«педагогика»


Дәріс 17. Оқыту әдістеріне сипаттама



бет20/32
Дата16.05.2023
өлшемі186,9 Kb.
#93618
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   32
Дәріс 17. Оқыту әдістеріне сипаттама
Жоспар:
1. Тұтас педагогикалық процестегі оқыту әдістерінің орны.
2. Оқыту әдістері және құралдары және оқыту әдістерін таңдау мәселелері.
3. Қазіргі дидактикадағы оқыту әдістерін жіктеудің әртүрлі тәсілдері.
4. Шетел мектептеріндегі оқыту әдістері, оларды қолданудың мүмкіндіктері

Әдіс деген сөз гректін «metodos» деген сөзінен шыққан, қазақша магынасы –ақиқатқа, шындыққа жету жолдары дегенді білдіреді. Сонда оқыту әдістері дегеніміз –оқытудын мақсатына жету жолдары. Оқыту әдістері «қалай оқыту керек ?» деген сұраққа жауап береді. Оқыту әдістері мұгалім мен оқушының бірлесе жасайтын әрекеті. Педагогикалық энциклопедияда: «Оқыту әдістері –мұғалім мен оқушылар жұмысының тәсілдері,солардын көмегімен БІД-ны игереді, оқушылардың дүниетанымы қалыптасады, қабылеттері дамиды» -деп жазылған (ПЭ 2-том.М. 1965. 812 бет). Ал философиялық сөздікте: «Әдіс дәл жалпы мағынасында мақсатқа жету іс-әрекетін нақта ретке келтіру тәсілдері» деп жазылған (ф.сөздік, М.1963,272 бет). Әдістін бөлігі тәсіл деп аталады. Сонымен бірге мұғалім оқу құралдарын пайдаланды.


Оқыту әдістеріне қойылатын жалпы талаптар мыналар:
- оқытудың міндеттерін шешуге бағытталуы тиіс;
- оқытудың тәрбиелік мәнін арттыруға көмектеседі:
-мұғалім оқыту әдістері арқылы оқушылардың ғылыми әдістермен таныстыруға міндетті:
-оқушылардынөздігінен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру тиіс:
- мұғалім әдістерді қолдануда озат іс-тәжірибелерді пайдалануы керек:
Оқыту әдістері педагогикада әлі толық зерттеліп болмаған тақырыптардын бірі.
-Оқушылардың таным белсенділігіне қарай (М.Н. Скатин,И.Я.Лернер)
- Оқытудың мақсаты мен міндеттеріне қарай
(М.А.Давыдов,Б.П.Есипов,Т.А.Илъина)
- Тұтас педагогикалық әрекеттің тәсілдеріне қарай (Ю.К.Бабанский)
-Әдістің логикалық және психологиялық сипатына қарай (Р.Г.Лемберг)
- Мұғалім мен оқушылардың жасайтын әрекетінің ерекшекліктеріне қарай (В.Оконъ)
- Білім берудің көздеріне қарай (И.Т.Огородников, С.И.Перовский, Е.Я.Голант)
Оқыту процесінде жиі қолданылатыны білім берудің көздеріне қарай жіктелуі:
- Сөздік әдістер: түсіндіру, әңгіме, әңгімелесу, лекция, кітаппен жұмыс.
- Көрнекі әдістер: демонстрация және иллюстрация.
- Практикалық әдістер: лабораториялық, практикалық жұмыстар, әртүрлі жаттығу жұмыстары, ойындар.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатына, оқу материалының мазмұны мен көлеміне, оқушылардың дайындық дәрежесіне сәйкес,сабақтың құрылысы мен оқыту әдісін ұдайы толықтырып отыруды мұғалім өзі белгілеп, өзі таңдап алады. Мұғалімнің әдістерді таңдауы мына шарттарға байланысты:
-Оқушылардың жас және дербес ерекшеліктері;
-Сабақтың мақсатв мен міндеттері:
-Қолда бар көрнекі және техникалық құралдар;
-Мектептің географиялық орны;
-Мұғалімнің шеберлігі:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет