«___» ________ 2007 ж
Түсіндірме
Соңғы курста өткізілетін педагогикалық практика, мұғалімді кәсіби – педагогикалық дайындаудың соңғы кезеңі болып табылады. Практика болашақтағы кәсіби мамандыққа байланысты өткізіледі.
Практиканың мақсаты: студентті пән мұғалімі мен сынып жетекшісінің жұмысын меңгеруге дағдыландыру, оқушылармен оқу – тәрбие жұмыстарын өткізу.
Практиканың міндеттері:
пән мұғалімінің орнында болып, педагогикалық үдерісті сезіну;
Жаңа қалыптасып келе жатқан баланы жетілдіру үшін, оқушы мен оқытушының арасындағы қарым – қатынасты қалыптастыру;
Пән мұғалімі және сынып жетекшісінің орнында болып, оқытушы, тәрбиелеуші, жетілдіруші жұмыстарын меңгеру;
Қазіргі заман талабына сай оқу – тәрбие жұмыстарының технологиясын меңгеру;
педагогика мен психологиядан алған білімдерін жетілдіріп, таңдалған проблеманы шешу үшін пайдалану;
Педагогикалық практиканың маңызы зор, өйткені, студент – практикант тәрбиеші мен ұстаз орнында болып, кездескен қиыншылықтардан шығу жолдарын тауып, нағыз ұстаздың жұмысымен танысады.
Практиканың өту орны мен мерзімі.
Педагогикалық практика 7 семестрде өтіп, 6 аптаға созылады.ъ
Практиканың мазмұны
Үйрену:
Пән мұғалімі мен сынып жетекшісінің оқу - әдістемелік құжаттарымен танысу (мемлекеттік стандарт, сабақ жоспарымен, сыныптан тыс іс – шаралармен, тәрбие сағаттарының жоспарымен және т.б.)
Бекітілген сыныптың тәрбиелік дәрежесінмен танысу;
Оқушылардың отбасындағы психология – педагогикалық әрекеттерін, жоғары сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерімен танысу;
Оқу – тәрбиелік әркеттеріндегі психологиялық аспектілерін бақылау (сабақтың психологиялық құрылымын, педагогикалық әдеп, бір – бірімен қарым – қатынасы, сабақтағы микроклимат);
Пән бойынша сабақ пен сабақтан тыс жұмыстар
Мектептің әдістемелік ұйымдастырылуы;
Оқушылардың пән бойынша білім дәрежелері;
Мектептің жаңа технологияларды енгізу жұмыстары;
Сыныптағы тәрбиелік жұмыстар (даму дәрежесін бақылау, бір – біріне қарым – қатынасы, баланың әлеуметтік белсенділігі, жоғары сынып оқушыларының мінездері және т.б.)
Мұғалімдердің ғылыми – зерттеу жұмыстары;
Достарыңызбен бөлісу: |