Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы


-параграф. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымы басшысының (директорының) оқу ісі жөніндегі орынбасары



бет30/91
Дата10.09.2022
өлшемі209,22 Kb.
#38793
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   91
2-параграф. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымы басшысының (директорының) оқу ісі жөніндегі орынбасары
105. Лауазымдық міндеттері:
оқу процесін ұйымдастыруды, оқу жоспарларын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
білім беру ұйымының қызметін перспективалық болжауды және ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады;
оқу-тәрбие процесінің, ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз етудің жай-күйін талдайды;
оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындау бойынша педагогтердің жұмысын, сондай-ақ оқу-тәрбие, оқу-әдістемелік құжаттаманы әзірлеуді үйлестіреді;
білім беру процесінің сапасын және білім алушылардың білім беру дайындығы нәтижелерін бағалаудың объективтілігін бақылауды жүзеге асырады;
білім алушылардың оқу жүктемесіне бақылауды жүзеге асырады;
оқу сабақтарының және оқу қызметінің басқа да түрлерінің кестесін жасайды;
білім беру процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
қорытынды аттестаттауға дайындық және оны өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
педагогтердің тиімді тәжірибесін тарату бойынша шараларды жинақтайды және қабылдайды;
оқу үрдісіне инновациялық технологияларды енгізеді;
білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке және гендерлік ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру қызметінің дамыту және түзету бағдарламаларын әзірлеуді жоспарлайды;
педагог кадрларды іріктеуге қатысады, олардың біліктілігі мен кәсіби құзыреттілігін арттыруды ұйымдастырады;
педагогтерге біліктілікті беру, арттыру (растау) рәсімін дайындауға және жүргізуге қатысады;
оқу зертханалары мен кабинеттерін қазіргі заманғы жабдықтармен, көрнекі құралдармен және оқытудың техникалық құралдарымен жарақтандыру, әдістемелік кабинеттерді, кітапханаларды оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен толықтыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
оқу-тәрбие процесінде пайдаланылатын жабдықтардың, аспаптардың, техникалық және көрнекі құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің жай-күйін, белгіленген есептік құжаттаманың сапалы және уақтылы жасалуын, анықтығын және тапсырылуын бақылауды жүзеге асырады;
білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
106. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерді;
педагогика және психология негіздерін;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, арнаулы әлеуметтік қызметтердің мемлекеттік стандарттарын;
педагогикалық этиканың нормаларын;
тәрбие үдерісін ұйымдастыру бойынша халықаралық тәжірибені;
экономика негіздерін;
еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын, санитариялық қағидалар мен нормаларды.
107. Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
және (немесе) білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы не педагог – сарапшы немесе педагог – зерттеуші немесе педагог - шебер біліктілігінің болуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет