Педагогических работников по актюбинской области



Pdf көрінісі
бет94/105
Дата06.03.2017
өлшемі5,85 Mb.
#8085
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   105

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.

 



Қазақстан  Республикасында  2011-2020  жылдарға  дейінгі  білім  беруді  дамытудың  мемлекеттік 

бағдарламасы, Астана.2010. 

2.

 

Селевко Г.К. Энциклопедия образовательных технологий: М., 2006. 



3.

 

http://wordle.net  



4.

 

http://puzzlemaker.com 



 

 

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ – САПАЛЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ТӘСІЛІ 

 

Алдашева А.М., 

Қазақстан Республикасы Ақтҿбе қаласы Қарғалы селосы №3 Балалар музыка мектебі  

 

Қазіргі инновациялық технологиялар – білім сапасын арттырудың кепілі. Оны ҿз дҽрежесінде пайдалану 



–  оқушыны  шығармашылыққа  тҿселдіруге  ықпалы  ҿте  зор.  Оқытудың  тиімділігін  арттыру  ҥшін  ҿз 

сабақтарымда  М.Жанпейісованың  ‖Модульдік  оқыту  технологиясы‖,  К.Бітібаеваның  ‖Ҽдебиетті  оқытудың 

инновациялық технологиялары‖, Қ.Айтқалиевтың ‖Тілді оқыту ҽдістемесі‖, Н.Оразақынова ‖Сатылай кешенді 

талдау ҽдістері‖, ‖Сорос-Қазақстан‖  бағдарламалары негізіндегі ‖Дебат‖ технологияларымен жҧмыс жҥргізуді 

қолға алып жҥрмін. Бҧл технологиялардың ерекшелігі – оның оқушыға жан-жақты ықпал етуі. Яғни тек білімді 

немесе  оқу  бағдарламасын  меңгертіп  қоймай,  жеке  тҧлғаның  танымдық  қабілеттерін,  танымдық  процестерін 

(есту,  кҿру),  ҿзін-ҿзі  ҿзектендіру,  бекіту,  шығармашылық  қабілеттерін  қалыптастыру,  белсенді  сҿздік  қорын 

дамытуға, ҿз бетімен білім алуға, ізденуге деген ықыласы мен іскерлігін, оқу-танымдық ынтасын жетілдіру, ҽрі 

жеке тҧлғаны жан-жақты дамытуға жетелейді. 

Жаңа технологияны меңгеру мҧғалімнің интеллектуалдық, кҽсіптік, адамгершілік рухани азаматтық жҽне 

басқа да кҿптеген адами келбетінің қалыптасуына игі ҽсерін тигізеді. Э.Роджерс «Инновация – нақты бір адамға 

жаңа болып табылатын идея» - дейді. Сонымен инновация ҧғымы педагогикалық сҿздік қорына ежелден енген 

термин.  Кейбір  ғалымдардың  еңбектерінде  «Жаңа»,  жаңалық  енгіз  –  деп  кҿрсетілсе,  кейбіреулер  оны  ҿзгеріс 

деген терминмен анықтайды. 

«Технология  –  дегеніміз  қандай  да  болсын  істегі,  шеберліктегі,  ҿнердегі  амалдардың,  педагогикалық 

технология  –  педагогикалық  мақсатқа  қол  жетудегі  қолданылатын  барлық  қисынды  ілім  амалдары  мен 

ҽдістемелік  қҧралдардың  жҥйелі  жиынтығы»,  -  деп  тҥсіндіреді  В.Кларин.  Жаңа  педагогикалық 

технологияларды  қолдану  оқытушының  шеберлігі  мен  қабілетіне  де  сын.  Педагогикалық  технологияның 

ҽртҥрлі ҽдіс-тҽсілдерін оқытушы ҿзінің ізденісі арқылы оқушылардың қабылдау деңгейі мен қабілетіне сҽйкес 

іріктеп  алады.  Инновациялық  оқыту  дегеніміз  –  оқущылардың  мҥмкіндігі  мен  шамасына  қарай  мҽселенің 

байыбына барып, керектісін алып, қажетті жолдарын қабылдау, оған сын кҿзбен қарай отырып, шығармашылық 

тҧрғыдан ойлауға ҥйрету. 

Мысалы: модульдік оқыту технологиясында оқушының психологиялық ерекшеліктерін ескеру алдынғы 

орынға қойылады.  Ҽр балаға  жеке тҧлға  ретінде қарап  даралау, мҥмкіндігіне  қарай деңгейлік тапсырмаларды 

ҿздеріне  таңдату  арқылы  оқушының  ҿз  деңгейін  ҿзі  анықтауға  –  жҧмыстың  тҥрін  қызықтыра  тҥсуіне  ҽсер 

ететіні  анық.  Модульдік  жҥйеде  материалдарды  оқып  ҥйрету  ‖жалпыдан  жекеге‖  қағидасы  негізінде 

жҥргізіледі. Бҧл технология: 

1.

 



Оқушы тҧлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға; 

2.

 



Танымдықпроцестерді (жады, ойлау, зейін, елестеу, қабылдау) дамытуға; 

3.

 



Оқуға жағымды қызығушылығын қалыптастыруға; 

4.

 



Белсенді сҿздік қорын ауызша, жазбаша тілін дамытуға; 

5.

 



Тҧлғаның  қиындықтарға  даяр  болуы,  оны  жеңебілу,  қарым-қатынас,  ойын,  танымдық  қауіпсіздік, 

сыйласу, шығармашылық, ҿзін-ҿзіҿзектілендіру, қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді. 



451 

Қазақ тілі мен ҽдебиеті пҽнін оқытуда қазіргі кҥні жиі қолданылып жҥрген ҽдістердің бірі – стратегиялар. 

Оларды атап ҿтетін болсақ: 

1.

 



«Қызығушылықты ояту» («Ой қозғау», «Ой шақыру», «Миғашабуыл») стратегиясы 

2.

 



«Топтастыру» (Жинақтауҽдісі) стратегиясы 

3.

 



«Insert» стратегиясы 

4.

 



«Нартҽуекел» стратегиясы 

5.

 



«Шығармашылық» стратегиясы 

6.

 



«Кубизм» стратегиясы 

7.

 



«Мағынанытану» стратегиясы 

8.

 



«Ойтолғаныс» стратегиясы 

9.

 



«Ҽуезбенҽсерлеу» стратегиясы 

10.


 

«Кҿрнекілік» стратегиясы 

11.

 

«Бағытталған оқу» стратегиясы 



Жоғарыда  кҿрсетілген  кейбір  стратегияға  тоқталар  болсақ,  «Қызығушылықты  ояту»  («Ой  қозғау»,  «Ой 

шақыру»,  «Миға  шабуыл»)  стратегиясы  —  сабақ  барысында  оқушының  есте  сақтау  жҽне  жадыларының 

қабілетін  сҧрыптап,  байқау  ҥшін  арналған  стратегия.  Мысалы,  тақырыпқа  байланысты  мақал  -  мҽтелдер, 

афоризмдер,  ҿлең  жолдары  т.б.  еске  тҥсіру.  Не  болмаса,  сҧрақтар  мен  тапсырмалардайындату,  сҿзжҧмбақтар 

шешу.  

Екінші,  «Топтастыру»  стратегиясы,  мҧны  «кластер»,  «жинақтау  ҽдісі»,  т.б.  атаулармен  де  атайды,  Бҧл 



стратегияны  кҿбіне  білімді  жинақтау  кезеңінде  немесе  кейіпкер  мінезін  ашу,  екі  ҧқсас  бейнелердің  ортақ 

қасиеттерін  анықтауда  (Ана,  Кҥн)  жҽне  де  мҧғалімнің  ҽдістемелік  тҽжірибесіне  қарай  тҥрлендіріп  қолдануға 

тиімді тҽсілдердің бірі десек те болады. Себебі бҧл стратегия сонау балабақшадан жоғары сынып оқушыларына 

дейін  қолданылады.  Осы  «топтастыру»  стратегиясына  негізделген  «Ассоциация»  атты  тҽсіл  оқушының 

танымын кеңейтуде ҥлесі зор. 

Ҥшінші, «Insert» стратегиясы, бҧл стратегия «V»-білемін, «+»-жаңалық (жаңаақпарат), «-» — білмеймін



«?» — менітаңқалдырады деген белгілер арқылы қолданылады. Бҧл белгілер тҥсінуге, ҿз ойына басшылық етіп, 

ойын білдіруге талаптанады (кестені кҿрсету). 

Тҿртінші,  «Нартҽуекел»  стратегиясы,  бҧл  стратегия  оқушыларға  кҥрделі  сҧрақтар  қою  арқылы  немесе 

терең  мазмҧнды  мҽселелерді  шешуде  оқушылардың  бойында  жігер,  қайрат,  белсенділік  қабілеттерін  дамыту 

ҥшін пайдалы. 

Бесінші, «Шығармашылық» стратегиясы, бҧл стратегия оқушының шығармашылыққа білетін дамытып, 

тҥрлі  формада  жҧмыс  істей  білуге  баулиды.  Сабақ  барысында  рҿлдік  ойындар  кҿрсету,  сҿзжҧмбақ  немесе 

сҧрақ-тапсырмалар қҧрастыру, тақырыпқа байланысты сурет салу, т.б. тҽсілдерді пайдаланып сабақты қызықты 

етіп ҿткізуге болады. 

Алтыншы,  «Кубизм»  стратегиясы,  бҧл  стратегия  шаршы  яғни  кубтың  ҽр  қырына  тҥрлі  тапсырмалар 

беріліп,  сол  тапсырмаларды  орындауды  міндеттейді.  Мҧнда  кубтың  ҽр  қырына  «Тҥсіндіріңіз»,  «Суреттеңіз», 

«Зерттеңіз»,  «Талдаңыз»,  «Қолданыңыз»,  «Салыстырыңыз»  деген  сияқты  жҧмыс  атаулары  жазылады,  ал 

мҧғалім  осы  тапсырмалардың  мҽн-мазмҧнын  ашып  айтады,  ҽрі  жауаптардың  қате  немесе  дҧрысын  қадағалап 

отырады. Қосымша тҥсініктемелер де беріп отыруына да болады. 

Жетінші, «Мағынанытану» стратегиясы, бҧл стратегия сабақты тҥсіндіруде, мҽтінді оқу, сабақ мазмҧнын 

меңгеру кезеңі десек те болады. 

Сегізінші, «Ойтолғаныс» стратегиясы, мҧны «Брейн-стролинг» ҽдісідеп те атайды. Бҧл стратегия жҧмыс 

мазмҧны  жағынан  «шығармашылық»  стратегияға  ҧқсас,  айырмашылығы  мҧнда  оқушыдан  ішкі  жан-дҥниесін 

кеңінен  ашуға,  сезімін,  дҥниетанымын,  рухани  бейнесін,  адами  асыл  қасиеттерін  кҿрсетуге  баулиды.  Негізгі 

тапсырмалар кҿбіне ой толғау жазу, шығарма жазу, ҿлең шығару, мақала жазу, ертегі, аңыз, ҽңгіме қҧрастырып 

жазу т.б. 

Тоғызыншы, «Ҽуезбен ҽсерлеу» стратегиясы, бҧл стратегия баланың музыкалық танымын кеңейтуге зор 

ҽсерін тигізеді. Мҧнда аудио таспа, видео таспа т.б. қҧралдар арқылы оқушыға ҿтіп жатқан материал бойынша 

ҽн  не  кҥй  тыңдату  немесе  мҽнерлеп  оқуды  жаттықтыру,  не  болмаса  ақындардың  ҿз  орындауындағы  ҽндерін 

ҧсыну сияқты жҧмыстар жҥргізіледі. 

Оныншы,  «Кҿрнекілік»  стратегиясы,  ҿз  аты  айтып  тҧрғандай,  мҧнда  тҥрлі  кҿрнекі  қҧралдарды 

тақырыпқа сай қолданылады. Олар: кеспе қағаздар, перфокарталар, семантикалық карталар, схемалар, кестелер, 

тҥрлі тест мҽтіндері, т.б. 

Он  бірінші,  «Бағытталған  оқу»  стратегиясы,  бҧл  стратегия  арқылы  оқушылардың  ортасында 

шығармашылық,  ынтымақтастық  аурасын  туғызу  мақсатында  оқушылардың  ҿздеріне  ереже  жасату,  тест 

қҧрастыру, қҧрастырған тест сҧрақтарына ҿздеріне оқыту арқылы жауап алу. 

Мысалы: 


1.

 

Жҧмысқа белсенді қатысу. 



2.

 

Бір-бірімізді бҿлмей тыңдау. 



3.

 

Бір-бірімізді мҧқатпау. 



4.

 

Сҿйлеушінің (айтушының) пікірін қҧрметтеу. 



452 

Жалпы  қазіргі  кҥнгі  қазақ  тілі  мен  ҽдебиеті  пҽндерін  оқытуда  сын  тҧрғысынан  ойлауды  дамыту 

технологиясы, деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы, модульдік оқыту технологиясы, сатылай кешенді талдау 

технологиясы, «Дебат» технологиялары, тіл дамыту технологиялары тҥрлі ҽдіс-тҽсілдермен қатар қолданылып 

сабақтарды қызықты етіп ҿткізуге кҿптеген мҥмкіндіктер жасалуда. 

Сын тҧрғысынан ойлау технологиясы 3 сатыдан тҧрады: 

1.

 

Қызығушылықты ояту; 



2.

 

Мағынаны тану; 



3.

 

Ойтолғаныс; 



1.

 

Қызығушылықты ояту – ҥйрену процесі. Бҧл сатыда оқушыларды қалайда қызықтыру керек деген 

принцип ҧсталынады. Оқышу ҿміріндегі тақырыпқа қатысы бар мҽселені ҧсыну жҽне оқыту мақсатын бірлесіп 

дайындау; Оқушының бҧрынғы  тҽжірибесімен байланыс  орнату; Жаңа  идеяны  тҥсінуге  платформа  дайындау. 

Бҧл бҧрынғы білім мен жаңа білімді ҧштастыру. Оқушы ҿзінің бҧрынғы  білімін жаңа біліммен толықтырады, 

кеңейтеді. 

2.

 

Мағынаны тану – оқушының білімін қалыптастыру деңгейінде оны зерттеу, талдау, жауап табу ҥшін 



жеткілікті  материал  болу  керек,  ол  ҥшін:  материалды  меңгеру;  белгілі  жҽне  жаңа  білімді  білу;  Сҧрақ  қою; 

Барлық  ммкін  байланыстарды  ҿткізу;  Бҧл  кезеңде  ҥйренуші  жаңа  ақпаратпен  танысады,  тақырып  бойынша 

жҧмыс  істейді,  тапсырмалар  орындайды.  Оның  ҿз  бетімен  жҧмыс  жасап,  белсенділік  кҿрсетуіне  жағдай 

жасалады. 

3.

 

Ойтолғаныс  –  жаңа  алған  білімді  айқындайтын  жҽне  ҧштайтын  деңгейде  оқушыда  шешім 



қабылдайтын мҥмкіндіктер пайда болады. 

 

Оқығанын ҿзіндік ойлау тҧрғысынан кҿрсете білу; 



 

Ҿз сҧрақтарын қою жҽне оған жауаптар табу; 



 

Болжау жасай білу жҽне оның дҧрыстығын тестілеу; 

Кҥнделікті  оқыту  процесінде  оқушының  ойтолғанысын  ҧйымдастыру,  ҿзіне,  басқаға  сын  кҿзбен  қарап, 

баға  беруге  ҥйретеді.  Инновациялық  білім  беру  ҽдістемелерінің  ішінде  сын  тҧрғысынан  ойлау  технологиясы 

мҧғалім ҥшін де, оқушы ҥшін де ҿте тиімді, мазмҧнды, маңызды оқыту болып табылады. 

Әдебиеттер 

1.

 



Кҿшімбетова С. «Қазақстан мектебі», «Оқыту тиімділігі – озық технологияларда» №1. 2004. 6. 28 

2.

 



Раджерс Э. «Инновация туралы тҧсінік, «Қазақстан мектебі», №4. 2006 

3.

 



Жҥнісбек Ҽ. «Жаңа технлогия негізі – сапалы білім»  

4.

 



«Қазақстан мектебі», №4. 2008 

 

 

ДАМЫТА ОКЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫ БІЛІМІНЕ ТИГІЗЕР ӘСЕРІ 

 

Боктаева Ж.А., 

Қазақстан Республикасы Ақтҿбе қаласы Қарғалы селосы №3 Балалар музыка мектебі  



 

Егеменді еліміздің бҥгінгі таңдағы ең басты мақсаты – жан-жақты дамыған, алдыңғы қатарлы елдермен 

теңесу. Ал оған жетудің басты жолдарының бірі –ҽлемдік білім кеңістігінен орын алу. Мҧның ҿзі ҧлттық білім 

беру  жҥйесінің  даму  бағыттарын  айқындап,  оны  тың  арнаға,  жаңа  сапаға  жеткізу  қажеттілігін  міндеттейді. 

Сондықтан  да  білім  мазмҧнын  байыту,  оқыту  ҥдерісін  жетілдіру,  инновациялық  технологияларды  дҥниеге 

ҽкелу, жан-жақты дамыған, рухани бай, ҿз елін, халқын жанымен сҥйетін тҧлға қалыптастыру ҿз шешімін қажет 

ететін,  кезек  кҥттірмей,  іс  жҥзіне  асыратын  мҽселе  болып  отыр.  Білім  –  қазақ  халқының  болашаққа  бару 

жолындағы  ҥлкен  стратегиялық  қоры.  Білім  беру  жҥйесін  заман  талабына  қарай  ҿзгерту,  дамыту,  жаңа 

талаптарға  бейімдеу  –  қоғамдық  мҽні  ҥлкен  мҽселе.  Қазақстандық  білім  беру  жҥйесі  тарихының  жаңа  кезеңі 

оқытудың  жаңа  жҥйелері  мен  жаңа  технологияларын  зерттеуді,  тиімділігін  анықтап,  оқу  ҥдерісіне  енгізумен 

ерекшеленеді.  Жаңа  білім  беру  жҥйесі  дҽстҥрлі  оқыту  ҥдерісін  тҥбегейлі  ҿзгертуді  жҽне  оқытудың  жаңа 

технологияларын  оқыту  ҥдерісіне  тиімділікпен  енгізу  жолын  негіздейді.  Бҧл  жаңа  бағыт  оқудың  нҽтижесін 

алдын  ала  болжап  жҽне  сол  арқылы  оқушылардың  ҿзін-ҿзі  дамытуға  қатысуын  мҥмкін  етеді.  Жаңа 

педагогикалық технологиялар жҥйесін қалыптастырған еңбектер мен зерттеулерде қазақстандық мектептердің 

болашағына  игі  ықпалын  тигізер  жолдар  мен  бағыттар  да  айқын  танылады.  Оқушыны  білім  беру  ҥдерісінің 

нысаны  ғана  емес,  сол  ҥдеріске  қатысушы  маңызды  субъектісі  деп  санап,  оның  ана  тілінде  терең  ойлай  алуы 

мен шебер сҿйлеуін, сауатты жазу тілін дамытып, оқу барысында алған білімі мен игерген машық-дағдыларын 

ҿмірдің  қажетті  жағдаяттарына  сай  ҽрі  дҧрыс  қолдана  алатын  дҽрежеге  жеткізу  –  жаңа  педагогикалық 

технологиялардың негізгі мақсаты. 

Инновациялық  технологиялардың  ішінде  ҿзіндік  орны  бар  технологияның  бірі  –  дамыта  оқыту 

технологиясы болып отыр. Бҧл технология қазақстан мектептерінде біртіндеп қолдана басталды. Енді аталған 

жаңа  технологияның  дамыта  оқыту  технологиясына  кҿз  жҥгіртсек.  В.В.Давыдов  «Дамыта  оқыту  дегеніміз  – 

ақыл – ойдың дамуының кҿрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысы»  - дейді. Дамыта оқытуда 

баланың  ізденушілік  -  зерттеушілік  ҽрекетін  ҧйымдастыру  басты  назарда  ҧсталады.  Ол  ҥшін  бала  ҿзінің  осы 



453 

кезге  дейінгі  білетін  тҽсілдерінің  жаңа  мҽселені  шешуге  жеткіліксіз  екенін  сезініп,  содан  барып  оның  білім 

алуға деген ынтасы артып, білім алуда ҽрекет жасайды. Дамыта оқыту жҥйесіндегі сабақтардың технологиясы: 

 

Оқу міндетін қою сабағы 



 

модельдеу сабағы 

 

тҥсінікті нақтылау сабағы 



 

нақтылау сабағы 

 

бағалау сабағы 



1.

 

 Оқу мақсаттарының нақты қойылуы. 



2.

 

 Оны шешудің жолын бірге қарастыру. 



3.

 

 Шешімнің дҧрыстығын дҽлелдеу. 



Бҧл  ҥшеуі  –  дамыта  оқытудың  Д.Б.  Эльконин,  В.В.  Давыдов  жасаған  жҥйесінің  негізгі  компоненттері. 

Оқушы  алдына  оқу  мақсаттарын  қоюда  ешқандай  дайын  ҥлгі  берілмейді.  Мақсатты  шешу  іштей  талқылау, 

сосын  жинақтау  арқылы  жҥзеге  асады.  Мҧғалім  сабақ  ҥрдісін  ҧйымдастырушы,  бағыттаушы  рҿлінде  ғана 

болады.  Шешім  табылған  кезде  ҽркім  оның  дҧрыстығын  дҽлелдей  білуге  ҥйретіліп,ҽр  оқушыға  ҿз  ойын  ,ҿз 

пікірін айтуға мҥмкіндік беріледі. 

Дамыта оқыту белгілері: 

1.

 

Педагогикадағы тҥсіндірмелі - иллюстративті ҽдісі алмастырады. Бҧл ҽдіс тҧлға дамуы – тығыз байланыста. 



2.

 

Дамытудың  барлық  заңдылықтарын  ескереді,  жеке  бастың  ҿзіндік  деңгейі  мен  ерекшелігіне 



сҽйкестендіріледі. 

3.

 



Балаға іс - ҽрекеттің толыққанды субъектісі болып табылады. 

4.

 



Балаға қоршаған ортамен ҿзара қатынасқа тҥсетін дербес субъект рҿлі беріледі. 

5.

 



Тҧлғаның барлық қасиетін тҧтас дамытуға негізделген. 

6.

 



Баланың жақын даму аймағында жҥзеге асады. 

Дамыта оқытуды ҧйымдастыру, балаға ақыл- ой ҽрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. 

Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мҧғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым – қатынас. Мҧғалім бҧл 

жағдайда дайын білімді тҥсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-ҽрекетті ҧйымдастыратын ҧжымдық 

істердің ҧйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың ақыл – ойының кҿзін ашып, шығармашылығын дамытады. 

Кейінгі  жылдары  дамыта  оқыту  психология  мен  педагогика  ғылымдарының  келелі  мҽселесіне  айналды. 

Жҥйенің  авторлары  «дамыта  оқыту  деп-  оқыту  мақсаты,  міндеттері,  ҽдіс-  тҽсілдері  баланың  даму 

заңдылықтарына сҽйкестендірілген оқытуды» атайды. Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа қҧрылымдар 

пайда  болуы,  яғни  жаңа  сапалық  ҿзгерістер  болуы  тиіс  деп  есептейді.  Жҥйенің  басты  мақсаттарының  бірі- 

баланы  оқыта  отырып жалпы  дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, ҿз  бетінше  ізденуге, шешім қабылдауға 

дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, ҽрі қарайҧшқырлау, тҧлғалыққа бағыттау. Дамыта 

оқытуда баланың ізденушілік- ойлау ҽрекетін ҧйымдастыру басты назарда ҧсталады. Ол ҥшін бала ҿзінің бҧған 

дейінгі білетін амалдарының, тҽсілдерінің жаңа мҽселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға тҥсуі 

керек.  Содан  барып  оның  білім  алуға  деген  ынта-ықыласы  артады,  білім  алуға  ҽрекеттенеді.  Мҧғалім  сабақ 

ҥрдісін  ҧйымдастырушы,  бағыттаушы  адам  рҿлінде  шешім  табылған  кезде  ҽркім  оның  дҧрыстығын  ҿзінше 

дҽлелдей  білуге  ҥйретіледі.  Ҽр  оқушыға  ҿз  ойын,  пікірін  айтуға  мҥмкііндік  беріледі,  жауаптар  тыңдалады. 

Ҽрине, жауаптар барлық жағдайда дҧрыс бола бермес. Дегенмен ҽр бала жасаған еңбегінің нҽтижесімен бҿлісіп, 

дҽлелдеуге  талпыныс  жасайды,  жеке  тҽжірибесін  қорытындылауға  ҥйренеді.  Дамыта  оқыту  жҥйесінде 

оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы  зор. Біріншіден-  дамыта  оқытуда  білім даяр кҥйінде  берілмейді, 

оған оқушы ҿз оқу ҽрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не 

білетіндіктерін  ортаға  салып,  мҽселені  ҿз  беттерінше  шешуге  талпынады.  Сҿйтіп  олар  осы  мҽселе  туралы  ҿз 

білімдерінің  жеткіліксіз,  таяз  екенін  сезіну  арқылы  сабаққа  деген  қызығушылықтары  оянады,  ішкі  тҥрткілері 

пайда болады. 

Екіншіден-  дамыта  оқытуда  оқушы  жоғары  қиындықтағы  мҽселелерді  шеше  отырып  ҿзінің  санасының 

саңылауларын  ашады.  Ҽр  оқушының  ҿзінің  деңгейіне  дейін  дамуға  қол  жеткізе  алады.  «Жақсы  оқушы», 

«Жаман  оқушы»  ҧғымының  болмауы,  балаларды  танымдық  ҽрекеттерге  ҧмтылдырады,  қҧштарлығын 

арттырады. 

Ҥшіншіден-  оқушының  жеке  басын  дамытатын  басты  қҧрал-  ол  ҿзінің  ҽрекеті.  Сол  себепті  дамыта 

оқытудағы  оқыту  ҽдістері  оқушыны  белсенді  жҧмыс  жағдайына  қоя  отырып,  мҽселелерді,  қайшылықтарды 

шешу мақсатын қояды. 

Тҿртіншіден-  дамыта  оқыту  жҥйесінің  нҽтижелі  болуы  оқушы  мен  мҧғалімнің  арасындағы  жаңаша 

қарым – қатынасы арқасында ғана ҿз жемісін береді. Сол себепті дҽстҥрлі жҥйедегі ҽміршілдік стиль бҧл жерде 

тиімсіз, оқушы- «орындаушы», «мҧғалімнің тасасындағы» объект емес. 

Осылайша, дамыта оқыту бойынша сабақ кезеңдерінде 

оқушылар сабақтың мақсат, міндетін ҿздері анықтайды 

мҽселені шешу жолын іздестіреді 

жаңаны ҿздері табады 

ақылдасады, кеңеседі 



454 

Аталған ҽрекеттері арқылы ҽр оқушының мҽселені шешу, ақпараттық, коммуникативтік қҧзыреттіліктері 

қалыптасады.  Қҧзыреттілік  қалыптастырудың  келесі  міндеті  ҽр  сабақтың  ҿмірлік  жағдайлармен 

байланыстылығы.  Бҧл  орайда  қҧзыреттіліктерді  қалыптастыруға  бағдарланған  тапсырмалар  қолданылады. 

Қорыта келгенде, дамыта оқыту технологиясы оқушы қҧзыреттілігін дамытуда аса маңызы бар технология. 

 

 



ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІ БОЙЫНША «CLIL» - ҤШТІЛДІЛІК ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН 

ЖҤЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСІ 

 

Ермекбаева Л.Ж., 

«Ҿрлеу» БАҦО АҚ филиалы ПҚБАИ кафедра аға оқытушысы 



Қарамурзина Ш.О., 

Назарбаев Зияткерлік мектебінің физика пҽні мҧғалімі 

Қазақстан Республикасы Ақтҿбе қаласы 

 

Бҥгінде  ҧстаз  қасиетті  міндетін  атқара  отырып,  білім  беруді  одан  ҽрі  ізгілендіру,  жеке  тҧлғаны 



қалыптастыруда озық, жаңғыртылған ҽдістемелік жҥйені меңгеру, ҽлемдік білім беру кеңістігіндегі ел дамуына 

оңтайлы  ізгі  қадамдарды  игеру  сияқты  жаңа  талаптарға  сҽйкес  істерді  жҥзеге  асыруға  бет  бҧрды.  Сапаға 

жетелейтін,  оны  қадағалайтын  тҥрлі  тетіктер  жеткілікті.  «Ҽлеуметтік  -  экономикалық  жаңғырту  -  Қазақстан 

дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын жҥзеге асыру мақсатында Назарбаев Зияткерлік 

мектептерінің тҽжірибесін оқу - тҽрбие ҥрдісіне енгізе отырып, тарату қазіргі таңдағы білім беру саласындағы 

алғы маңызды мҽселелердің бірі болып табылады. Кіріктірілген білім беру бағдарламасына сҽйкес, ҽрбір пҽннің 

оқу бағдарламасындағы маңызы мен оқытылу мақсаты, пҽнді оқытудағы ҥштілді саясаттың жҥзеге асырылуы, 

педагогикалық  ҽдіс-тҽсілдерді  ҧйымдастыру  ерекшеліктері  мен  ҽртҥрлі  мҽдениетке  деген  сыйластық,  пҽн 

арқылы  оқушылар  бойындағы  сыни  ойлау  мен  коммуникациялық  дағдылардың  жан-жақты  дамытылу 

жолдарын қарастырады. 

Оқушылар  білімі  мен  біліктілігін  жан-жақты  тексеру  мен  бағалаудың  критериалды  моделі  Қазақстан 

білім беру жҥйесі ҥшін бағалаудың жаңа тҥрі болып табылады. Жаратылыстану – математика пҽндері бойынша 

жаңа  бағалау  моделі  келесідей  тҿрт  дағдыға  негізделген:  білу  жҽне  тҥсіну,  қолдану,  сын  тҧрғысынан  ойлау 

жҽне  талдау  мен  коммуникация.  XXI  ғасырда  оқушылар  бойында  қалыптасуы  қажет  дағдыларға 

сҽйкестендірілген  оқу  бағдарламасы  мазмҧнына  орай  қҧрастырылған  оқыту  мақсаттары  аталған  дағдылар 

бойынша  бағаланады.  Алдын  ала  қҧрастырылған  оқу  мақсаттарына  сҽйкес  оқушылар  білім  мен  біліктілігін 

тексеру  бағалаудың  формативті  (қалыптастырушы)  жҽне  суммативті  (жиынтық)  тҥрлері  бойынша  жҥзеге 

асырылады[1].  Осыған  дейін  жылдар  бойы  4-балдық  бағалау  жҥйесіне  ҥйреніп  қалған  мҧғалімдер  мен 

оқушылар ҥшін бағалаудың мҥлдем бейтаныс тҥріне кҿшу оңай болмағаны анық. Ҽлемдік білім беру жҥйесінде 

бағалау ҽдіс-тҽсілдерінің тҥрлері кҿп. Соның ішінде, формативті жҽне суммативті бағалау тҥрлері кіріктірілген 

білім  беру  бағдарламасына  сай  Назарбаев  Зияткерлік  мектептерінде  қолданыста.  Дегенмен,  ҽлі  де  болса 

мҧғалімдер тарапынан аталған бағалау негіздерінің терең меңгерілуі жҽне оқыту барысында тиімді қолданылуы 

жеткіліксіз  болып  отыр.  Оған  оқушыларға  оқу  мақсаттарынан  тыс  материалдың  кҿп  берілуі,  формативті 

жҧмыстардың  ҿткізілу  формаларының  ҧзақтылығы  мен  тапсырмалар  кҿлемінің  ауқымдылығы  жҽне 

оқушылардың бірден оқу мақсаттарына жету деңгейінің тҿмендігі негіз бола алады. 

Қазақстанның барлық білім беру мектептерінде НЗМ инновациялық білім беру тҽжірибесінің тиімділігін 

ғылыми  тҽсілдер  арқылы  жҽне  оқытушы  -  ҽдіскерлердің  ғылыми  –  ҽдістемелік  ҧстанымдарындағы 

ерекшеліктеріне тоқталып ҿтсек. Ал жалпы кіріктірілген оқу дегеніміз не? Кіріктірілген оқу бағдарламасының 

артықшылығы  неде?  Осы  сҧрақтардың  жауабын  зерделеп  кҿрелік.  Кіріктірілу  –  бҧл  бір  оқу  мазмҧнының  ҽр 

тҥрлі  саладағы  жан-жақты  білімдермен  тоғысуы,  бір-бірімен  араласып  кетуі.  Кіріктірілген  сабақтар  оқушыға 

ҽлем туралы, заттар мен қҧбылыстардың ҿзара байланыстары туралы біртҧтас мағлҧмат береді, олар қҧрылысы 

бойынша белгілі қалыпқа сыймайды, сондай-ақ, оқу сағаттарын барынша ҥнемді пайдалануға мҥмкіндік береді. 

Осы тектес сабақтарда оқушылардың бейнелі ой-ҿрісі дамып, пҽннің жалпы мазмҧнын ҿмірмен байланыстыру 

арқылы  шығармашылық  мҥмкіндіктері  ашылады.  Кіріктірілген  сабақтардың  қҧрылымы  нақтылығымен, 

сыйымдылығымен,  орамдылығымен,  сабақтың  ҽр  сатысындағы  оқу  материалының  логикалық  ҿзара 

келісімімен, материалдың зор ақпараттық мҥмкіндігімен ерекшеленеді. 

Кіріктірілген білім беру бағдарламасының ерекшеліктері: 

 

Оқушыларға алған білімдерін оқудағы жҽне ҿмірдегі мҽселелерді шешуде пайдалануды ҥйретуге бағдарлау; 



 

Тілдерді деңгейлік ҥйретуді ҧйымдастыру; 

 

Пҽндерді кіріктіру; 



 

Жаңа пҽндерді енгізу; 

 

Тереңдетіп жҽне стандартты оқуға арналған пҽндерді жоғары мектепте таңдау қҧқығы; 



 

Жоғары оқу орындарына тҥсуге мақсатты тҥрде дайындалу 

 

Бағалаудың критерийлік жҥйесі; 



 

Осы бағдарлама негізінде оқушылардың дағдыларын дамыту: 



455 

 

Сын тҧрғысынан ойлау; 



 

Білімдерді шығармашылықпен пайдалана білу; 

 

Зерттеушілік дағдыларды қалыптастыру



АКТ дағдылары: 

 

Топта жҽне жеке жҧмыс істей білу; 



 

Коммуникациялық дағдылар тілдік дағдыларды қосқанда міндеттер мен мҽселелерді шеше білу; 

 

Кіріктірілген білім беру ісін ҧйымдастыру ерекшеліктері: 



 

Ҥш тілді білім беру ортасы; 

 

Тҽрбие мен оқытуды кіріктіру; 



 

Заманауи педагогикалық ҽдістер мен тҽсілдер қолдана білу; 

Ҥш тілде білім берудің тиімділігі Халықаралық зерттеулер ҥш тілде жҥргізілетін оқу бағдарламалары бойынша 

білім  алатын  оқушылар  жҧмысқа  ҧқыпты,  мотивациялары  жоғары,  бірнеше  тіл  білудің  артықшылықтарын 

тҥсінеді. Зияткерлік мектептерде ҥш тілде оқытудың ҽдіс тҽсілдері: 

 

Пҽн мен тілді кіріктіріп оқыту ҽдісі; 



 

Командалық оқыту; 

 

Тілдік ортаға ену; 



 

Командалық оқыту ҽдістеменің ҥштілдік білім беру саясатына ҽсері. 

Кіріктірілген білім беру бағдарламасын табысты жҥзеге асыру ҥшін белсенді оқыту, командалық оқыту, 

пҽндік-тілдік  кіріктірілген  оқыту  (CLIL),  т.б.  озық  педагогикалық  ҽдістерді  қолдану  талап  етіледі.  «CLIL»  - 

Ҥштілділік  оқыту  бағдарламасын  жҥзеге  асырудың  тиімді  ҽдісінің»  мақсаты:  ағылшын  тілін  жаратылыстану 

бағытындағы  пҽндермен  кіріктіріп  оқыту  арқылы  оқушылардың  білім  алуға  қызығушылықтарын  арттыру, 

олардың ағылшын тілінде сауатты тҥрде «Ҥштілділік» ҧлттық жоба аясында білім алып, дамуға бейімдеу. 

Мысалы, CLIL Chemistry «Prarao‘s snake» КЛИЛ химия сабақтарында ағылшын тілі мҧғалімі жҽне химия 

пҽні  мҧғалімі  бірлесіп,  командалық  микро  сабақ  ҥлгісін  кҿрсетіп,  бҧл  сабақта  оқушылар  химиялық  элемент 

терминдерін  ана  тілінде  ғана  емес,  ағылшын  тілінде  қолдана  отырып,  химиялық  –  лабораториялық  зерттеу 

жҧмыстарын жҥргізеді. Ал биология сабақтарында биология пҽні мҧғалімі ағылшын тілі мҧғалімімен бірлесіп 

сынып оқушыларымен CLIL lesson – «A colour symphony» сабағында сабын тамшыларының сҥт  қҧрамындағы 

майды  ыдыратуы  арқылы  тҥстердің  қозғалысын  зерттеп,  тҥсініктеме  береді.  Бҧл  сабақта  оқушылар 

биологиялық термин сҿздерді ағылшын тілінде қолдануды ҥйреніп, сҥттің қҧрамымен танысады. Пҽн мен тілді 

кіріктіріп оқыту ҽдісі негізінде сабақта берілетін тапсырмалар мен жҧмыстар тілді дамыту бағытында жҥреді. 

Яғни  тілдік  емес  пҽн  оқытушылары  тек  пҽннің  мазмҧнына  ғана  емес,  сонымен  қатар  сол  пҽн  арқылы 

оқушылардың тілдік дағдыларын дамытады. Бҧл ҽдіс арқылы бірден екі мақсатқа жетуге болады: ағылшын тілі 

арқылы сабақ мазмҧнын тҥсіндіру жҽне пҽндерді меңгеру арқылы ғылыми тіл дағдыларын дамыту. 

Оқу ҥрдісінде пҽндерді кіріктіре оқыту:  

-ерекше дарынды оқушыларға мҽнді де саналы оқуға

-сабақ қҧрылымында проблемалық жағдайлар ҥлесін ҧлғайтуға; 

-жеке тҧлғаның зерттеушілік типін қалыптастыратын оқушының ойлау ҽрекетін белсендіруге; 

-оқушыға  бір  мезгілде  ҽрекетті  орындауда  барлық  мақсат  қоюдан  нҽтижеге  дейінгі  барлық  процесіне 

бақылау жасауға; 

-білім берушілік, дамытушылық жҽне танымдық ҥшбірлікті ҧстаздың шексіз шығармашылығы тҧрғысынан 

жҥзеге асыруға; 

-сабақтың ақпараттық сыйымдылығын арттыруға; 

-оқушылардың  уҽждемесін  арттыруға,  олардың  оқу-танымдық  ҽрекетін  белсендіруге,  шаршағандары  мен 

қажуларын азайтуға; 

-сабақ ҥрдісінде ҿтілетін тақырыптың адам жҽне қоғам ҿмірімен тікелей байланысына мҽн беруге; 

-оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытуға; 

- олардың алған білімдерін ҿмірде қолдана білулеріне кҿмектеседі. 

Кіріктірілген білім бағдарламасы негізінде оқушылардың білімі критериалды бағаланады. Критериалды 

бағалау дегеніміз – оқушының білімі мен білігін алдын ала белгіленген оқу жетістіктерімен салыстыра оқыту, 

соның  негізінде  оқушыны  бағалау.  Критериалды  бағалау  кезінде  алдын-ала  бағалау  шкаласы  белгіленіп, 

оқушының алдына соған жету жоспары қойылады. Бағалаудың мҧндай жҥйесі білім алушының кемшіліктерін 

ҿзіне тҥзетуіне мҥмкіндік береді, оқушының ҿзін-ҿзі жҽне ҿзгені бақылауына, бағалауына мҥмкіндік туғызады, 

бағаның айқындылығын, адалдығын сақтайды, оқушының сабақ ҥрдісінде ҿткен тақырыпты қалай тҥсінгендігін 

мҧғалімге  кҥнделікті  саралап  отыруына  жағдай  жасайды.  Осының  барлығының  негізінде  мҧғалім  мен  оқушы 

арасындағы  кері  байланыс  бағалаудың  жалпы  негізін  ашады.  Яғни,  критериалды  бағалау  оқыту  –  тҽрбиелеу, 

дамыту, ынталандыру тҿрттігін басшылыққа алады. 

Критериалды  бағалау  жҧмысы  қалыптастырушы  жҽне  ішкі  жиынтық  бағалау  арқылы  жҥзеге  асады. 

Оқушы оқыту жоспарындағы барлық мақсаттар тҥгел қамтылған бірнеше қалыптастырушы бағалаулардан ҿтіп, 

тақырыпты  тҥсінбей  «талпынған»  оқушы  тҥзету  жҧмыстары  арқылы  оқу  мақсатына  «жетіп»,  ішкі  жиынтық 

бағалауға  келеді.  Ішкі  жиынтық  бағалау  мазмҧны  барлық  критерий  тҧтас  қамтылады.  Дескрипторға  сай 

тапсырманы толық меңгергендігін кҿрсетуі шарт. Соның нҽтижесінде тоқсан соңында жиынтық бағалау оқушы 



456 

білімін анықтап береді. Оқушы білімі баллдық жҥйемен есептеледі. Ҽлемде білім беру ісінің нҽтижесін бағалай 

білудің ҿзіндік тҽжірибесі қалыптасқаны  белгілі.  Бҧл ретте  біз  ҥшін оқушының қаншалықты  білім алғандығы 

емес,  оның  алған  білімін  ҿмірлік  тҽжірибеде  қаншалықты  пайдалана  алатындығы  маңызды  болып  отыр.  Ал 

біздің  еліміздегі  білім  жҥйесінде  басым  жағдайда  оқушылар  ҿздерінің  алған  теориялық  білім  деңгейімен 

бағаланып,  сонымен  ғана  шектеліп  жататыны  белгілі.  Осы  орайда  оқушы  білімін  критериалды  бағалау  - 

педагогтарға  нақтылық  алып  келетін  бірден-бір  жҥйе.  Ҽлемдік  ҿркениет  жолындағы  ҥздіксіз  даму  кезеңінде 

білім  мен  ғылымға  баса  назар  аудару  ҿзекті  мҽселелердің  бірінен  саналады.  Елбасымыз  Н.Ҽ.Назарбаевтың 

Қазақстан халқына «Бҽсекеге қабілетті халық ҥшін», «Бҽсекеге қабілетті экономика ҥшін» жолдауында: «Білім 

берудегі  жаңалық  –  Қазақстанның  бҽсекеге  нақтылы  қабілеттілігін  қамтамасыз  етуге  мҥмкіндік  беретін  аса 

маңызды  қҧралдың  бірі»  -делінген.  ХХІ  ғасыр  бой  жарыстыратын  емес,  ой  жарыстыратын  ғасыр  екендігін 

ескерсек,  сол  ғасырда  ҥздік  оқытудың  ҥлгісі  бола  алатын  кҿшбасшы,  ҧлттың  зияткерлік  ҽлеуетін  арттыратын 

ҧрпақ тҽрбиелеуді мақсат тҧтатын Зияткерлік мектептердегі білім бағдарламалары тиімді.  

Қорыта  айтқанда,  кіріктірілген  білім  бағдарламасы,  ондағы  оқушыларды  критериалды  бағалау  -  заман 

талабына сай шҽкірт білімін дҽл айқындауға мҥмкіндік беретін бақылау жҥйесі. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет