Пациенттерге жедел медициналық көмек



Pdf көрінісі
бет1/15
Дата20.06.2023
өлшемі269 Kb.
#102453
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
лекцияларЖМЖС (копия)



ЖМЖС 
30.01.23жыл 

Пациенттерге жедел медициналық көмек.
1-лекция 
Жедел жәрдем деп тәулік бойы адам өміріне қауіп төндіретін аурулар мен ауыр 
жағдайлар туындаған сәттен немесе оқиға болған жерден бастап, емдік-
профилактикалық мекемеге жеткізгенге дейінгі уақыт аралығында, науқасқа 
шұғыл медициналық көмек көрсетеуге ұйымдастырылған жүйені атайды.
Жедел медициналық жәрдем бекеттері міндетіне мыналар кіреді:
1. 
Ауруханаға дейінгі кезеңде науқастың немесе оны қоршаған 
адамдардың денсаулығына және өміріне қауіп төнген жағдайда, 
кенеттен болған аурулар, созылмалы аурулардың асқынуы, 
бақытсыз жағдайлар, жарақаттар, уланулар, жүктіліктің және 
босанудан кейін асқынулар болған жағдайда ЖМЖ көрсету; 
2. 
Науқастарды емдеу-профилактикалық мекемелерге тасымалдау; 
3. 
Төтенше жағдайларда, табиғат, жол апаттарында жою 
жұмыстарына белсенді араласу; 
ЖМЖБ жұмысын ұйымдастырудың негізгі талаптары:
• 
тәуліктің барлық уақытында ЖМЖ тұрғындардың толық қолы 
жетуі; 
• 
ауруханаға дейінгі әр-түрлі медициналық көмектің түрлерін 
жылдам және дер кезінде көрсетуі; 
• 
барлық категориядағы жарақаттанғандар мен науқастарға қажетті 
ЖМЖ көлемін көрсету үшін жоғары білікті медициналық 
мамандармен қамтамасыз етілуі; 
• 
нақтылы медициналық мекемелерге кідірусіз жатқызудың 
қамтамасыз етілуі. 
Бригадалардың шақыруға шығу уақытының мерзімдері:
1. 
Жедел медициналық жәрдем – 4 минутқа дейін 
2. 
Жедел тасымалдау – 30 минутқа дейін 
3. 
Жоспарлы тасымалдау – 90 минут аралығында 
Жедел жәрдем (жедел медициналық көмек) міндеттері:
• 
Санитарлық транспортпен тасымалдауды қажет ететін науқастар 
немесе жараланғандар тасымалы 
• 
Қоғамдық немесе өндіріс орындарында, көшеде, мекемелерде 
жарақат алғандарды тасымалдау 
• 
Жедел хирургиялық және созылмалы, инфекциялық аурулары 
бар науқастарды тасымалдау 
• 
Шұғыл науқастарға арнап ауруханаларда орын бөлу, жедел қан 
құюлар кезінде қан жеткізу немесе шұғыл консультациялар кезінде 
мамандарды жеткізу. 
• 
Ғылыми-практикалық, әдістемелік және санитарлық-ағарту 
жұмыстарын жүргізу. 
• 
Жарақаттар мен оқыс оқиғаларды болдырмау мақсатында 
жасалатын шараларға қатынасу. 
• 
Криминалды жарақаттарды (пышақтау, ату) жергілікті құқық қорғау 
органдарына, ал шұғыл жағдайларды (су тасқыны, өрт, жол-көлік 
оқиғалары) жергілікті билік органдарына хабардар ету. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет