«педагогика»


Дәріс 11. Педагогикалық процестегі мұғалім мен балалар ұжымының өзара байланысы және өзара іс-әрекеті



бет20/45
Дата05.03.2022
өлшемі186,9 Kb.
#27091
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   45
Байланысты:
Дәрістік кешен

Дәріс 11. Педагогикалық процестегі мұғалім мен балалар ұжымының өзара байланысы және өзара іс-әрекеті.

Жоспар:

1. Ұжымның мәні. Ұжым тәрбиенің объектісі және субъектісі ретінде.

2. Бұрынғы және қазіргі педаготар еңбектеріндегі ұжым мәселесі.

3. Балалар ұжымын қалыптастыру кезеңдері, заңдары және атқаратын қызметтері.

4. Әртүрлі балалар ұжымының типтері/сыныптық, мектептік, әртүрлі жастағы, уақытша қызығушылығына байланысты/.

5. ҰЖІ ұцымдастыру әдістері.

6. Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың ұжымдық іс-әрекетіне педагогикалық басшылық жасау.


Ұжым – тәрбиенің маңызды құралы. Ұжым проблемасына педагогикалық ғылымның қайраткерлері және халық ағарту органдарының озат өкілдері А.В.Макаренко, П.П.Блонский, С.Т.Шацкий, В.А.Сухомлинский аса зор көңіл аударды.

А.С.Макаренко ұжымда жеке адамды тәрбиелеудің бір ізді педагогикалық теориясын жасады. Оның осы уақытқа дейін құндылығын сақтауда және іс-әрекеті, қарым-қатынас, дәстүр сияқты тәрбие проблемалары ұжым өмірінде творчестволық дамудың негізі болды. А.С.Макаренко жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығы тұрғысынан ұжымның кейбір сапасын, яғни белгілерін көрсетті:

1. Ұжым тәбиенің мақсаты және объектісі, жеке адам ұжымнан тыс дамымайды.

2. Ұжым адамдарды жалпы мақсатқа, еңбекке және еңбекті ұйымдастыруға біріктіреді.

3. Ұжым бардық ұжымдармен табиғи байланысты совет қоғамының бөлігі.

4. Ұжымның өзін-өзі басқару органдары және өкілдері ұйымдастырушылары болады.

Қазіргі кезеңде А.С.Макаренко идеясын дамытуда И.П.Ивановтың «Коммунар әдісі» игі әсер етуде. Коммунар әдісінің мәні ұжым өмірінің айқын бейнесін қалыптастыру, онда барлығы өнегелік принципіне, творчестволыққа негіделеді. Бұл мәселелер И.П.Ивановтың «Ұжымшыларды тәрбиелеу» атты еңбегінде қарастырылған.

В.А.Сухомлинский балалар ұжымын дамыту теориясына айтарлықтай үлес қосты. Оның ойлары терең бірсыпыра ғылыми еңбектерінде «Ұжымның құдіретті күші» т.б. баяндалады.

Біздің елімізде қазіргі қоғамның маңызды ұясы – мектеп ұжымы баланы дамытуда және қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Мектептегі балалар ұжымы – бұл іс-әрекетке (оқу, еңбек т.б.) бірігіп топтасқан балалардың мақсатқа бағытталған тұрақты бірлестігі.

Мектеп ұжымның негізінде бірнеше өзара байланысты оқушылар ұжымдарының типтері пайда болады. Олар: мектеп сыныбы, ұзартылған күн топтары, клубтар, секциялар, оқушылардың еңбек бірлестігі т.б. Бұлардың барлығын бастауыш ұжымдар деп атайды.

Қазіргі мектептегі балалар ұйымдарының түрлері, міндеттері мен маңызы.

Бүгінгі қоғам жағдайында Отан игілігі үшін қызмет ететін балалар қозғалысының дамуына мүмкіндік жасайтын ұйымдардың бірі – балалар мен жасөспірімдер бірлестігі. ҚР балалар мен жасөспірімдер ұйымдары өздерінің іс-әрекеттерін «Атамекен», «Жұлдыз» бағдарламаларын басшылыққа алып жүргізеді. «Атамекен» бағдарламасында балаларға арналған тәлімөтәрбие жұмысының бірнеше бағыттары көрсетілген. Олар: «Салт-дәстүр, әдет-ғұрып», «Шежіре», «Сөнбес жұлдыздар», «Толғау», «Наурыз», «Орта», «Достық», «Алыстағы бауырлар» т.б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет