Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты т.Қ. Қойбағарова информатика



бет51/234
Дата15.03.2022
өлшемі7,08 Mb.
#27999
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   234
Файлдың кеңейтімі (типі, заты) – сақталған ақпараттың затын, яғни, қай программада құрылғанын және қандай файл (орындалушы, ахивтік, т.б.) екенін көрсетеді.
Мысалы, кеңейтімі белгілі файлдар:

.EXE, .BAT, .COMорындалушы файл-программалар;

.PAS, .BAS – Паскаль, Бейсик тілінде жазылған программалар;
.TXT, .DOC – Блокнот прогаммасында және символдық MS WORD программаларында құрылған мәтіндік файлдар;
.BMP, .GIF, .JPG, т.б. – графикалық файлдар; .ARJ, .ZIP, .RAR, – архивтік файлдар; .WAV, .MID, .RNI – дыбыстық файлдар, т.б.
Файлдың анықтауыштарына (атрибуты) – операциялық жүй-енің файлды өңдеуге қолданатын «системный», «архивный», «скрытый», «только для чтения» жатады.
Файлдың параметрлерінетипі (заты), көлемі, құрылған уақыты, т.б. жатады.
Дискінің файлдық құрылымы — ол дискідегі файлдар жиынтығы және олардың өзара байланыстары.
Логикалық диск — ол меншік атауы берілген нақтылы диск немесе нақтылы дискінің бөлігі. Логикалық дискілердің атаулары қос нүкте жалғасқан латын алфавитінің бірінші әріптерімен беріледі: А:, В:, С:, т.с.с. Әдетте бір иілгіш магнитік дискімен бір логикалық (А:, В:) дискісі байланыста, ал қатты диск бірнеше логикалық (С:, D: т.с.с.) дискілерге бөлінеді.
Каталог (директорий) – белгілі бір ортақ қасиеттеріне қарай магниттік дискіде бір-бірімен қатар орналастырылған файлдар, ішкі каталогтар жиынына қойылған атау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет