P c. Жақсылықбаева журналист этикасы Оқу қүралы


Жиган тэж ірибесі мен біліміне сүйене отырып, журналистер



Pdf көрінісі
бет155/277
Дата29.12.2023
өлшемі7,74 Mb.
#144903
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   277
Жиган тэж ірибесі мен біліміне сүйене отырып, журналистер
өмірде болып жатқан құбылыстарға өз бағасын беріп, «ақты - ақ,


118
Жақсылықбаева Р.С.
Журналист этикасы
қараны - қара» деп, оқырманға, қалың елге жол көрсетуі қажет.
Осы талап үдесінен көріну де оңай емес. Өйткені, казіргі қоғамда
шындықты бетке айтатындарды ұнатпайтындар да, олардан өш
алғысы келетіндер де бар. Сондықтан да, журналистерді қудалау,
тілшілердің заңды кәсіби қызметіне бөгет жасау, ақпаратқа
қол жеткізуді шектеу әрекеттері элі тиылмай келеді. Осындай
әрекеттердің салдарынан Қазақстанда да журналистиканың қа-
уіпті мамандыққа айналып бара жатқаны шындық. Журналистер-
ге өздерінің кәсіби міндеттерін адал атқаруларына жағдай жасап,
шындықты айтуға, ізденуге, ақпаратты табуға мүмкіндік беру
керек. Бұл жағдайда мемлекет коғамдық міндетін адал атқарып
жүрген журналистердің еңбегін ұдайы назарда ұстап, қауіпсіздігін
қамтамасыз етуге міндетті. Қызметінің қоғамдық маңызын еске-
ре отырып, қалам иелерін түрлі қауіп-катерлерден қорғап, өмірі
мен денсаулығына қауіп төндіргендерді қатаң жазалау қажет. Егер
қоғамды жаңа деңгейге көтеріп, баспасөзді жэне журналистерді
жан-жақтан жасалатын шабуылдар мен зорлық-зомбылықтардан
қорғаймыз десек, ең алдымен, бұкаралық ақпарат кұралдары тура-
лы ұлттық заңнаманы одан эрі жетілдіруіміз кажет. Бізде Қазақстан
Республикасының заңнамалық актілері, БАҚ туралы Заң бар. Кез
келген қазақстандық ақпарат кұралы мейлі ол оппозициялық бол-
сын, мейлі белгілі бір меншік иесіне қызмет етсін, мейлі тәуелсіз
басылым болсын ол бэрібір осы заң аясынан ешқайда аса алмайды.
Профессор С. Қозыбаев бүгінгі журналистика мәселелерін:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   277




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет