Парафармацевтикалық өнім түсінігі және жіктелуі. «. Парафармация»


ББҚ қауіпсіздігіне қойылатын талаптар



бет15/20
Дата09.12.2023
өлшемі110,18 Kb.
#135450
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
11. ББҚ қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасына сәйкес биологиялық белсенді қоспаларға: денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен адам денсаулығына қауіп тудыратын уытты заттардың және олардың қосындыларының, микоуыттардың, антибиотиктердің, пестицидтердің, микроорганизмдердің, радионуклидтердің рұқсат етілген құрамы бойынша; қолданылу аясына, барынша көп дозалауға, құрамдауыштардың массалық үлесіне; қолданылатын шикізатқа, таңбалауға талаптар қойылады.
Жаңа биологиялық белсенді қоспаларды, дайындаудың, ораудың және сақтаудың жаңа технологиялық процесстерін әзірлеу, жарамдылық мерзімдерін белгілеу, сынау қауіпсіздігі мен әдістерін өндірістік бақылаудың бағдарламаларын әзірлеу кезінде әзірлеушілер осы Техникалық регламенттің талаптарын басшылыққа алады.
Өндіру кезіндегі қауіпсіздікке қойылатын талаптар
Үй-жайлардың көлемдік-жоспарлық және конструкторлық шешімдерінде шикізаттың, шикі жартылай фабрикаттардың және дайын өнімнің, ластанған және таза ыдыстың ортақ, қарама-қарсы және қиылысқан ағымдарын болдырмайтындай өндірістік процестердің толассыздығы, қызметкерге және шикізаттың келіп түсуіне арналған жеке кіру есіктері көзделуі тиіс.
Тірі микроорганизмдермен жұмыс істеу үшін жеке оқшауланған үй-жайлар бөлінеді.
Өндірістік және қосалқы үй-жайлар, шикізатты қабылдау, сақтау және қайта өңдеу, ББҚ өндіру және сақтау қолданыстағы санитарлық және гигиеналық нормативтерге сай болуы және жануарлардың, оның ішінде жәндіктердің, құстардың, кеміргіштердің түсуінен қорғау құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс.
Жұмыс аймағы ауасындағы зиянды заттардың құрамы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген шекті жол берілген рұқсат шоғырланудан аспауы тиіс.
Қайта өңдеуге келіп түсетін шикізаттарды кіріс бақылау оның қауіпсіздігін куәландыратын құжаттарды тексерумен және зертханалық зерттеулермен қамтамасыз етіледі.
ББҚ алу үшін 12 айдан аспаған, ауырмаған ауыл шаруашылығы малының мүшелері мен тіндері, дақылдық өсімдіктер, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық сараптамадан өткен бактериялар мен жетілмеген саңырауқұлақтардың микроорганизмдерінің патогенді емес және уытты емес арнайы штаммдары пайдаланылады.
ББҚ өндіру Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет