Педагогических работников по актюбинской области


Список использованной литературы



Pdf көрінісі
бет32/105
Дата06.03.2017
өлшемі5,85 Mb.
#8085
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   105

Список использованной литературы: 

1.  Фахрутдинова  Г.  Ж.,  д-р  пед.  наук,  проф.,  Формирование  поликультурных  ценностей  личности  в  условиях 

этнокультурного образовательного процесса. Казанский федеральный университет.  

2.  Аморкина  Е.А.  Ценности  толерантности  в  среде  современных  школьников  /  Е.А.  Аморкина  //  Народная 

школа. - 2004. - № 4. - С. 40-42 

3.  Парагульков,  М.Б.  Межкультурная  коммуникация  в  контексте  образовательной  системы:  формирование 

поликультурной компетенции педагога / М.Б. Парагульков // Образование в современной школе. - 2004. - № 3. - 

С. 13-15. 

4. Никишина И.В. Инновационная деятельность современного педагога. Волгоград: Учитель, 2007. 


158 

ҤШТІЛДІ БІЛІМ БЕРУДЕ ФОЛЬКЛОР МЕН ӘДЕБИЕТТІҢ РОЛІ 

 

Кузбаева Э.Б., 

Ақтҿбе қаласы №38 қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен ҽдебиеті пҽн мҧғалімі  



 

Ҽлемде қанша ҧлт нҽсіл болса, солардың бір-бірінен даралап тҧратын басты бойтҧмары – туған тілі. «Ҽр 

халықтың ана тілі – білімнің кілті», - деп Ахмет Жҧбанов тілдің адамзат ҿміріндегі маңызын аша тҥскен [1,116] 

«Ҥштілділік  –  нақты  тҧлға,  ҧжым,  халықтың  белгілі  бір  қоғамда  қарым  –  қатынас  ҥдерісінде  қажет 

болған жағдайда ҥш тҥрлі тілді алма кезек қолдану қҧбылысы», - Б.Хасанҧлы анықтама бергендей [5,4] бҥгінде 

оны қолдануға жан-жақты кҥш салынуда. Осы орайда қҧрылған «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 

жылдарға  арналған  бағдарламасында»  еліміздегі  ҿмір  сҥріп  жатқан  халықтардың  мҽдениеті  мен  дҽстҥріне 

қҧрметпен  қарайтын,  ҥш  тілді  еркін  меңгерген,  кҿпмҽденилік  тҧлғаны  тҽрбиелеу  ісіне  кҿп  мҽн  беріледі.Бҧл 

мемелекеттік бағдарлама аясында тілдерді ҥйрену ісіне ерекше кҿңіл бҿлінуде. 

Тҽрбие – қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жҥйелі қалыптастыру процесі, аға 

ҧрпақтың тҽжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана – сезімін, жағымды мінез – қҧлқын дамытушы. 

Ересек буын қоғамды тарихи ҿмірде жинақталған тҽжірибені, білімді жас буынға тҽрбие процесі арқылы береді. 

«Жас  ҧрпақ  тҽрбиесі»  –  адамзаттың  мҽңгілік  тақырыбы.  Ҧлттың  бҥгіні  де,  болашағы  да  тҽрбиелі  ҧрпаққа 

байланысты.  Олай  болса  жас  ҧрпақты  тҽрбиелеуде  фольклор  мен  ҽдебиеттің  алатын  орны  ҥлкен.  Қазақ 

халқының  бағзы  заманнан  бергі  негізгі  рухани  азығы,  мҽдениеті,  ҽдебиеті,  философиясы,  даналығы  –  ауыз 

ҽдебиеті  болғандығы  мҽлім.  Фольклор  –  жазба  ҽдебиетінің  іргетасы.  Яғни,  ол  –  халықтың  сан  ғасырлық 

кҿркемдік ақыл – ойының жемісі, жазу білмеген тҧстағы халықтың кҿркем тарихы. [1] 

Бҥгінгі  кҥні  фольклор  мҽселесінің  ҿзектілігі  кҥннен  кҥнге  артып,  барған  сайын  оған  деген  жан-жақты 

қызығушылық артуда. Жалпы, фольклор мен ҽдебиетінің арасындағы байланыс, ең алдымен, олардың біртҧтас 

даму  заңдылықтарымен  айқындалады.Ол  заңдылық  –  дҽстҥр  мен  жалғастықтың  сабақтасуымен  тығыз 

байланысты.  Ҽдебиет  пен  фольклордың  байланысы  –  ҽлем  мҽдениетінің  дамуындағы  басты  заңдылықтардың 

бірі. Жер жҥзіндегі қай ҽдебиетті алсақ та, оның шығу тегі  – фольклор екенін кҿреміз. Сондықтан ҽдебиеттегі 

фольклоризм  барлық  ҽдебиеттің  тарихы  мен  теориясын  зерттегенде  де,  жеке  ақын  –  жазушылардың 

шығармаларын  талдағанда  да  кҿрнекті  орын  алады.  Фольклор  –  халық  эстетикасының  айнасы,  нормасы.  Сол 

себепті  ол  ҽдеби  шығармаға  енгенде  бірнеше  рҿл  атқарады,  бірде  кейіпкердің  образын  кҥшейтуге,  енді  бірде 

шығарманың  идеясын  кеңейтуге,  кҥшейтуге,  кейде  автордың  позицициясын  айқындауға,  ал  кейбір  жағдайды 

сюжет қҧруға мол ықпал етеді, тіпті бҥкіл шығармаға негіз болады. «Сҿз Ҿнерінің басы - фольклорда», - деген 

М.Горький  қағидасын  басшылыққа  ала  отырып,  Халық  ҽдебиеті  ҿнер  байлығының  қоры  ретінде  тіл 

ҧстартудағы ең кҿрнекті қҧрал болып қалады. Одан тіл байлығымыздың асылдарын тереміз, сырларын ҧғамыз. 

Тіл байлығымызды ҧлғайту жҿнінде талай насихаттар айтылып та, жазылып та жҥр.[1] 

Халық  ҽдебиетіндегі  небір  тамаша  портреттер,  суреттеулер,  салыстырулар  тҥрлері  бізді  таңдандырады. 

Халық  тіліндегі  қҧбылыстарды  берудегі  икемділік  пен  дҽлдік  немесе  сезімге  ҽсерлілік,  оралымдылық 

сҥйсінтеді. Тіл жетпес сҧлулық та, жел жетпес жҥйріктік те жоқ, асыра мақтауға да, ойсырата ҽшкерелеуге де 

тіл  жатады.  Ауыз  ҽдебиетінің  тілдік  қоры  бізді  ҽдемі  сҿйлеуге  ҥйретеді.  Қазақ  фольклорында  халқымыздың 

ғылыми ҧғымдары да аз емес. Жас ҧрпақты тҽрбиелеуде фольклор мен ҽдебиеттің алатын орны ерекше.  

Фольклор  текстерінен  кҿшпелі  тҧрмысты  мадақтаған,  тіпті,  оны  аспанға  кҿтеріп  дҽріптеген  сан  алуан 

ҥзінділер  кездестіреміз.  Ойымызды  дҽлелдеу  ҥшін  қазақтың  ең  кҿне  деген  шығармасы  –  бҽдік  жырын  алып 

қарасақ,  бҧл  жырдан  сҿздің  магиялық  қасиетін,  яғни  сауықтырғыш  қасиетін  ҧғамыз.  Осыдан-ақ  ол  жырдың 

кҿне дҽуірдің ҿскерткіші екендігі ҧғылады. Ғасыр басындағы ҽдебиеттің жҥгін арқалаған ақын-жазушылардың 

ҽрқайсысы  халық  мҧрасынан  ҿз  шығармаларына  негіз  іздеді  жҽне  қолдана  білді.  Олар,  ең  алдымен,  фольк-

лорлық  тақырыптарды  жазба  ҽдебиеттің  игілігіне  айналдыруымен  бағалы  болса,  екіншіден,  ҿз  шығарма-

ларының сюжеттік тілінде фольклорлық дҽстҥрлерді кеңінен қолдана білді. Яғни сарын тақырып, кейіпкерлер 

жҥйесі сияқты тҥрлі фольклорлық байланыстарды ҿз шығармаларында жан-жақты қолдана білді. [2] 

Сҿз  ҿнері  ретіндегі  фольклор  мен  ҽдебиеттің  жақындығы  ҧқсастығы  неде?  Ең  бастысы  туыстық  – 

екеуінің  де  негізгі  қҧралы  сҿз.  Фольклорда  да,  ҽдебиетте  де  сюжет  бар.  Сонан  соң  бҧл  екеуінің  жанрлық 

табиғатын анықтайтын – олардың қызметі мен нысаны: Екеуіне де бейнелі ойлау тҽн. Айырмашылықтары:  

а)  фольклорлық  шығарманың  белгілі  авторы  болмайтындығы.  Жазба  ҽдеби  шығарманың  авторы,  оның 

ҿмірбаяны,  шығармашылық  жолы  белгілі  болады.  Фольклор  туындысы  ҧжымдық  шығармашылық,  оның 

авторы – Халық. 

ҽ)  фольклорлық  шығарманың  кҿп  нҧсқалылығы.  Мҽселен,  «Қобыланды  батыр»,  «Қозы  кҿрпеш  Баян 

сҧлу» т.б. жырлардың бірнеше нҧсқалары бар. Фольклорлық шығармалардың кҿп нҧсқалы болуының себебі  – 

оның ауызша шығарылып, ауызша таратылатындығы. 

Фольклор  теориясының  маңызды  бір  мҽселесі  –  кҿркемдік  ҽдіс,  соған  байланысты  кейіпкерді  суреттеу 

тҽсілі.  Осы  тҧрғыдан  келгенде,  фольклор  романтикалық  типтендіру  ҽдісін  қолданып,  кейіпкерді  суреттеуде 

дҽріптеу мен ҽсірелеу сияқты тҽсілдерді пайдаланады.мҧнда уақыт пен Кеңістік ҿзгеше кҿрінеді. Кҿнелік сипат 

пен  жаңаның  қиял  мен  ақиқаттың  аралас  жҥруі  –  фольклорға  тҽн  ерекшеліктің  бірі.  Ал,  ҽдебиет  туындысы  – 

авторлық мҽтін, онда автордың қайталанбас қолтаңбасы, ҿз стилі бар. Автордың ҽр кейпкері – дара, ҿзіне ғана 

хас  мінез  –  қҧлқы  бар,  сҿйлеу  машығы  бар  тҧлға.  Жас  ҧрпақты  тҽрбиелеуде  фольклордың  балалардың 



159 

маңыздылығы: Қазақ балалар фольклоры мінез-қҧлқын, кҿркемдік талғамын танытатын, шығармалар қуат кҿзін 

ашатын  асыл  мҧра.  Ол  ҿзінің  бала  табиғатына  лайықтылығымен,  логик  жҥйелілігімен,  музыкалық  ҽуенмен, 

ҿнегелі  мазмҧнымен,  нҽрлі  тілімен  балалардың  рухани  азығына  айналған  тҽрбие  қайнары  болып  табылады. 

Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  ҿміріндегі  ҧлттық  фольклор  мҽдениетін  ҥнемі  қолдану  тҽрбие  жағынан 

маңызы  ҿте  зор.  Бала  фольклорды  ҥйрене  отырып,  дҥние  танымы  ҿседі.  Отан  сҥйгіштікке  қызығушылығы 

артады. Қазақтың балалар фольклорын ҥлкен екі сала бойынша қарастыруға болады. 

а) балаларға арналған шығармалар 

ҽ) балалардың ҿздері шығарған шығармалар 

Бҧл  шығармалар  кҿбінесе  тҧрмыстық  –  тҽрбиелік  мақсат  кҿздейді.  Олардың  бір  бҿлігі  жас  баланы 

ҽлпештеу, желеп-жебеу ҥшін орындалады. (бесік жыры, сҽбилік ғҧрып жырлары – шілдеханада, тҧсау кесерде, 

т.б. ҽдет-салтқа қатысты орындалатындар). 

Енді  бір  тобы  –  жас  баланың  ҿсіп  жетілуіне  байланысты  ырым-  ғҧрыптық  іс  –  ҽрекеттер  кезінде 

айтылады ҥшінші топтағысы - жеткіншіктерге арналған ҽр тҥрлі ҿлең, жыр, ертегі. Жалпы, балаларға арналған 

фольклордың кҿркемдігі айтарлықтай жоғары болмайды. Олар, негізінен, балалардың жасы мен психологиялық 

ерекшеліктеріне  байланысты  келеді.  Тек  жеткіншектер  ҥшін  айтылатын  шығармаларды  тҽрбиелікпен  қатар 

эстетикалық  та  мақсат  қойылады.  Мҧнда  поэзиялық  та,  прозалық  та  фольклор  бар,  тіпті  драмалық  тҥр  де 

кездеседі. Олардың ҿзіндік поэтикасы, композициясы, образдар жҥйесі болады.  

