Педагогикалық практиканың бағдарламасы


Пән мұғалімінің міндеттері



бет4/6
Дата11.04.2023
өлшемі1,36 Mb.
#81576
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Пән мұғалімінің міндеттері:



      1. Биология және химия пәнінің мұғалімдері кабинетте өтетін жұмыстардың қауіпсіздік ережелеріне, оның өртке қарсы жабдықталуына, мектеп санитариясы мен еңбек гигиенасының ережелерін сақтауға міндетті;

      2. Маман ретінде олар, экспонаттар мен объектілерді дұрыс сақтау және оны пайдалануға, сонымен қатар химиялық ыдыстарға, химиялық реактивтерге және электрлік құралдарға жауап береді;

      3. Мұғалім өртке қарсы құралдардың толық болуына және алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған заттардың толығымен болуын тексеруге құқылы;

      4. Жұмыс аяқталғаннан кейін, мұғалім реактивтері бар ыдыстар толығымен жабылды ма, электр құралдары сөндірілді ме екендігін тексеруге міндетті;



Практикант – студентпен өткізілетін алдын – ала жұмыстар:
Студент практикаға шықпас бұрын, практиканың өткізілуі бойынша, оқу – тәрбиелік практиканың мақсаты мен міндеттерін, өткізілу кезеңін, есеп беруге арналған жұмыстар түрлері мен есеп беру конференциясының өткізілетін күндерін білуге міндетті, сондықтан студенттерге арналған, практика жайында, конференция өткізіледі.


Практикант – студенттің міндеттері:



  • практика өтетін жерге уақытында келу;

  • практика бағдарламасында бекітілген жұмыстарды толығымен орындау;

  • Мектептің күн тәртібіне бағыну;

  • Практика жетекшісінің беретін тапсырмалары мен бұйрықтарын нақты және шығармашылық жағдайында орындау, мектеп жұмыскерлерімен бірге жұмысқа деген жауапкершілікті саналы түрде түсіну;

  • Есеп беру құжаттарын уақытында тапсыру;



Практиканың кезеңдері:

Практиканың бірінші аптасы пассивті болып есептеледі, ол студенттің мектеппен, сыныппен, мектептің күн тәртібімен, ұзтаздар ұйымымен және мектеп басшылығымен танысуға арналады. Практикант – студенттер өз сыныбының барлық сабақтарына қатысады, оқушылармен жақын танысып, олардың бір – бірімен қарым – қатынастарын бақылайды, сынып көшбасшысын анықтап, сыныптың қызығушылығын зерттейді. Бұл кезеңде студент сынып журналы мен оқушылардың күнделіктерімен тексереді, өздеріне оқушылардың үлгерімі туралы, олардың сабақ үстіндегі белсенділіктері туралы жазып алады, журнал мен күнделікті дұрыс толтыруға үйренеді, сонымен қатар биология және химия, сынып жетекшісінің күнтізбелік жоспарымен танысып, бірінші аптаның аяғында бүкіл практика бойы өткізілетін іс – шараларын көрсететін, оның ішінде күнделікті өткізілетін сабақ, сынып сағаттары мен сыныптан тыс шаралардың тақырыптары бар жеке жоспарын құрастырады.


Екінші аптадан бастап, студенттің белсенді практикасы басталады. Өздігімен сабақтың нақты тақырыптарына байланысты әдебиеттер, сабақтың типі және өткізу әдістемелері таңдалынады. Әр сабаққа конспект жазылып, оны пән мұғалімі немесе кафедра әдіскері тексереді. Сабаққа керек болған жағдайда алдын – ла көрнекілік құралдары немесе дидактикалық материалдар дайындалады. Практикант – студенттер бір – бірінің сабақтарына қатысып, оларды талқылауға (сараптауға) міндетті түрде қатысады. Сонымен қатар, сынып жетекшілік жұмыстары жүргізіліп, жеке жоспарда көрсетілген сынып сабақтарының конспектісі жазылады, сыныптан тыс іс – шаралардың, кештердің, және т.б. сценарилері құрылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет