Педагогке жадынама:
Педагогтің өзімен бірге тестілеуге рұқсатнамасы және жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы (жеке куәлігі немесе төлқұжаты) болуы тиіс.
Педагог тіркеу аяқталғанға дейін тестілеу орнына келуі қажет. Педагогтарды тіркеу 45 минут жүзеге асырылады және тестілеу басталғанға дейін 15 минут бұрын аяқталады.
|
Педагогке рұқсат етілмейді:
Анықтамалық әдебиетті, жазба кітапшаларды, диктофондарды, ұялы телефондарды, электрондық құрылғыларды және сол сияқтыларды, сондай-ақ тесттердің мазмұнын және оларға дұрыс жауаптар кодтарын ашатын мәліметтерді өзімен бірге алып жүруге немесе пайдалануға болмайды;
басқа тестіленушілермен сөйлесу;
орын ауыстыруға;
кезекшінің рұқсатынсыз және ілесіп жүруінсіз аудиториядан шығуға.
Ереже бұзылған және тыйым салынған заттар анықталған жағдайда тиісті акт жасалады, педагог аудиториядан шығарылады, нәтижелері жойылады.
Сондай-ақ, нәтижелер бейнематериалдарды зерделеу шеңберінде тестілеу аяқталғаннан кейін жойылуы мүмкін.
|