Балалардың ҿздері шығарған шығармалар. Негізінен, мҧндай шығармалар ересек балалардың арасынды 

туып, орындалады. Олардың ішінде ғҧрыптық та, ойындық та фольклор бар. Демек, мҧнда ҽрі тҧрмыстық, ҽрі 

эстетикалық  мақсат  қатар  жҥреді.  Бір  топ  шығарма  маусымға  байланысты  болса,  екінші  топты  балалардың 

арнау-тілек, сондай-ақ кҥнделікті тіршілікке, табиғатқа, жан- жануарға қатысты жай ҿлеңдерді қҧрайды. 

Қазақ  фольклорының  ҧнамды  образдары  ҥнемі  халық  ортасында,  коллективтік  рухта  жасалған.  Ерлік, 

махаббат, ҽділдік, адамгершілік – бҽрі де солардың бойына жинақталған Ақылды Аязби «Жаман» атанса да, хан 

жарандарынан  озып  шығады.  Алдар  кҿсе,  Тазша  бала  бейнелері  -  халық  тапқырлығының  жарқын  кҿрінісі. 

Эпостық  жырларға  келер  болсақ,  ондағы  образдар  ҧлғайтылып,  ҧлы  қаһар-  мандар  дҽрежесіне  жеткізілген№ 

Баян, Қозы, Қобыланды, Қҧртқа, Алпамыстар – жалпы халықтық образдар болып шыққан. Олардың іс –ҽрекеті, 

ой – ҧжданы мен арман мҥдделері халық санасымен ҽркез бірге. Осы жайларды ескере отырып, М.Горький миф 

пен  эпоста  бір  адамның  ғана  ой-санасы  емес,  бҥкіл  ел,  халықтың  бірлескен  творчестволық  қызметі 

болатындығын айтқан-ды. Қазақ фольклорының озық ҥлгілеріне тҽн осы коллективтік сипатты оның халықтық 

арқауының бірі дейміз. 

Қазақ фольклорының образдары жанды ҽрі шынайы  болып келеді. Олар адамға терең ой салып, ғибрат 

береді.  Фольклор  туындылары  адам  тҽрбиесі,  қоғам  мҽселелерінен  шет  жырланған  емес.  Оның  басты  айтар 

ойы- халықты, адам баласын сҥйе біл, еңбек пен ерлікті қастерле, досқа жылы, қамқор, дҧшпанға берік бол, жас 

та  болсаң,  елге  ағалық  кҿрсете  біл,  ҿмірден  ҥйрен  де,  ҿрге,  ҿнерге  ҧмтыл  дейтін  ғибрат.  Мҧнын  бҽрі  адам, 

ҽсіресе жас ҧрпақ тҽрбиесі ҥшін аса қажет қҧндылық. Ертегі мен эпоста кҿптеген образдар бар десек, солардың 

мінез  -  қҧлықтары,  психологиясы  бір-біріне  қарсы  қойылған.  Онда  бірлікпен  араздық,  достық  пен  жаулық 

сарындары  шендескен.  Мҧны  біз  халық  гуманизмінің  фольклорындағы  кҿрінісі  дейміз.  Тҧлғасы  сом,  жан  –

дҥниесі  таза,  рухы  кҥшті  ірі  образдар  жасаудағы  халық  поэзиясының  сҥйенген  арқауы-осылар.  Фольклорлық 

дҽстҥр дегеніміз – қалыптасқан шығармашылық ҽдістің жалғастығы, ал ҽдебиеттегі дҽстҥр дегеніміз – бҧрынғы 

тҽжірибені жаңғырту болып табылады.  

Бҥгінгі тҽуелсіз даму жолындағы Қазақстанда тамырлары ғасырлар қойнауына кеткен ҽдет-ғҧрып, салт-

дҽстҥрлеріміздің  сақталып,  ҧлттық  рухани  мҽдениетіміздің  маңыздылығы  арта  тҥсуде.  Мҧндай  жағдай 

жеткіншек  ҧрпақты  ҿз  халқының  рухани  қазынасымен,  оның  ҧлттық  мҽдениетімен,  ҽдет-ғҧрып,  салт-

дҽстҥрлерімен неғҧрлым терең таныстыру керек екендігін тудырады. Адамгершілік тҽрбиенің қалыптасуы мен 

дамуы  халықтың  сан  ғасырлық  тарихымен,  тҧрмыс  –  тіршілігімен  тығыз  байланысты.  Жас  ҧрпақтың  бойына 

адамгершілік  қасиетті  қалыптастыруыда  фольклор  мен  ҽдебиеттің  рҿлі  ерекше.  Олар  адам  бойындағы  қҧнды 

қасиеттеріне  (қайырымдылық,  мейірімділік,  ізеттілік,  инабаттылық,  бауырмалдық,  туыстық,  достық,  сезім, 

туған жерге, елге сҥйіспеншілік, ҧлттық намыс, ата – баба дҽстҥрін т.б.) қалыптастырады. 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.

 



Қоңыратбаев Ҽ. «Қазақ фольклорының тарихы». 

Алматы «Ана тілі» 1991. 

2.

 

Тілеужанов М. Алматы «Ана тілі» 1992. 



3.

 

Қазақ Ҽдебиетінің тарихы І том 1 кітап 1960. 



4.

 

Адамқҧлов Н. Жақышева З., Ақатай С. «Қазақтың фольклорлық ҧлағаты» 



5.

 

Қазақ фольклористикасы. 



 

 

 

 

 

 

 

160 

«ҤШ ТҦҒЫРЛЫ ТІЛ» ИДЕЯСЫ 

 

Кудьярова Ж.М., Аленова А.А., 

Ақтҿбе қаласы №39 орта мектебінің мҧғалімдері  

 

«Тіл – халықтың тарихы, шежіресі, халықтың кҥллі ҿмірінің жаңғырығы мен ізі, онан сол тілді жасаушы 



халықтың  арманы  мен  ҥміті,  қайғысы  мен  қуанышы,  кҥллі  рухани  ҿмірінің  ҥні  естіліп  тҧрады.  Тіл  –  адам 

қатынасының аса маңызды қҧралы. Тіл – адам баласы қоғамының ҿмір сҥруінің жҽне дамуының қажетті шарты. 

Ол  ҽрбір  адамға  ана  сҥтімен  бірге  еніп,  қалыптасады»,-  деп  К.Аханов  айтқандай,  тіл  –  біздің  ҿміріміз  бен 

қоғамымыздың ажырамас бҿлігі. Қазіргі Қазақстанда тіл мҽселесіне кҿп мҽн беріледі. Ҽсіресе, ҥш тҧғырлы тіл 

туралы  айта  кеткен  жҿн.  Елбасымыз  «Ҥш  тҧғырлы  тіл»  туралы  идеяны  алғаш  рет  2006  жылдың  қазанында 

ҿткен  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  XII  қҧрылтайында  жария  етіп,  2007  жылғы  жолдауында  ―Тілдердің 

ҥштҧғырлылығы‖  атты  мҽдени  жобаны  кезең-кезеңмен  іске  асыруды  ҧсынды.  Бҧл  жоба  бойынша  Қазақстан 

халқы ҥш тілде сҿйлейтін жоғары білімді ел ретінде бҥкіл ҽлемге танылуы тиіс. Бҧлар: қазақ тілі – мемлекеттік 

тіл, орыс тілі – ҧлтаралық қатынас тілі жҽне ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі. Біздің 

халқымыз  ҥшін  қазақ  тілінің  маңыздылығын  жҽне  оның  еліміздегі  орын  алуы  туралы  қазақ  халқының  зиялы 

азаматтарының ерте заманнан бастап айтқандары белгілі.  

Қазіргі  уақытта  да  бҧл  мҽселеге  мемлекет  тарапынан  аса  назар  аударылатындығы  баршамызға  мҽлім. 

Мысалға айтатын болсақ, Елбасымыз ҿз еңбектерінде бҧл мҽселені назардан тыс қалдырмайды. Соның ішінде 

Президентіміздің біз ҥшін аса маңызды 2012 жылғы Жолдауындағы тіл мҽселесіне байланысты ойларын айтуға 

болады.  Оның  айтуы  бойынша:  «Қазақ  тілі  –  біздің  рухани  негізіміз.  Біздің  міндетіміз  –  оны  барлық  салада 

белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ҧрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тҽжірибесінен 

ҿтіп,  біздің  де  ҥйлесімді  ҥлесімізбен  толыға  тҥсетін  қазіргі  тілді  мҧраға  қалдыруымыз  керек.  Бҧл  –  ҿзін 

қадірлейтін  ҽрбір  адам  дербес  шешуге  тиіс  міндет.  Мемлекет  ҿз  тарапынан  мемлекеттік  тілдің  позициясын 

нығайту  ҥшін  кҿп  жҧмыс  атқарып  келеді.  Қазақ  тілін  кеңінен  қолдану  жҿніндегі  кешенді  шараларды  жҥзеге 

асыруды  жалғастыру  керек.  Келер  ҧрпақтың  болашағы  ҥшін  осындай  шешім  қабылдауға  тиіспіз  жҽне  бҧл 

ҽлеммен  бірлесе  тҥсуімізге,  балаларымыздың  ағылшын  тілі  мен  интернет  тілін  жетік  игеруіне,  ең  бастысы  – 

қазақ  тілін жаңғыртуға жағдай туғызады. Бҧл талаптарды орындауда елімізде  шаралар жасалып жатыр. Қазақ 

тілі – тек қазақ халқының тілі емес, мемлекеттік тіл – ортақ тіліміз.  

Қазақстанда  тҧратын,  оны  Отаным  деп  қабылдайтын,  ҿзін  Қазақстанның  патриоты  деп  есептейтін 

азаматтардың тілі. Ҽрине, Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде.Сондықтан да Елбасымыз Н.Ҽ.Назарбаев бҧл 

мҽселеге  ерекше  назар  аударады.  Ол  ҿзінің  2012  жылғы  14  желтоқсандағы  Жолдауында:  «Қазақ  қазақпен 

қазақша  сҿйлессін,  сонда  ғана  қазақ  тілі  барша  қазақстандықтардың  жаппай  қолданыс  тіліне  айналады.  Тілге 

деген кҿзқарас, шындап келгенде, елге деген кҿзқарас екені даусыз. Сондықтан оған бей-жай қарамайық. Қазақ 

тілі  жаппай  қолданыс  тіліне  айналып,  шын  мҽніндегі  мемлекеттік  тіл  мҽртебесіне  кҿтерілгенде,  біз  елімізді 

«Қазақ  елі»  деп  атайтын  боламыз»  —  деді.  Енді  келесі  кезекте  біздің  республикамызда  мемлекеттік  тілмен 

бірдей  дҽрежеде  қолданылатын  орыс  тіліне  тоқталамыз.  Ҧзақ  уақыт  бойы  Қазақстан  Ресей  империясының, 

кейіннен  КСРО-ның  қҧрамында  болды.  Сол  уақытта  орыс  тілі  ҧлтаралық  қатынас  тілі  болып  бекітілді. 

Қазақстандағы  орыс  тілділіктің  ерекшелігі  осы  тілде  сҿйлейтін  адамдардың  кҿпшілігі  этникалық  орыстар 

еместігінде болып табылады.  

Орыс тілін білу – біздің ҧлтымыздың тарихи артықшылығы екені баршаға белгілі. Бҧл жайлы қазақтың 

біртуар ақыны ҧлы Абай да айтып ҿткен болатын. Ақын «Орысша оқу керек, хикметте, мал да, ҿнер де, ғылым 

да  –  бҽрі  орыста  зор»,  «сен  оның  тілін  білсең,  кҿкірек-кҿзің  ашылады»  дейді  .  Дҽл  осы  орыс  тілі  арқылы 

қазақстандықтар бірнеше ғасыр бойы қосымша білім алып, ел ішінде де, шет жерлерде де ҿз дҥниетанымдары 

мен  араласатын  ортасын  кеңейтіп  келе  жатқанын  жоққа  шығармауға  тиіспіз.  Бҥгін  елімізде  136  ҧлт  пен 

ҧлыстың  ҿкілдері  бір  тудың  астында  тату-тҽтті  ғҧмыр  кешіп  жатыр.  Қазақстанның  кҿпҧлтты  халқының 

татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі – біздің еліміздің ең басты байлығы. Осыған байланысты Елбасымыз 

тіл саясаты бірде-бір тілге қысым кҿрсетілмей жҥргізілу қажеттігін айтып ҿтті. Қазақстанда мемлекеттік тілдің 

рҿлі,  орыс  тілінің  ресми  мҽртебесі  жҽне  барлық  этностар  мен  олардың  мҽдениеттерінің  тең  жағдайда  дамуы 

туралы мҽселе шешілген.  

Болашақта  бҥкіл  азаматтардың  мемлекеттік  тілді  білуі  бізді  бҧрынғыдан  бетер  теңдестіріп,  бірлікті 

нығайта тҥседі. Ширек ғасырдан бері біз тіл саясатында айқын бағытпен келеміз – мемлекеттік тілді біртіндеп 

дамытудамыз  жҽне  бҥкіл  этностар  тілдерінің  дамуы  ҥшін  жағдайлар  жасаудамыз.  Бҥгінде  Қазақстан 

тҧрғындарының кҿпшілігі кем дегенде екі тілде сҿйлейтін елдердің бірі. Мемлекеттік тілдің жоспарлы  дамуы 

орыс  тілінің  дҽрежесіне  нҧқсан  келтірмеуі  тиіс.  Бізге  мемлекеттің  келешегі,  болашақ  дамуы  ҥшін  ең  негізгі 

сыртқы саясаты – кҿршілермен тату болуымыз керек. Орыс тілі – ҧлтаралық қарым-қатынас пен интеграциялық 

қызметтердің  діңгегі.  «Ҥштҧғырлы  тіл»  идеясының  ҥшінші  қҧрамдас  бҿлігі  –  ағылшын  тілін  ҥйрену.  Бҥгінгі 

таңда ағылшын тілін меңгеру – ғаламдық ақпараттар мен инновациялық технологиялардың ағынына кіру деген 

сҿз.  

Ҽлемдік  білім  алу  кеңістігінде  интеграциялық  ҥрдістердің  тереңдеп  кең  қанат  жайған  жағдайында 



ағылшын  тілін  оқыту  ҿзекті  болып  отыр.  Ҽлемнің  ең  дамыған  30  елінің  қатарында  болу  егемендік  алған 

еліміздің жаңа даму кезеңіңде, оның дҥниежҥзілік аренаға шығып, басқа елдермен саяси-экономикалық, мҽдени 



161 

қатынастарды  калыптастыруы,  Қазақстан  Республикасының  Біріккен  Ҧлттар  Ҧйымына  мҥше  болуы,  ҽр  тҥрлі 

дипломатиялық  қызмет  атқаруы  ағылшын  тілінің  рҿлін  кҿтеруді  қажет  етеді.  Қоғамдағы  геополитикалық, 

коммуникациялық, технологиялық ҿзгерістер жҽне интернет жҥйесі арқылы тілдесу ҽр тҥрлі мамандықтағы, ҽр 

тҥрлі  жастағы  адамдардың  санын  мейлінше  кҿбейте  тҥсуде.  Осыған  байланысты  шетел  тілдерін  пайдалану 

қажеттілігі  де  артып  келеді.  Тіл  –  тек  қатынас  қҧралы  емес,  тілін  ҥйреніп  жҥрген  елдің  рухани  байлығын 

меңгеруде  де  ҥлкен  рҿл  атқарады.  Осы  мҽселені  қолданысқа  алуда  елімізде  ағылшын  тілін  игеруде  серпіліс 

жасау мақсатымен 2013 жылдың 1-қыркҥйегінен бастап ағылшын тілін 1-сыныптан оқыту енгізілді. Бҥгінгі кҥні 

тҽуелсiздiкке қол жеткізген жылдардан берi ҽлемдегi кҿптеген елдермен саяси-ҽлеуметтiк, экономикалық жҽне 

мҽдени байланыс жасауға кеңiнен бет бҧрдық. Бҧл қарым-қатынастың нҽтижелi болуы, ел мен елдiң, халық пен 

халықтың ҿзара ынтымақтасқан бiрлiгiн ҿркендеуге тiл бiлудiң мҽнi кҥн сайын арта тҥсуде. Елімізде бҧл жайлы 

біраз қоғамдық пікірлер айтылуда.  

Мысалы, ағылшын тілінің мҽртебесі жҿнінде мынадай пікір бар: «Кҿптілді оқыту – жас ҧрпақтың білім 

кеңістігінде  еркін  самғауына  жол  ашатын,  ҽлемдік  ғылым  қҧпияларына  ҥңіліп,  ҿз  қабілетін  танытуына 

мҥмкіншілік беретін бҥгінгі кҥнгі ең басты қажеттілік». Ағылшын тілі – халықаралық тіл. Ағылшын тілі қазіргі 

таңда  халықаралық  қарым-қатынас  тілі  жҽне  дҥние  жҥзіне  кең  таралған  тіл  болып  танылады.  Қазіргі  кезде 

ағылшын  тілі  АҚШ,  Ҧлыбритания,  Канада,  Австралия  сияқты  кҿптеген  дамыған  мемлекеттердің  ресми  тілі, 

БҦҦ-ның алты ресми тілінің біреуі. Дамыған отыз елдің ішіне кіру ҥшін бҽсекеге қабілетті жан-жақты дамыған 

маман  дайындауға  кҿп  мҽн  берілуде.  «Ағылшын  тілі  бізге  ҽлемдік  аренаға  шығу  ҥшін  қажет.  Бҥгінгі  таңда 

ҽлемдегі  шығарылатын  оқулықтардың  85  %-ы  ағылшын  тілінде.Расында  да,  ағылшын  тілін  білу  жастарға 

ҽлемнің  ең  ҥздік  ЖОО-да  білім  алуға,  алдыңғы  қатарлы  мемлекеттерде  тҽжірибе  жинауға  мҥмкіндік  береді. 

Сонымен  қатар,  бҧл  ҽлемнің  ҽр  тҥкпірінде  кҽсіпкерлікпен  айналысудың,  іскерлік  қарым-қатынас  жасаудың 

маңызды  талабы  болып  табылады.  Бірнеше  тілді  меңгерген  азаматтардың  ҿз  елінде  де,  шетелде  де  бҽсекеге 

қабілетті тҧлғаға айналары сҿзсіз.  

Қазіргі  уақытта  қазақстандық  қоғамда  ағылшын  тілін  білу  жас  ҧрпақтың  жаңа  ақпарат  алуында  ҥлкен 

мҥмкіндіктер береді деген пікірмен де келісуге болады. Тҽжірибе кҿрсеткендей, тіл – мҽдениеттің кілті, ҧлттық 

бірліктің жалпы механизмі, ҧлттың ҽлеуметтік қҧрылым болуының басты қҧралы. «Тілі бірдің – тілегі бір», «тіл 

тағдыры  –  ел  тағдыры»  екендігін  жадымызда  ҧстай  отырып,  ел  бірлігінің  негізі  –  тіл  бірлігіне  қол  жеткізу 

жолында қызмет ету – парыз».  

Сондықтан  да,  «жас  ҧрпақтың  қазақ  тіліне  деген  сҥйіспеншілігін,  ҿзге  тілдерді  оқып-білуге  деген 

қызығушылықтары мен ҧмтылысын арттыру арқылы олардың Отанға деген махаббатын оятып, ҿз тағдырын ел 

тағдырымен  мҽңгілікке  байланыстыратын  ҧрпақ  болып  қалыптасуына  қол  жеткізу  басты  міндетіміз  болып 

табылады»  .Жоғарыда  айтылғандырдың  барлығын  ескере  отырып,  тіл  тағдыры  –  ел  тағдыры  деп  айтсақ 

қателеспейміз.  Ҿркениетке  қҧлаш  ҧратын  елдің  ҿрісі  қашанда  білікті  де,  саналы  ҧрпақпен  кеңеймек. 

Ҿркениеттік  ҿрелік  алға  шығып,  жаһанданудың  лебі  есіп  тҧрғанда  кҿп  тілді  игергенге  ешкімнің  таласы  бола 

қоймайтыны  анық.  Ҽлемдегі  мҥйізі  қарағайдай  елдердің  санатына  енуді  кҿздеген  халықтың  басты  мақсаты 

сауатты ҧрпақ тҽрбиелеу болып табылады.  

Ол  дегеніміз  –  ҿз  ана  тілін  терең  меңгерген,  сол  тілде  еркін  сҿйлей  алатын,  сонымен  қатар  бірнеше 

халықтың тілін білетін ҧрпақты тҽрбиелеу. Білім мен ғылымның, инновацияның, жалпы Қазақстанның дамыған 

жағдайында  Елбасы  біздің  алдымызға  ҥш  тілді  меңгеру  қажеттігін  қойды.  Қазақстан  азаматтарының,  яғни, 

біздің  парызымыз  –  «ҿзге  тілдің  бҽрін  біл,  ҿз  тіліңді  қҧрметте»  дегендей,  мемлекеттік  тілді  меңгеріп  қана 

қоймай,  шет  тілдерді  де  білу  деп  ойлаймын.  Сонымен,  біз  кҿрсеткендей  тілдердің  ҥштҧғырлылығы  –  уақыт 

талабы. Ҥш тілді білу жас ҧрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашады. «Ҥш тҧғырлы тіл» идеясы – 

жарқын болашақтың кепілі.  

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет