Педагогтердің аттестациядан өту қағидасы 1-тарау. Жалпы ережелер


) аттестатталушы – осы Қағидаларға және педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) қағидаларына сәйкес біліктілік санатын беруге (растауға) үміткер тұлға



бет2/49
Дата14.11.2022
өлшемі243,03 Kb.
#49890
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Байланысты:
?@8;>65=85 07 2

10) аттестатталушы – осы Қағидаларға және педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) қағидаларына сәйкес біліктілік санатын беруге (растауға) үміткер тұлға;
11) біліктілікті бағалау – осы Қағидаларға және педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) қағидаларына сәйкес аттестатталушы адамның біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау рәсімі;
12) қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық қорытындылау – осы аттестатталушы адамның жетістіктерінің біліктілік талаптарының деңгейіне сәйкестігін бағалау рәсімі;
13) аттестаттау кезеңі – күнтізбелік жылдағы (қаңтар-мамыр, тамыз-желтоқсан) уақыт аралығы, осы уақыт ішінде аттестатталушы біліктілік тестілеуін тапсыруға өтініш береді, біліктілік бағалаудан өтеді, аттестаттау комиссиясына біліктілік санатын беру (растау) туралы өтініш береді.


2-тарау. Педагогтерді аттестаттаудан өткізудің тәртібі мен шарттары

3. Біліктілік тестілеу осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес дипломда көрсетілген мамандық бойынша немесе негізгі лауазым бойынша аттестатталушының Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығында (бұдан әрі - ҰБО) жүзеге асырылады.


4. Педагог біліктілік санаттарын беруге (растауға) арналған өтінішті Біліктілік тестілеуінен өткеннен кейін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссиясына береді.
5. Аттестаттау келесі кезеңдерді қамтиды:
педагогтер үшін:
1) ұлттық біліктілік тестілеу;
2) біліктілікті бағалау;
3) іс-шаралар нәтижелерінің кешенді талдамалық қорытындысы;
білім беру ұйымдары басшыларының, басшы орынбасарлары мен әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлер үшін:
1) біліктілікті бағалау;
2) қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық қорытындылау;
3) қызмет нәтижелерін көрсете отырып, аттестаттау комиссиясының отырысында сұхбат жүргізу (өзін-өзі бағалау мен комиссияның бағалауы сәйкес келмеген жағдайларда);
білім беру ұйымдары мен әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары үшін:
1) ұлттық біліктілік тестілеу;
2) біліктілікті бағалау;
3) қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық қорытындылау;
4) аттестаттау комиссиясының отырысында қызметтің нәтижелерін көрсете отырып сұхбат жүргізу (өзін-өзі бағалау мен комиссияның бағасы сәйкес келмеген жағдайда).
6. Педагогтарды аттестаттау «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 5-тармағына сәйкес бес жылда кемінде бір рет, білім беру ұйымдарының басшылары мен басшыларының орынбасарлары үш жылда бір рет өткізіледі.
7. Аттестаттау кезінде - біліктілік санатын беру (растау) - педагог біліктілік талаптарына сәйкес біліктілік санаты үшін өту мерзімдері мен санат кезектілігін сақтай отырып, өтініш береді.
8. Мерзімінен бұрын аттестаттауға өтініш – біліктілік санатын беру, басшы немесе орынбасарды мерзімінен бұрын аттестаттауды қоспағанда, педагог осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен, осы Қағидалардың
3-қосымшаға сәйкес, кем дегенде, соңғы екі жылдағы қызметтің тиісті нәтижелері болған жағдайда облыстың аттестаттау комиссиясына ұсынады.
9. Педагогтердің біліктілігін бағалауды білім беру ұйымдары жүзеге асырады. Біліктілікті бағалауға педагогтердің біліктілік санаттарын беруге (растауға) қойылатын талаптарға сәйкестікке құжаттарды тексеру кіреді.
10. Педагогтер Біліктілік тестілеуден электронды түрде ҰТО-да немесе ол белгілеген ұйымда өтеді.
11. Педагогтің өтінішін ҰТО немесе ол белгілеген ұйым дерекқорына енгізгеннен кейін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің жеке кабинетіне тестілеуге рұқсаттаманы жолдайды.
12. Біліктілік тестілеу білім беру саласындағы уәкілетті орган анықтаған мерзімде педагог өтінішіне сәйкес жүзеге асырылады.
13. Біліктілік тестілеуден өтуге өтініш берген кезде педагогтер тапсыру тілін (мемлекеттік, орыс), күнін, уақытын таңдайды және Біліктілік тестілеуін өткізу нұсқаулығымен танысады.
14. Біліктілік тестілеу:
педагог:
күнтізбелік жыл ішінде 1 (бір) рет – ақысыз;
қайта күнтізбелік жыл ішінде 1 (бір) рет – ақылы негізде тиісті күнтізбелік жылға сәйкес 1 (бір) айлық есептік көрсеткішінен (бұдан әрі - АЕК) аспайтын мөлшерде;
күнтізбелік жыл ішінде 1 (бір) рет мерзімінен бұрын аттестаттауға өтініш берген педагогтер үшін – ақысыз;
сынақ (педагогтің қалауы бойынша) – күнтізбелік жыл ішінде ақылы негізде 0,5 АЕК-тен аспайтын мөлшерде;
педагогикалық бағыттар бойынша жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының кемінде 200 академиялық кредитті игерген білім алушылары:
күнтізбелік жыл ішінде 1 (бір) рет – тегін;
педагогикалық (мамандықтар) бағыттар бойынша техникалық және кәсіптік, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын бітірген түлектер:
күнтізбелік жыл ішінде 1 (бір) рет – тегін;
білім беру ұйымдары мен әдістемелік кабинеттерінің (орталықтарының) басшылары күнтізбелік жыл ішінде 1 (бір) рет – ақысыз;
күнтізбелік жыл ішінде қайта 1 (бір) рет – ақылы негізде тиісті күнтізбелік жылға сәйкес 1 (бір) АЕК-тен аспайтын мөлшерде;
сынақ (білім беру ұйымы мен әдістемелік кабинеттер (орталықтар) басшысының өтініші бойынша) – күнтізбелік жыл ішінде ақылы негізде 0,5 АЕК-тен аспайтын мөлшерде.
15. Егер педагог (білім беру ұйымы мен әдістемелік кабинеттің (орталықтың) басшысы) біліктілік санаттарын беруге (растауға) кезекті аттестаттауға өтініш берілген санатқа балл жинамаған жағдайда, аттестаттау кезеңінде қаңтар-мамыр (тамыз - желтоқсан) біліктілік санаты оның мерзімі өткенге дейін сақталады, одан әрі біліктілік санаты бір деңгейге төмендетіледі. Бұл біліктілік санаты келесі аттестаттау кезеңіне дейін сақталады тамыз-желтоқсан (қаңтар-мамыр).
Келесі тамыз-желтоқсан (қаңтар-мамыр) аттестаттау кезеңінде мұғалім (білім беру ұйымының (әдістемелік кабинет (орталық) басшысы) біліктілік санатының талаптарына сәйкес біліктілік санатын тағайындау (растау) үшін тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссиясына өтініш береді.
16. Егер педагог (білім беру ұйымының (әдістемелік кабинеттің (орталықтың) басшысы) аттестаттау кезеңінде біліктілік санаттарын беруге (растауға) кезекті тамыз-желтоқсан (қаңтар – мамыр) аттестаттау мерзімінде өтініш бермеген жағдайда, біліктілік санаты бір деңгейге төмендейді. Осы біліктілік санаты келесі тамыз-желтоқсан (қаңтар-мамыр) аттестаттау кезеңіне дейін сақталады.
Келесі тамыз-желтоқсан (қаңтар-мамыр) аттестаттау кезеңінде педагог (білім беру ұйымының (әдістемелік кабинеттің (орталықтың) басшысы) біліктілік талаптарына сәйкес санатты беру (растау) үшін тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссиясына өтініш береді.
17. Егер педагог (білім беру ұйымының басшысы) тамыз-желтоқсан (қаңтар – мамыр) аттестаттау кезеңінде біліктілік санаттарын беруге (растауға) кезекті аттестаттау мерзімінде өтініш бермеген жағдайда, біліктілік санаты бір деңгейге төмен түседі. Осы біліктілік санаты келесі тамыз-желтоқсан (қаңтар-мамыр) аттестаттау кезеңіне дейін сақталады.
Келесі тамыз-желтоқсан (қаңтар-мамыр) аттестаттау кезеңінде педагог (білім беру ұйымының (әдістемелік кабинеттің (орталықтың) басшысы) біліктілік талаптарына сәйкес санатты беру (растау) үшін тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссиясына өтініш береді.
18. Біліктілік тестілеу кезінде тестілеуді өткізу Қағидаларын бұзған немесе тыйым салынған затты анықтаған жағдайда педагог (білім беру ұйымының (әдістемелік кабинеттің (орталықтың) басшысы) бес жыл мерзімге аттестаттаудан өту құқығынан айырылады (білім беру ұйымының басшылары – үш жылға). Педагогтің қолданыстағы біліктілік санаты «педагог» біліктілік санатына дейін төмендейді (басшылар – «білім беру ұйымының басшысы» біліктілік санатына);
19. Педагогикалық мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік, жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын бітірген, оның ішінде «үздік» бітірген түлектер Біліктілік тестілеуден сәтті өткеннен кейін жұмысқа қабылданады. Осы түлектер үшін «педагог» біліктілік санатын білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясы тиісті аттестаттау кезеңінде, төрт немесе үш айдан кейін, қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жалпылау кезеңінен өткеннен кейін беріледі.
20. Біліктілік тестілеу келесі тест тапсырмаларынан тұрады:
1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтері үшін:
«Мектепке дейінгі педагогика және психология» - отыз тапсырма;
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесі» - отыз тапсырма;
2) бастауыш сынып педагогтері келесі пәндер бойынша тест тапсырады:
«Педагогика, оқыту әдістемесі» - отыз тапсырма;
«Оқу пәнінің мазмұны» (қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі бойынша), әдебиеттік оқу, математика) - жетпіс тапсырма;
3) негізгі орта және жалпы орта білім беру педагогтері үшін:
«Педагогика, оқыту әдістемесі» - отыз тапсырма;
«Оқу пәнінің мазмұны» - жетпіс тапсырма;
4) қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері үшін:
«Педагогика, оқыту әдістемесі» - отыз тапсырма;
«Психология негіздері» - отыз тапсырма;
5) мектеп-интернаттардың, жатақханалардың тәрбиешілері үшін:
«Педагогика, оқыту әдістемесі» - отыз тапсырма;
«Психология негіздері» - отыз тапсырма;
6) арнайы ұйымдардың тәрбиешілері үшін:
«Педагогика, оқыту әдістемесі» - отыз тапсырма;
«Психология негіздері» - отыз тапсырма;
7) арнайы білім беру ұйымдарының педагогтері үшін:
«Арнайы педагогика және оқыту әдістемесі» - отыз тапсырма;
«Оқу пәнінің мазмұны» - отыз тапсырма;
8) білім беру ұйымдарының әдіскерлері (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдескерлерінен басқа) үшін:
«Педагогика, оқыту әдістемесі» - отыз тапсырма;
«Оқу пәнінің мазмұны» - жетпіс тапсырма;
9) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін:
Жалпы білім беретін пән мұғалімдері:
«Педагогика, оқыту әдістемесі» - отыз тапсырма;
«Оқу пәнінің мазмұны» - жетпіс тапсырма;
Арнайы, әлеуметтік-экономикалық пәндер оқытушылары:
«Педагогика, оқыту әдістемесі» - отыз тапсырма;
«Қызмет бағыты бойынша» - жетпіс тапсырма;
Өндірістік оқыту шеберлері:
«Педагогика, оқыту әдістемесі» - отыз тапсырма;
Басқа лауазымдардың педагогтері үшін:
«Педагогика, оқыту әдістемесі» - отыз тапсырма;
«Психология негіздері» - отыз тапсырма;
10) таңдау бойынша дене шынықтыру мұғалімдері үшін:
1) «оқу пәнінің мазмұны» - жетпіс тапсырма;
«Педагогика, оқыту әдістемесі» - отыз тапсырма;
2) «Педагогика, оқыту әдістемесі» - отыз тапсырма;
Тиісті уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының тестілерін өткізу қағидаларына сәйкес (білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйым жүргізеді) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының тестілері.
11) Педагогикалық (мамандықтар) бағыттар бойынша техникалық және кәсіптік, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері үшін, сондай-ақ кемінде 200 академиялық кредитті игерген педагогикалық бағыттар бойынша жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушылары үшін:
«Оқу пәнінің мазмұны және бағдарламалау» - жетпіс тапсырма;
«Педагогика, оқыту әдістемесі» - отыз тапсырма;
12) білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттер (орталықтар) басшылары үшін:
«Заңнамаларды білу» бағыты бойынша – 80 (сексен) тапсырма:
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі - 20 (жиырма) тапсырма;
Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексі - 20 (жиырма) тапсырма;
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы - 20 (жиырма) тапсырма;
«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы - 10 (он) тапсырма;
«Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы - 10 (он) сұрақ;
«Басқару құзыреттері» бағыты бойынша - 20 (жиырма) тапсырма.
21. Келесі балл алған жағдайда тестілеу нәтижесі оң болып саналады:
1) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының педагогтері үшін:
«Мектепке дейінгі педагогика және психология»:
«педагог» біліктілік санаты - 50 %
«педагог-модератор» біліктілік санаты - 60%;
«педагог-сарапшы» біліктілік санаты - 70%;
«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты - 80 %;
«педагог-шебер» біліктілік санаты - 90 %;
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесі»:
«педагог» біліктілік санаты - 30 %
«педагог-модератор» біліктілік санаты - 40 % ;
«педагог-сарапшы» біліктілік санаты - 50 %;
«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты - 60 %;
«педагог-шебер» біліктілік санаты - 70%.
2) Бастауыш білім беру педагогтері үшін:
«Оқу пәнінің мазмұны» бағыты бойынша:
«педагог» біліктілік санаты - 50 %
«педагог-модератор» біліктілік санаты – 60%;
«педагог-сарапшы» біліктілік санаты - 70%;
«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты - 80 %;
«педагог-шебер» біліктілік санаты - 90 %;
«Педагогика, оқыту әдістемесі» бағыты бойынша:
«педагог» біліктілік санаты - 30 %
«педагог-модератор» біліктілік санаты - 40 %;
«педагог-сарапшы» біліктілік санаты - 50 %;
«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты - 60 %;
«педагог-шебер» біліктілік санаты - 70%.
3) Негізгі орта және жалпы орта білім беру педагогтері үшін:
«Оқу пәнінің мазмұны» бағыты бойынша:
«педагог» біліктілік санаты - 50%
«педагог-модератор» біліктілік санаты - 60%;
«педагог-сарапшы» біліктілік санаты - 70%;
«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты - 80%;
«педагог-шебер» біліктілік санаты - 90%;
«Педагогика, оқыту әдістемесі» бағыты бойынша:
«педагог» біліктілік санаты - 30%
«педагог-модератор» біліктілік санаты - 40% ;
«педагог-сарапшы» біліктілік санаты - 50%;
«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты - 60%;
«педагог-шебер» біліктілік санаты - 70%.
4) Қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері үшін:
«Педагогика, оқыту әдістемесі»:
«педагог» біліктілік санаты - 50 %
«педагог-модератор» біліктілік санаты - 60%;
«педагог-сарапшы» біліктілік санаты - 70%;
«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты - 80%;
«педагог-шебер» біліктілік санаты - 90%;
«Психология негіздері»:
«педагог» біліктілік санаты - 30%
«педагог-модератор» біліктілік санаты - 40% ;
«педагог-сарапшы» біліктілік санаты - 50%;
«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты - 60%;
«педагог-шебер» біліктілік санаты - 70%.
5) интернаттық ұйымдардың, жатақханалардың тәрбиешілері үшін:
«Педагогика, оқыту әдістемесі» бағыты бойынша:
«педагог» біліктілік санаты - 50 %
«педагог-модератор» біліктілік санаты - 60%;
«педагог-сарапшы» біліктілік санаты - 70%;
«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты - 80 %;
«педагог-шебер» біліктілік санаты - 90 %;
«Психология негіздері» - отыз тапсырма:
«педагог» біліктілік санаты - 30%
«педагог-модератор» біліктілік санаты - 40% ;
«педагог-сарапшы» біліктілік санаты - 50%;
«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты - 60%;
«педагог-шебер» біліктілік санаты - 70%.
6) Арнайы ұйымдардың тәрбиешілері үшін:
«Педагогика, оқыту әдістемесі» бағыты бойынша:
«педагог» біліктілік санаты - 50 %
«педагог-модератор» біліктілік санаты - 60%;
«педагог-сарапшы» біліктілік санаты - 70%;
«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты - 80 %;
«педагог-шебер» біліктілік санаты - 90 %;
«Психология негіздері» - отыз тапсырма:
«педагог» біліктілік санаты - 30%
«педагог-модератор» біліктілік санаты - 40% ;
«педагог-сарапшы» біліктілік санаты - 50%;
«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты - 60%;
«педагог-шебер» біліктілік санаты - 70%.
7) Арнайы білім беру ұйымдарының педагогтері (пән педагогтері) үшін:
«Оқу пәнінің мазмұны» бағыты бойынша:
«педагог» біліктілік санаты - 50 %
«педагог-модератор» біліктілік санаты - 60%;
«педагог-сарапшы» біліктілік санаты - 70%;
«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты - 80 %;
«педагог-шебер» біліктілік санаты - 90 %;
«Психология негіздері» - отыз тапсырма:
«педагог» біліктілік санаты - 30%
«педагог-модератор» біліктілік санаты - 40% ;
«педагог-сарапшы» біліктілік санаты - 50%;
«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты - 60%;
«педагог-шебер» біліктілік санаты - 70%.
8) Арнайы білім беру ұйымдарының, кабинеттерінің (орталықтарының) арнайы педагогтері үшін:
«Арнайы педагогика және оқыту әдістемесі» бағыты бойынша:
«педагог» біліктілік санаты - 50 %;
«педагог-модератор» біліктілік санаты - 60%;
«педагог-сарапшы» біліктілік санаты - 70%;
«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты - 80 %;
«педагог-шебер» біліктілік санаты - 90 %;
«Арнайы психология негіздері» - отыз тапсырма:
«педагог» біліктілік санаты - 30%
«педагог-модератор» біліктілік санаты - 40% ;
«педагог-сарапшы» біліктілік санаты - 50%;
«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты - 60%;
«педагог-шебер» біліктілік санаты - 70%.
9) Білім беру ұйымдарының әдіскерлері (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерінен басқа) үшін:
«Оқу пәнінің мазмұны»:
«педагог» біліктілік санаты - 50 %
«педагог-модератор» біліктілік санаты - 60%;
«педагог-сарапшы» біліктілік санаты - 70%;
«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты - 80 %;
«педагог-шебер» біліктілік санаты - 90 %;
«Педагогика, оқыту әдістемесі»:
«педагог» біліктілік санаты - 30%
«педагог-модератор» біліктілік санаты - 40% ;
«педагог-сарапшы» біліктілік санаты - 50%;
«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты - 60%;
«педагог-шебер» біліктілік санаты - 70%.
10) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері үшін:
«Оқу пәнінің мазмұны» бағыты бойынша:
«педагог» біліктілік санаты - 50 %
«педагог-модератор» біліктілік санаты - 60%;
«педагог-сарапшы» біліктілік санаты - 70%;
«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты - 80 %;
«педагог-шебер» біліктілік санаты - 90 %;
«Қызмет бағыты бойынша» бағыты бойынша:
«педагог» біліктілік санаты - 50 %
«педагог-модератор» біліктілік санаты - 60%;
«педагог-сарапшы» біліктілік санаты - 70%;
«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты - 80 %;
«педагог-шебер» біліктілік санаты - 90 %;
«Педагогика, оқыту әдістемесі» бағыты бойынша:
«педагог» біліктілік санаты - 50 %
«педагог-модератор» біліктілік санаты - 60%;
«педагог-сарапшы» біліктілік санаты - 70%;
«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты - 80 %;
«педагог-шебер» біліктілік санаты - 90 %;
«Психология негіздері» - отыз тапсырма:
«педагог» біліктілік санаты - 50 %
«педагог-модератор» біліктілік санаты - 60%;
«педагог-сарапшы» біліктілік санаты - 70%;
«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты - 80 %;
«педагог-шебер» біліктілік санаты - 90 %;
11) Дене шынықтыру педагогтері үшін:
«Оқу пәнінің мазмұны»:
«педагог» біліктілік санаты - 50 %
«педагог-модератор» біліктілік санаты - 60%;
«педагог-сарапшы» біліктілік санаты - 70%;
«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты - 80 %;
«педагог-шебер» біліктілік санаты - 90 %;
«Педагогика, оқыту әдістемесі»:
«педагог» біліктілік санаты - 50 %
«педагог-модератор» біліктілік санаты - 60%;
«педагог-сарапшы» біліктілік санаты - 70%;
«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты - 80 %;
«педагог-шебер» біліктілік санаты - 90 %;
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы сынақтары:
«педагог», «педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілік санаттары - дайындықтың бастапқы деңгейіне сәйкес келеді.
12) Педагогикалық (мамандықтар) бағыттар бойынша техникалық және кәсіптік, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері үшін, сондай-ақ педагогикалық бағыттар бойынша жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының кемінде 200 академиялық кредитті игерген білім алушылары үшін:
«Оқу пәнінің мазмұны» - 75%;
«Педагогика, оқыту әдістемесі» - 75%;
13) білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттің (орталықтың) басшылары үшін:
«Заңнамаларды білу» бағыты бойынша:
үшінші біліктілік санатының басшысы - 70%;
екінші біліктілік санатты басшы - 80%;
бірінші біліктілік санатты басшы - 90 %;
«Басқарушылық құзыреттер» бағыты бойынша:
үшінші біліктілік санатының басшысы - 70%;
екінші біліктілік санатты басшы - 80%;
бірінші біліктілік санатты басшы - 90%.
22. Пайыздарды балдарға ауыстыру шкаласы осы Қағидалардың
8-қосымшаға сәйкес жазылған.
23. Біліктілік тестілеудің жалпы уақыты екі жүз он минутты, «Математика», «Физика», «Химия», «Информатика» пәндері үшін екі жүз қырық минутты, «Мектепке дейінгі білім беру» және «Қосымша білім беру» бағыттары үшін жүз жиырма минутты құрайды.
24. Біліктілік тестілеуден өткізу операторы ҰТО немесе ол анықтаған ұйым болып табылады.
25. Педагогтерді Біліктілік тестілеуден өткізу үшін ҰТО тест тапсырмаларының базасын әзірлейді.
26. Аудиторияға ұлттық біліктілік тестілеуін өткізудің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін және әрбір педагогтің өткізу пункттеріндегі орны бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі.
27. Заттарды табу және аудиторияда өзін-өзі ұстау ережесін бұзған педагогті аудиториядан шығару, немесе тестілеуде жалған тұлғаны анықтаған жағдайда осы Қағидаларға 5 және 6-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша акті жасалады.
28. Бейнежазбаны қарау кезінде тапсыру мерзіміне қарамастан тестілеуді өткізу ережелерін бұзу фактілерін анықтаған жағдайда, акт жасалады және нәтижелері жойылады, ал берілген біліктілік санаты тиісті деңгейдегі комиссиямен «педагог» біліктілік санатына дейін төмендетіледі.
29. Педагог тестілеу өткізу пунктінің ғимаратына кірген кезде оның жеке басын тану технологиясын пайдалана отырып сәйкестендіру немесе жеке басын куәландыратын құжат және рұқсаттама негізінде сәйкестендіру жүргізіледі.
30. Біліктілік тестілеуді өткізу кезінде аудиториядан кезекшінің рұқсатынсыз және ілесіп жүруінсіз шығуға, бір-бірімен сөйлесуге, бір орыннан екінші орынға орын ауыстыруға, материалдармен алмасуға, аудиториядан материалдарды алып шығуға, аудиторияға заттарды (оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттерді, цифрлық смарт-аппаратураны) кіргізуге және пайдалануға жол берілмейді.
31. Отырғызғаннан кейін тестілеу басталғанға дейін тестілеу кезінде мінез-құлық қағидалары бойынша нұсқама жүргізіледі.
32. Тест тапсырмаларының жауаптарын бағалау келесі түрде жүзеге асырылады:
1) ұсынылған бес жауаптың ішінен бір дұрыс жауапты таңдайтын тапсырмалар үшін бір балл, қалған жағдайларда нөл балл беріледі;
2) ұсынылған нұсқадан бірнеше дұрыс жауапты таңдаумен тапсырмалар үшін:
барлық дұрыс жауаптар үшін - екі балл;
жіберілген бір қате үшін - бір балл;
екі және одан да көп қателіктер үшін - нөл балл.
33. ҰТО немесе ол белгілеген ұйым педагогтердің деректер базасын қалыптастырады (өтініштерді қабылдау, ақпараттандыру үшін дербес деректерді енгізу: ЖСН, Т.А.Ә. (болған жағдайда), мәлімделген біліктілік санаты, тапсыру тілі, жұмыс орны, пәні).
34. ҰТО немесе ол белгілеген ұйым бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындауды, өтініштерді қабылдау, тестілеуді өткізу кезеңінде, апелляциялық рәсімдер кезінде оның жұмысын; тестілеу аяқталғаннан кейін оның нәтижелерін өңдеуді және беруді; апелляцияны жүргізуді және апелляцияны ескере отырып нәтижелерді беруді жүргізеді.
35. Біліктілік тестілеуді өткізуге жауапты ҰТО немесе ол белгілеген ұйым мыналарды жүзеге асырады:
1) компьютерлік кабинеттерді дайындау;
2) компьютерлерді тестілеуді өткізуге бір күн қалғанда дайындау;
3) аудиторлық қорды ұсыну;
4) тұлғаның жеке басын тану технологиясын пайдалана отырып, сәйкестендіру немесе жеке басын куәландыратын құжат және рұқсаттама негізінде сәйкестендіру, педагогтерді компьютерлік кабинетке жіберу және оларды отырғызу.
36. Біліктілік тестілеуді өткізу кезінде білім беру саласындағы уәкілетті органның өкілдері бақылаушы ретінде қатысады.
37. Тестілеу аяқталғаннан кейін педагог компьютер экранында көрсетілетін тестілеу нәтижелерімен танысады.
38. Тестілеу нәтижесі – осы Қағидалардағы 7-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша Біліктілік тестілеуден өткені туралы анықтама педагогтің (басшының) жеке кабинетіне жолданады. Апелляция өткізілген жағдайда апелляцияны ескере отырып, Біліктілік тестілеуден өткені туралы анықтама педагогтің (басшының) жеке кабинетіне жіберіледі.
39. ҰТО тестіден өткен тестіленушілердің электрондық деректер базасын бес жыл бойы сақтауды қамтамасыз етеді.
40. ҰТО өңірлік білім басқармаларына және білім беру саласындағы уәкілетті органға тестілеу нәтижелері бар электрондық анықтамаларды тексеру үшін қолжетімділік береді.
41. Тиісті деңгейдегі Комиссия шешім қабылдағаннан және сәйкесінше біліктілік санаты берілгеннен кейін мұғалімнің Біліктілік тестілеу нәтижелері жарамсыз болып саналады.
42. Біліктілік тестілеу аяқталғаннан кейін педагог нәтижелермен (негіздемелері бар дұрыс және дұрыс емес жауаптармен) танысады және негіздемелермен келіспеген жағдайда залдан шықпай тұрып ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы республикалық апелляциялық комиссияға апелляция береді. Аппеляцияға өтініш тестілеу залынан шыққаннан кейін қабылданбайды.
43. Тест тапсырмаларын бағалау, тестілеу кезеңінде тексерілген құқықтарды қорғау кезінде бірыңғай критерийлерге сәйкестікті қамтамасыз ету және даулы мәселелерді шешу мақсатында Республикалық апелляциялық комиссия жұмыс істейді, бұл ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы өтініштерді қабылдауды қамтамасыз етеді.
44. Республикалық апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамы білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.
45. Республикалық апелляциялық комиссияның өкілеттік мерзімі бекітілген мерзімнен бастап бір жыл.
46. Апелляция мынадай жағдайларда қаралады:
1) тест тапсырмаларының мазмұны бойынша:
дұрыс жауаптың негіздемесімен келіспеймін;
дұрыс жауап жоқ;
барлық ұсынылған нұсқалардан бір дұрыс жауапты таңдаумен тест тапсырмаларында біреуден артық дұрыс жауап бар (дұрыс жауаптардың барлық нұсқалары көрсетіледі);
тест тапсырмасы дұрыс құрастырылмаған.
2) техникалық себептер бойынша:
тест тапсырмаларында үзіндінің немесе мәтіннің болмауы.
47. Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша апелляция берген кезде педагог дәлелді негіздемені (толық түсіндірме) көрсетеді. Барлық тест тапсырмаларын қайта қарау бойынша апелляцияға берілетін өтініштер әрбір тапсырма бойынша дәлелді негіздемені (толық түсіндірме, міндеттердің қадамдық шешімі) көрсетпей қарауға жатпайды.
48. Республикалық апелляциялық комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделеді, оған комиссия төрағасы, хатшысы және мүшелері қол қояды. Республикалық апелляциялық комиссия отырыстарының хаттамалары жыл бойы ҰТО-да сақталады.
49. Онлайн-қабылдау режимінде қаралған апелляция нәтижелері бойынша жеке кабинетте апелляцияны ескере отырып, нәтижелер көрсетіледі.
50. Біліктілік тестілеу нәтижелері бойынша педагогтің өтініші негізінде (қолданыстағы санат мерзімі өткенге дейін) одан әрі аттестаттау рәсімі жүргізіледі:
педагогтер үшін – біліктілік тестілеудің оң нәтижесінің жинаған балдарына сәйкес біліктілік санатын беру (растау);
білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттерінің (орталықтарының) басшылары мен басшыларының орынбасарлары – осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес.
51. Аттестаттау бойынша мемлекеттік қызметті алу үшін осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес үлгі бойынша өтініш ұсынылады:
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі - ЖАО) немесе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне (бұдан әрі - ҚР БҒМ)
немесе республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына,
немесе «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы,
немесе egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы.
Барлық құжаттар электронды нұсқада ұсынылады, сондай-ақ Ұлттық білім беру деректер қорымен интеграциялау жүзеге асырылады.
52. «Педагогтерін аттестаттаудан өткізу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары, республикалық білім беру ұйымдарының педагогтері үшін – ҚР БҒМ және республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары көрсетеді.
53. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 9-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
54. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметтерін Мемлекеттік корпорация қызметкері «электрондық үкімет» бөлігі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
55. Өтініш беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, ЖАО-ның, білім беру ұйымының, республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымының, білім беру саласындағы уәкілетті органның жауапты қызметкері не Мемлекеттік корпорация қызметкері осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес үлгі бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
56. Ұсынылған құжаттар мемлекеттік корпорация немесе egov.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы толық болған жағдайда өтініш берушіге дайын құжаттардың берілген күнін көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
57. Қалыптасқан өтініштерді (құжаттар топтамасымен бірге болған кезде) Мемлекеттік корпорация немесе egov.kz электрондық үкіметтің веб-порталы немесе ЖАО-ға тиісті арқылы республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымына не білім беру саласындағы уәкілетті органға жібереді.
58. Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметтер көрсету мерзіміне кірмейді.
59. ЖАО, республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган арқылы құжаттарды қабылдау кезінде ұсынылған құжаттардың толықтығы және өтініш берушінің осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тексеріледі, қорытындысы бойынша осы Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес үлгі бойынша өтінішті және тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту беріледі.
60. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген.
61. Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда 59-тармақта көрсетілген әрекеттер құжаттар келіп түскен және тиісті ЖАО, республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымында, білім беру саласындағы уәкілетті органда тіркелген күні жүзеге асырылады.
62. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тиісті ЖАО, республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымы, білім беру саласындағы уәкілетті орган Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізеді.
63. Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда дайын құжаттарды беру мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесіне сәйкес өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілетін, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжат негізінде әрекет ететін жеке басты куәландыратын құжаттарды не оның өкілін көрсеткен кезде жүзеге асырылады.
64. ЖАО, республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары, білім беру саласындағы уәкілетті орган «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11-тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мәліметтерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
65. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
66. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті тікелей көрсеткен көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
67. Тиісті саланың уәкілетті органдарында, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдарында (бұдан әрі - аттестаттаушы орган) педагогтер мен өзге де азаматтық қызметшілерді аттестаттау үшін осы мемлекеттік органдардың бірінші басшысының бұйрығымен комиссиялар құрылады:
«педагог» - білім беру ұйымдарында;
«педагог – модератор» - ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімінің органдарында;
«педагог-сарапшы» және «педагог – зерттеуші» - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың білім беруді басқару органдарында;
«педагог – шебер» - білім беру саласындағы уәкілетті органның жанында.
68. Педагогтерді аттестаттау жөніндегі комиссияның құрамына педагогтер, оқу-әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың), біліктілікті арттыру ұйымдарының әдіскерлері, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақтардың, педагогикалық кеңестердің өкілдері, білім беруді басқару органдарының мамандары кіреді.
69. Білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттерінің (орталықтарының) басшылары мен басшыларының орынбасарларын аттестаттау жөніндегі комиссияның құрамына мемлекеттік органдардың, оның ішінде жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның өкілдері, кәсіподақтардың, үкіметтік емес ұйымдардың, білім беру ұйымдарының алқалы басқару органдарының, қоғамдық кеңестердің өкілдері, сондай-ақ аттестаттаушы органның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері кіреді.
70. Комиссия мүшелердің тақ санынан тұрады және кемінде жеті мүшеден тұрады. Комиссия мүшелері комиссия отырыстарына алмастыру құқығынсыз қатысады.
71. Педагогтерді (басшыларды, басшылардың орынбасарларын) аттестаттауды жүргізетін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім беруді басқару органының, білім беру саласындағы уәкілетті органның (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін) басшысы (басшы болмаған кезде – оның міндетін атқарушы лауазымды адам) немесе басшысының орынбасары комиссия төрағасы болып табылады. Төрағаның орынбасары комиссия мүшелері арасынан сайланады.
72. Салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдарының педагогтерін аттестаттауды білім беру саласындағы уәкілетті органның комиссиясы жүзеге асырады.
73. Конкурстық комиссияның хатшысы Комиссия отырысына материалдарды, қажетті құжаттарды дайындайды, хаттаманы ресімдейді және оған қол қояды, оның мүшесі болып табылмайды және шешім қабылдау кезінде дауыс беруге құқығы жоқ.
74. Комиссияның отырысы, егер оған оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.
75. Дауыс беру нәтижелері Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
76. Комиссия отырыстарында аудио немесе бейнежазба жүргізіледі. Аудио-бейнежазба архивте кемінде үш жыл сақталады.
77. Тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссиялары ұсынылған тестілеу нәтижелерін және аттестаттаудың екінші кезеңінен өтуге педагогтердің өтініштерін зерделейді. Қызмет қорытындыларын кешенді талдамалық жинақтау үшін ұсынылған материалдар сараптамалық кеңестің қарауына жіберіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет