Жоспары: Педагогикалық ұжым білім беру сапасын басқарудың объектісі ретінде. Басқарудың негізгі элементтерінің сипаттамалары: мақсаты, құралдары, білім беру үдерісі. Адами ресурстардың құндылығы



бет1/5
Дата17.12.2022
өлшемі33,97 Kb.
#57736
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Жоспары Педагогикалы жым білім беру сапасын бас аруды объект


Педагогикалық ұжымның ерекшеліктерін білім беру сапасын басқарудың объектісі ретінде ашып көрсету.
Жоспары:
1.Педагогикалық ұжым білім беру сапасын басқарудың объектісі ретінде.
2. Басқарудың негізгі элементтерінің сипаттамалары: мақсаты, құралдары, білім беру үдерісі.
3. Адами ресурстардың құндылығы. Мектеп ұжымының бағдарламалық іс-әрекетінің мақсаты мен міндеттері: алқалық келісімге келу, шынайылық, дәлел деңгейін арттыруға бағдарлау, жеке басын ынталандыру.

Оқу-тәрбие процесіндегі сапаны басқару.
Педагогикалық ұжым – дамудың нақты заңдылығымен әрекет ететін феномен. Педагогикалық ұжым білім беру сапасын басқарудың объектісі ретінде. Басқарудың негізгі элементтерінің сипаттамалары: мақсаты, құралдары, білім беру үдерісі. Адами ресурстардың құндылығы. Ұжымды басқару кезіндегі өзара қарым-қатынас. Мектеп ұжымының бағдарламалық іс-әрекетінің мақсаты мен міндеттері: алқалық келісмге келу, шынайылық, дәлел деңгейін арттыруға бағдарлау, жеке басын ынталандыру.




Мектеп басшысының міндеті: мақсат бірлігін қамтамасыз ету бойынша аталған саясат пен жауапкершіліктердің барлығын жүзеге асыруды, басқару дәстүрін сабақтастыруды, барлық қызмет түрлерін процестік көзқараспен қамтамасыз етуші сапа менеджменті жүйесін тұрақты түрде жақсарту мен қолдауды және нақты мәліметтер талдауының дәлдігіне негізделген шешімдерді қабылдау.
Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі құрылды. Ол тәуелсіз сыртқы бағалаудың барлық элементтерін (лицензиялау, аттестаттау, аккредиттеу, рейтинг, бірыңғай ұлттық тестілеу (ҰБТ), мемлекеттік аралық бақылау (МАБ), түлектерді кешенді тестілеу және басқалары) қамтиды. Барлық облыстарда білім беру сапасын бағалаудың облыстық жүйесі енгізілуде.
Білім берудің барлық деңгейлерінің материалдық-техникалық базасы нығайтылуда.
ҚР «Білім туралы» Заңының «Педагогикалық қызметкердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі» деген 51-бабына сəйкес педагогикалық қызметкер білім беру ұйымы басқаруының ұжымдық органдарының жұмысына, бірінші кезекте, мектептің педагогикалық кеңесінің, ЖОО-ның ғылыми кеңесінің жұмысына жəне т.б. қатысуға құқылы.
Педагогикалық процесті басқару басқарушылар мен бағынушылардың өзара өзгеру, өзара əрекет етуші субъектілердің жəне осы өзара əрекет ету процесінің өзгеруі ретінде түсіндіріледі.
Ғалым Ю.К.Бабанский басқару байланыстарын жүйенің қалыпты қызмет етуін қамтамасыз ететін, негізгі жүйе құрушы байланыстары ретінде қарастырды.
Басқару функцияларының нақтылығы, басқару байланыстарының сипаты бірқатар параметрлерге байланысты. Бірінші кезекте, білім алушылардың жасына байланысты: кіші сыныптардан жоғары сыныптарға қарай педагогтер тарапынан оқушылардың қызметімен басқарудың тікелей нысандарынан неғұрлым жанама түрлеріне көшуі қатар оқушылардың дайындалғандық деңгейіне байланысты, үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс істеу кезінде, үлгерімі жақсы оқушыларға деген көзқараспен салыстырғанда, олар тым мықты, қарқынды болатыны орынды.
Педагогтің педагогикалық процесті басқару бойынша қызметін жүргізуге дайындығы тек білімнің болуында жəне ұсынылған ептіліктердің қалыптасуында ғана емес, сонымен қатар, педагогтің осы қызметі оқушыны педагогтың əсер ету объектісінің ұстанымынан өзінің оқыту субъектісінің ұстанымына ауыстыруына бағыттауына болатыны көрсетілген ( 2-кесте).
В.П.Панасюк, білім беру қызметтері тұтынушыларының əртүрлі топтарын қарастыра отырып, оқушылар – білім беру қызметінің белсенді қатысушылары (мұғалімдермен қатар) екенін көрсетті.
Білім алушының белсенділігі тəжірибеден тəуелсіз оқу-тəрбие процесінде жүргізілетін басқарудың маңызды құрауышы екені оқу қызметін жəне оны құрайтын оқу əрекеттерін талдау арқылы ашылады. Белгілі психолог П.Я.Гальперин əрекет құрылымын аша отырып, оны атқаратын функциялары бойынша шамалы, атқарушы жəне бақылау деген үш бөлікке бөледі.
Шамалы бөлік алдыңғы əрекеттің мəнін анықтаумен, осы əрекеттерді орындау үшін көмек ретінде қолданылатын операцияларды, оларды пайдалану ерекшеліктерін айқындаумен байланысты. Бақылау бөлігі əрекетті орындау, кейбір операцияларының барысына бақылауды, олардың алға қойған міндеттерге сəйкес келуін жəне қажет болған жағдайда - əрекеттер мен операциялардың түзетуін енгізеді.
Г.С.Селевко оқу жұмысының тəсілдерін (ОЖТ) қарастырып, оларды келесі ептіліктер мен дағдыларға бөлген:

  • оқу қызметін жоспарлау;

  • өз оқу қызметін ұйымдастыру;

  • ақпаратты, ойлау қызметін қабылдау;

  • өз əрекеттерінің нəтижелерін бағалау жəне ұғыну.

Білім алушының белсенді субъект, саналы азамат ретінде дамуы, оның əлеуметтік өмірінде талап етілетін құзыреттіліктердің кең спектірін игеруі оның жас, күштері мен қабілеттерінің ерекшеліктеріне қарай білім беру мекемесі қызметінің кейбір жақтарымен басқару тəжірибесіне де қатысуынсыз мүмкін емес.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет