Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты т.Қ. Қойбағарова информатика


Бүтін теріс (-N) санының ішкі ұсынылуын жазу үшін



бет60/234
Дата15.03.2022
өлшемі7,08 Mb.
#27999
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   234
Бүтін теріс (-N) санының ішкі ұсынылуын жазу үшін:

оң N санының ішкі ұсынымын алу керек;


осы санның кері кодын алу керек, ол үшін 0 -ді 1-ге және 1-ді 0-ге ауыстырып жазу қажет;
шыққан санға 1 қосылады.
Теріс бүтін санның мұндай ұсыным қалпын қосымша код деп атайды.
3-ші мысал. Бүтін теріс -1607 санының ішкі ұсынымын алу


қажет.







Шешімі.




1)

оң санның ішкі ұсынылуы:

0000 0110 0100 0111

2)

кері коды:

1111 1001 1011 1000

3)

1-ді қосу, нәтижесі:

1111 1001 1011 1001 – бүл -

1607 санының ішкі екілік ұсынымы болады. Оналтылық қалпы: F9B9. Жадының ұяшығында екілік разрядттар оңнан солға қарай 0 ден k дейін нөмірленеді. Кез келген оң санның ішкі үсынымында, k – лық үлкен разряды 0-ге, теріс санның үлкен разряды – 1-ге тең болады.


Сондықтан бүл разряд, таңбалық разряд деп аталады.

98


5.5.2. Нақты сандар
Q санау жүйесіндегі кез келген R нақты санының жылжымалы нүктелі түрінде жазылу үлгісі:

R =  m*qp
Мұндағы m, R санының мантиссасы деп аталатын тиянақты үтірлі сан, q – санау жүйесінің негізі, pсанның реті, яғни көрсеткіштік реті деп аталатын бүтін сан.
Сандардың осылай жазылуын, жылжымалы нүктелі түрде ұсынылуы дейді.

Мысалы, келесі теңдіктер әділ болады:


25.324 = 2.5324 *101 = 0.0025324*104 = 2532.4*10-2 және с.с. ЭЕМ –де жылжымалы нүктелі санының қалыпты (орысша
нормальное) ұсынылуы қолданылады.

Қалыпты санның мантиссасы келесі шартты қанағаттандыруы

қажет: 0.1p ≤ m < 1p.


Басқаша айтқанда, мантисса бірден кіші және бірінші мәнді цифры нөл болмауы керек.

Мысалы:
1). 42,5*104 = 0,425*106 (m=0.425; 0.1< 0.425 < 1 болғандықтан, сан қалыпты);


2). 42,5*104 = 4,25*105 (m = 4,25; 1<4.25<10 болғандықтан, сан жәй стандартты түрге келтірілген);
Сандардың қалыпты түрлеріне мысалдар:

Ондық жүйеде:

753.15 = 0.75315*103;

-0.000034 = -0.34*10-4;

Екілік жүйеде:

-101.01 = -0.10101*211 (реті 112 = 310)

-0.000011 = 0.11*2-100 (реті -1002 = -410)
Компьютердің жадында, мантисса тек қана мәнді цифрлардан тұратын, бүтін сан түрінде ұсынылады (0 бүтін және үтір сақталмайды). Демек, нақты санның ішкі ұсынымы, бүтін қос сандардың: мантиссаның және реттің ұсынуылына әкеледі.
ЭЕМ-ң әр типтерінде сандардың жылжымалы нүкте қалпындағы ұсынуларының әртүрлі нұсқалары қолданылады.
Жадыда жылжымалы нүктелі сандар сақталғанда – мантиссаға, ретіне, санның таңбасына және реттің таңбасына разрядттар беріледі.
Неғұрлым мантиссаны жазуға көбірек разрядтар бөлінсе, соғұрлым санның дәлдігі жоғарылайды;


99

Реттің разрядтар санынының орны көбейген сайын, санның берілген қалпындағы диапазоны кеңейе береді;
Мысал үшін, 4 байттық жадының ұяшығында нақты санның ішкі ұсынылуын қарастырайық.
Ұяшықта келесі ақпарат болуы керек: санның таңбасы,



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет