«педагогика»


Дәріс 19. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендірудің қазіргі тәсілдері



бет22/32
Дата16.05.2023
өлшемі186,9 Kb.
#93618
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32
Дәріс 19. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендірудің қазіргі тәсілдері
Жоспар:
1. Қазіргі дидактиканың жетістіктері.
2. Оқыту процесінің әртүрлі тәсілдеріне сипаттама /проблемалық оқыту,бағдарламалап оқыту,саралап оқыту, т.б./
3. Жаңашыл педагтардың тәжірибесіндегі оқыту технологиялары мен идеялары (З.Н.Ильин, В.Ф.Шаталов, Ш.А.Амонашвили, А.Искаков, Қ.Бітібаева т.б.)

ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында оқушыны оқытудың белсенді субъектісіне айналдырудағы оқу процесінің белсендіруге бағытталған және оны балаға қайта бағдарлаған дидиктикалық зерттеулердің көлемі айрықша өсті. оқыту процесіндегі радикалды өзгерістерді қоғамдық және педагогикалық сааның қалыптасуына бағыттаған Ж. Пиаже, Б.Блюм, Д.Ж.Бруннер, Ж.Гань, С.Эриксонның т.б. еңбектері куә. Ж.Пиаженің айтуынша, мектептер «жаңаша ойлайтын қабілетті адамдар дайындау керек,тек ткен ұрпақтың істегенін ғана қайталамай, шығармашыл және ойлап тапқыш адамды әзірлеу керек». белсенділік – білім алушының іс-әрекет пәнінен тікелей араласу дәрежесін анықтайды. оқушылыардың белсенділігін басқару дәстүрлі түрде белсендіру деп аталады. белсендіру- бұл оқытушының белгілі мақсатқа бағытталған әрекеті мазмұнды, көлемді оқу қолданылатын және қызығушылығын тудыратын, белсенділігін, шығармашылығын арттыратын, білімді меңгерудегі оқушының өзіндік үйренуі, дағды мен шеберліктің қлыптасуы, оларды тәжірибеде қолдану әрекеті.


Бұл ой еңбегінің тоқтап қалуын және құлдырауын, енжар және көшірме әрекеттен құтылу үшін, жігерлі мақсатты оқуға бағытталған тұрақты күнделікті ағымдағы процесс.
белсенділіктің негізгі мақсаты –оқушылардың белсенділігін қалыптастыру, оқу-тәрбиенің сапасын көтеру.
қазіргі кезде танымдық белсенділіктің мәнінекі тұрғыда белгілі болып отыр. кейбір зерттеушілер танымдық белсенділікті іс-әрекет ретінде қарайды, ал кейбіреулері – сапа, тұлғалық білім деп ұғады. бұл мәселені нақтылағанда «танымдық іс-әрекет»және «танымдық белснділік» ұғымдары ажыратып жіктеудің теориялық қана емес, тәжірибелік те мақсаты зор. егер белсенділік пен іс-әрекетті ұқсас құбылыс пен ұғым ретінде қарастыратын болсақ, онда бұндай жағдайда мәселе өзінен өзі шешіледі, яғни, оқушылардың кез-келген іс-әрекеті белсенді іс-әрекет болып табылады, бірақ бұл олай емес.
Оқушылардың оқу белсенділігінің мәселесі – терең педагогикалық зерттеулердің пәні. бұны зерттеуге М.А.Данилов, Р.Г. Лемберг, И.Я. Лернер, М.И.Махмудов, М.Н.Скаткин, И.Ф. Харламов және т.б. үлестерін қосты.
Оқу белсенділігінің әдіснамалық негізі – таным теориясы болып табылады. танфмның мақсаты – жеке тұлғаның санасындағы объективтік шыдықтың бейнеленуі болып табылады. тәжірибелік және рухани әрекетте жеке тұлға өзін қошаған әлемге әсерін тигізе трып, өзінің қажеттілігі мен мақсаттарына сәйкестендіріп оны өзгертеді және таниды. бұл таным процесінің ең жалпы үлгісі. алайда белсенді танымның ерекшелігін түсіну үшін, ең алдымен таным поцесінің ағымдық сипаты мен субъекінің бір-бірінен ерекшедеген толық бейнесін, таным субъектініңсанасындағы шынайы дүниенің бейнелнуінің екі деңгейін белгілеу қажет. таным объектісі репродуктивті деңгейде сырттай қалай берілсе, онда ол күйінд қабылданады. кейбір зерттеушілер репродукцияны бір енжар нәрсе сияқты қарайды. әрине ол шындыққа ұласпайды. оқушының білімді және әдістерді меңгерудегі мақсатты бағытталға еске түсіру іс-әрекеті оқушылар жағынан әр уақытта белсенді болып келеді,тек бұл белсенділіктің деңгейі әртүрлі болып келеді.
Белсенділікпен қатар оқуылардың оқуға деген қызығушылығының тағы бір маңызды қыры ашылады, яғни олардың мұғалімдер мен үлкендердің көмегінсіз объектінің, құралды анықтауға байланысты іс-әрекетті жүзеге асырудағы дербестігі бір-бірінен ажыратқысыз : неғұрлым белсенді оқушылар, соғұрлым дербес; оқушылардың жеткіліксіз дебестігі басқаларға тәуелді етеді және дербестіктен айырады.
Педагогикалық технология педагогикалық процеске қатысушылардың барлық көрінісінде белсенді іс-әректін көздейтін, белгіленген қасиеттері бар өнімді алуға мүмкіндік жасайтын процестермен әдістердің бірізділігі мен жиынтығы ретінде қарастырылады. кез-келген педагогикалық технологияның негізгі түйіні соңғы нәтижені нақты анықтау және оның жетістігін бақылау болып табылады.
Анықтамаларды салыстыру теория, әдіс, әдістеме, оқыту технологиясы, педагогикалық технология ұғымдарының дербестігін және соымен бірге оқыту процесін сипаттау үші олардың өзара байланыстығын, бір*-бірімен толықтыратындығын көрсетеді.
Технологияларды процессуалды, сандық және есептік компоенттер көбірек ұсынылады. әдістемелер мақсаттық, мазмұндық, сапалық және вариативті-бағдарлық жақтары көрсетілді. педагогикалық технологиялар оқыту әдістемесінен өзінің өндірістілігімен, нәтижесінің тұрақтылығымен ажыратылады.
Оқыту әдістемесі тәрбиелеу мен оқытудың әртүрлі әдістерін негізеді. бірақ оларды белгілі бір логикалық тізбекке тұрғызбайды. ал технология барлық уақытта тәсілдердің белгілі бір алгоритмін, логикасы, бірізділігін ұсынады.
Дәстүрлі әңгімелерде оқытудың мақсаттарын бағдарламалар талаптары бойынша жалпылама көмескі айқын емес болып келеді, онда білім алушылардың нақты жағдайлары, білімдеңгейлері дұрыс ескерілмейді.
Басқаша айтқанда, педагогикалық технологиялар білім алушы тұлғасын дамыту құралы болып табылады және педагогикалық процестің ерекше сипаттамасын бейнелейді.
Ғылыми негізделген технология педпгог пен оқушының іс-әрекетінде оқыту теоиясы мен әдістері мен проекциясы болып табылады. теория деңгейінде оқыту әдісі туралы жазу жеткілікті, технология деңгейінде оның барлық компоненттерін ашып көрсету қажет. технология әдістемеге қарағанда кеңірек. әдістеме білім беру технологиясын пайдалану элементтеріне негізделген. педагогикалық технология педагогикалық процестерге қатысушыларың субъект-субъектілі өзара әрекеті арқылы оқытуға, тәрбиелеуге, дамытуға, өзін-өзі жүзеге асыруға, өзін-өзі белсендіруге бағытталған. оқыу әдістемесі педагогтың тәжірибесіне су\үйенеді. ол оның шығармашылығына, әртістілігіне жақын. технология «қаңқасы», аләдістеме оның «қабығы» болып табылады.
Бұл тұрғыда В.Зайцевтің көзқарасы қызығушылық тудырады: «педагогикалық технология - әдістеме емес. бұл кеңірек ұғым» жобалауға. оның ойынша: «педагогикалық технология 4 құрастырушыдан: нәтиже беретін белгілі бағалаудан, диагностикадан, әдістемеден және оқытуды қарқындату құралынан тұрады.»
Педагогикалық технологиялардың түрлері.
Бүгінде білім беру мекемелері жұмыстарының теорисы мен практикасыа педагогикалық технологиялардың алуан түрлі варианттаы пайдаланады. технологиялардың көп түрлілігі оы жүйеге келтіруді және топтастыруды талап етеді.
Қазіргі уақыттағы технологиялар екі үлкен түрге жіктеледі: өздерінің мақсаттық бағдарына қарай трмақталып, бөлінетін өндірістік, өнеркәсіптік және әлеуметтік-тұлғалық. өндірістік технологиялар алдын ала берілген пааметрлі материалды өндеумен және өндіріспен байланысты. ал әлеуметтік-тұлғалық технологияның объектісі адам болып табылады. технология түрлері мен олардың тармақты бөліктерін көрнекілік пен қабылдау үшін.
Қазіргі уақытта айқындық үші макротехнолгиялар мен микротехнологияларды бөліп қарастырады. макротехнологияға көптеген автрлар педагогикалық процесс стратегиясы мен дамуын анықтайтын, ұжымдық шығармашылық іс-әрекет, ынтымақтастық, дамыта оқыту, тұтас педагогикалық процесті жүзеге асыу технологияларын, т.б. жатқызады. микротехологиялар педагогикалық әрекеттестік тактикасы, нақты тәсілдері ретінде қарастырылатын ойын технологияларын, пресс-конференция, диспут т.б. ұйымдастыру технологиялар жатқызады. сонымен кейбір ғалымдар педагогиукалық технологиялар пәндік бағдардағы және тұлғалық-бағдардағы техникалар деп жіктеуді ұсынады.
Тұлғаның, оның потенциалды танымдық мүмкіндіктерін босату мақсатында невропсихикалық ықпал жасау идеясына негізделген технологиялар топтары.
В.С. Безрукова барлық педагогикалық технологиялары оларды құрастыру негізіе жататын идеялар бойынша 4 топқа бөлінеді:
Танымдық процестерді қатал басқару технологиясы модульдік технология, В.Ф.Шаталов технологиясы, П.М.Эрдниев технологиясы, М.И. Махмутовтың проблемалық оқыту технологиясы, Л.В.Занков,В.В.Давыдов, Д.Б. Эльконин бойынша оқыту технологиясы, ЭЕМтнегізінде ақпараттық технология, Блумның «мақсаттарды жүйелеу», Д. Ховардтың «ертеңгі күн мектебі» және т.б.
«Еркін тәрбие»идеясын басшылыққа алатын технологиялар Ш.А. Амоношвилидің ізгілікті-тұлғалық оқытуы, вальдорф педагогикасы, «Л.Н. Толсой мектебі», «отбасылық мектеп» және т.б.; «Мектептің жойылуы туралы теориясына» батыса «мектепті дескулизациялау идеясы ретінде» қалыптасқан, яғни мектептегі оқыту мазмұнын нормаланып формалды болуын, жыл және күн режимін сақтауға, оқушылар мен директор билігі жән т.с.с. сын көзбен қарау идеяарына негізделегн технологиялар;
Тұлғаның, оның потенциалды танымдық мүмкіндіктерін босату мақсатында невропсихикалық ықпал жасау идеясына негізделген технологиялар топтары.
Педагогикалық технологиялардың жоғарыда айтылған түсініктемелері мен алуан түрлі анықтамаларын талдай отырып, бұл барлық технологиялардың айрықша ерекшеліктері туралы төмендегідей қорытынды жасауға болады:
оқытудың микромақсаттарының, мақсаттарының айқын, нақтылы анықталуы;
нәтижелердің жетістілігіне бағытталуы;
тәрбиелеу мен оқыту субъектілірінің іс-әрекеттерінің әрбір кезеңдері бойынша қадамдық құрылымының анықталуы;
мониторинг, аралық және соңғы нәтижелерді бағалау;
тәжірибенің қайталануы мен алмасуы;
Сонымен белгілі технологияларың жіктелуіне жасалған шолу бір қалыпта қатып қалған емес, ол қазіргі технологиялардың көп үрлілігіне бағдар беруге негіз блып және оы кеңейту, сапаландыру, тармақтандыру толықтыру бағытталған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет