІХ-ғасырдың соңында рационалистердің орталығы 
болып табылатын Англияда бұл пікір әшкереленді. 
Марқұм тәпсірші Мәудуди 1964 жылы ақпан айында 
жарияланған Urdu Digest, журналында мынадай оқиға 
туралы жазылғандығын баяндайды. 1891 жылының та-
мыз айында «Star of East» (Шығыс жұлдызы) атындағы 
Англияның балықшы кемесі кит аулауға мұхитқа қарай 
бет алады. Балықшылар ұзындығы 7 метр, ені 1,7 метр, 
ауырлығы 100 тонна китті көріп қап, оны қайткенде 
де қолға түсірмекші болады. Джеймс Бартлей (James 
Bartley) атты біреу суға түскен сәтте оны кит жұтып 
қояды. Адам жұтқан китті екі күннен кейін жағалаудан 
тауып алады. Киттің қарнын жарғанда Джеймстің тірі 
екенін көреді. Ол киттің құрсағында 60 сағат жатқан.
262
Яғни, Джеймс аман қалғанда Аллаһтың сүйікті құлы 
Жүніс (ғ.с.) неге аман қалмасқа?!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет