Пациенттерге жедел медициналық көмек



Pdf көрінісі
бет8/15
Дата20.06.2023
өлшемі269 Kb.
#102453
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Байланысты:
лекцияларЖМЖС (копия)

Біріншілік көмек: 
– асқазанды жуу, 
– антидот енгізу, бемегрид 0,5% –10,0 мл венаға енгізу, 
– инфузиялық терапия: 
– реополиглюкин 400,0 мл венаға тамшылатып енгізу, 
– натрий гидрокарбонат 4% ерітіндісі – 300,0 мл венаға 
тамшылатып енгізу, 
– глюкоза 5-10% ерітіндісі– 400,0 мл венаға тамшылатып енгізу, – 
сульфокамфокаин – 2,0 мл бұлшықетке, 
– кофеин 20% – 2,0 мл бұлшықетке. 
– оттегімен ингаляция. 
Тактика: токсикология бөлімшесіне жатқызу. 
Зембілге бір қырымен жатқызып тасымалдау. 
Стимуляциялық әсері бар препараттармен улану 
Стимуляциялық әсер ететін препараттарға антидепрессанттар, 
психостимуляторлар, жалпы тонустық әсерлі (тұнбалар, солардың ішінде: 
женьшень, элеутерококктың спирттегі тұнбалары) препараттар жатады.. 
Клиникасы:
– делирий, 
– гипертензия, 
– тахикардия, 
– мидриаз, 
– дірілдер, 
– жүрек соғуының ырғағының бұзылыстары, 
– миокард ишемиясы және инфаркт. 
Қозу және гипертензиялық фазалардан кейін ақыл, ес тежелуі, 
гемодинамикалық және тыныс алу бұзылыстары байқалады. 
Антидепрессанттармен улану (амитриптилин, мелипрамин)
Клиникасы.
Қысқа уақыт әсер еткенде (4-6 сағат аралығы) анықталады: – гипертензия, 
– дірілдік синдром. 
Ұзақ уақыт әсер еткенде (24 сағаттан аса) анықталады: – гипотензия, 
– несептің тоқтап қалуы, 
– кома, 
– мидриаз, 
– тері жамылғысының құрғақтығы. 
Біріншілік көмек: 
– асқазанды жуу, 
– антидот енгізу. 
Антидепресанттық препараттардың қысқа уақытқа әсер етуден 
дамыған гипертензия және қозу кезеңдерінде тез арада оң нәтиже береді: 
– галантамин гидробромид 0,5 % ерітіндісі – 4,0-8,0 мл венаға енгізу, 
Ұзақ уақыт әсер ететін препарат: 
– аминостигмин 0,1% ерітіндісі – 1,0 мл бұлшықетке енгізіледі. 
Антогонистер жоқ кезде – дірілге қарсы препараттар: 


– реланиум – 2,0 мл (седуксен) 20,0 мл 40% глюкозаға араластырып венаға 
енгізу, немесе 
– натрий оксибутират 20% – 10,0 мл 20,0 мл 40% глюкозаға араластырып 
венаға енгізу, 
– натрий гидрокарбонат 4% ерітіндісі – 400,0 мл венаға тамшылатып енгізу, ол 
антидепрессанттардың хининға ұқсас антидоты болып есептеледі, 
– ол жоқ болға кезде, оның орнына: 
– трисоль (дисоль, хлосоль) 500,0 мл-ден венаға тамшылатып енгізу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет