P c. Жақсылықбаева журналист этикасы Оқу қүралы


орыстілділер арасындағы алтын көпір тэрізді еді». (Алаш айнасы



Pdf көрінісі
бет154/277
Дата29.12.2023
өлшемі7,74 Mb.
#144903
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   277
орыстілділер арасындағы алтын көпір тэрізді еді». (Алаш айнасы.
- 2009. 25 желтоқсан. Қ. Қари, Орыс басылымдарындағы мәселені
қазақ басылымдары көтермейді» деген сөздің уақыты өтті).
Қазір көп жағдайда билік БАҚ-тың айтқанымен санаса
бермейді, оны өзінің үні ретінде пайдалангысы келеді. Осы тұста
«Президент жэне халық» газетінің бас редакторы Марат Тоқашбаев:
«Журналистикаға мемлекеттен қолдау жоқ. Көптеген басылым-
дар осыдан зардап шегеді. Мемлекеттен элеуметтік жеңілдіктер
мен баспанамен қамтуға (ипотека, үйлерді жалға беру т.б.) жур-
налистер қалыс қалады. Журналистерге осындай жеңілдіктер
қарастырылса, қоғамның демократиялық дамуына игі әсерін
тигізер еді. Әлеуметтік мәселеде журналистердің жағдайы газет
редакциясының экономикалық ахуалына тікелей байланысты. Қазір
Қазақстандағы жарнамалардың 97 пайызы орыс тілінде беріледі.
Ал қазақи басылымдар мен электронды құралдар 3 пайызды ғана
құрайды. Сондықган, қазақ тілін 50 де 50 қылып енгізгені тэрізді,
жарнама туралы заңға да осындай мүмкіндік берілсе, қазақ журна-
листикасына үлкен дем, көмек болар еді», - деген пікір білдіреді
(Жас қазақ. - 2 0 1 1 .2 4 маусым. М. Тоқашбаев. Журналистикаға мем­
лекеттен қолдау қажет). Осылайша журналистер мәселесін өздері
көтеріп жатқанда шешімін тауып жатса құба-құп.
Қазіргі уақытта сөз бен шығармашылық еркіндігіне жол
берілгендіктен, бүқаралық ақпарат құралдары шапшаң дамып жа-
тыр. Журналистикаға деген мемлекеттік монополияның жойылуы
жаңа бағыттағы БАҚ нарығын дүниеге әкелді. Осының салдарынан,
мемлекеттік БАҚ-пен қатар оппозициялық, тэуелсіз жэне салалық
сипаттағы бұкаралық ақпарат құралдары өзара бәсекелестікке
түсіп, нэтижесінде қазақ журналистерінің белсенділігі артты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   277




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет