Ұйқы. Ұйқы – тірі ағзалардың сыртқы ортаның температурасының ауытқуына қайтаратын тұқым қуалайтын жауап реакциясы.
Ұйқы азық қоры аз, яғни белсенділік пен метаболизмнің жоғары деңгейін сақтау мүмкін болмаған жағдайда, жануарлардың тіршілік процесстері мен зат алмасуының баяулауымен сипатталады.
2.Ұйқыға дайындық. Ұзақ ұйқыға дайындалу барысында жануарлар қоректік заттарды қорға жинайды. Нәтижесінде, жануарлардың салмағы майдың есебінен 40%-ға ұлғаюы мүмкін. Дайындық кезеңіндегі азық иммунитет пен тұрақтылықты арттыратын май қышқылдарына бай болуы керек.
Кемірушілер қысқы ұйқыға топтасып немесе жалғыз дайындалады. Олар қазып жасайтын індер үш және одан да көп метрлерге дейін созылуы мүмкін. Іннің ішінде дән, жаңғақ, шемішке қоймаларын жасайды.
Жануарлардың баспанасы (ағаштың қуысы, ұя, үңгір, ін) қауіпсіздік пен жыртқыштардан қорғалуын қамтамасыз етіп, микроклиматты ескере отырып таңдалынады. Баспана температурасы сыртқы аяздарға қарамастан, 0 градустан жоғары болуы тиіс .
Жануарлар дене қызуын сақтау тәсілі бойынша 2-ге бөлінеді:
Эндотермиялық– ішкі қор есебінен жылу реттеуін сақтайды. Бұларға барлық жылықанды жануарлар жатады: сүтқоректілер, құстар.
Эктотермиялық – бұндай жануарлардың дене қызуы сыртқы ортаға байланысты. Оларға салқынқанды жануарларды жатқызады : бауырымен жорғалаушылар, қосмекенділер, балықтар.
Ұйқының ұзақтығы бойынша жіктелуі: Тәуліктік (жарқанат, колибри).
Терең ұйқының бұл түрі сүтқоректілерде де, құстарда да жылдың кез келген маусымында байқалуы мүмкін. Маусымдық ұйқыға қарағанда физиологиялық процесстердің баяулауы төменірек болады. Дене қызуы әдетте 18°С-қа дейін, сирек 10°С-тан төмен болады, ал зат алмасуы үштен бір бөлікке дейін төмендейді.
Маусымдық — қысқы (гибернация) немесе жазғы (эстивация).
Қысқы ұйқы (гибернация) біртекті болмай, ағзаның «қыздырылуы» үшін бірнеше қысқа кезеңдерге бөлініп өтеді; дене қызуы аз уақытқа артып, заталмасуы күшейеді. Дене қызуы әдетте 10°С не одан да аз градусқа дейін төмендейді.