Педагогтердің аттестациядан өту қағидасы 1-тарау. Жалпы ережелер


«Жыл мұғалімі» Ұлттық премиясының жүлдегері немесе қатысушысы немесе жеңімпазы болады



бет6/49
Дата14.11.2022
өлшемі243,03 Kb.
#49890
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Байланысты:
?@8;>65=85 07 2

«Жыл мұғалімі» Ұлттық премиясының жүлдегері немесе қатысушысы немесе жеңімпазы болады;
танымал интернет-ресурстарды пайдалана отырып, жұмыс тәжірибесін таратады;
республика деңгейінде тәжірибені жинақтайды;
«Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының «Сарапшылардың электрондық базасына» сәйкес оқулық, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды және (немесе) техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған білім беру бағдарламаларын немесе оқу-әдістемелік кешендерін (болған жағдайда) сараптау бойынша сарапшылардың құрамына енген;
тиісті уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымдары педагогтер үшін ұйымдастырған семинарларды, конференцияларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысады;
елдегі, облыстағы телевидениеде трансляциялау үшін қосылған, білім порталдарында орналастырылған (бар болған жағдайда) бейне-, теле сабақ дайындаған адамдар.
87. Педагогтерге біліктілік санатын беру педагогтердің біліктілік сипаттамаларына сәйкес жүргізіледі. Педагогтерге біліктілік санаттарын беру рәсімі:
«педагог» біліктілік санатына – білім беру ұйымында;
«педагог-модератор» біліктілік санатына – ауданның (облыстық маңызы қаланың) білім бөлімдерінде, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармаларында, білім беру саласындағы уәкілетті органдарда (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін), тиісті саланың уәкілетті органдарында;
«педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», біліктілік санаттарына – республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармаларының деңгейінде, білім беру саласындағы уәкілетті органдарда (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);
«педагог-шебер» біліктілік санатына – білім беру саласындағы уәкілетті орган деңгейінде жүргізіледі.
88. Білім беру ұйымы жыл сайын 1 қыркүйекке дейін алдағы қаржы жылына арналған біліктілік санаттарын берудің (растаудың) перспективалық жоспарын жасайды және бекітеді, ол қажеттілігіне қарай түзетіледі.
89. Білім беру ұйымы біліктілік санатын беру үшін педагогтердің тізімдік құрамын (электрондық жеткізгіштерде) аудандардың (республикалық маңызы бар қалалардың) білім бөлімдеріне, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармаларына, республикалық ұйымдар – білім беру саласындағы уәкілетті органға (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін), тиісті саланың уәкілетті органына ұсынады.
90. Әрбір педагог бойынша сараптамалық кеңестің ұсынымдарын қарап, алғаннан кейін комиссия педагогтердің портфолиосын қарайды және мынадай шешімдердің бірін шығарады:
1) өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келеді;
2) өтініш берілген біліктілік санатынан бір саты төмен санатқа сәйкес келеді;
3) «педагог» біліктілік санатына сәйкес келеді (өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келмеген жағдайда);
4) өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келмейді.
91. Комиссияның шешімі осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес хаттамамен ресімделеді.
92. Мерзімінен бұрын өтініш берген кезде Комиссия «өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келмейді» деген шешім қабылдаған жағдайда қолданыстағы біліктілік санаты оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.
93. Педагогтер жүктілігі және босануы бойынша демалыстан немесе бала үш жасқа толғанға дейін оны бағып-күтуге арналған демалыстан немесе жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жұмыскерлер үшін демалыстан шыққаннан кейін біліктілік талаптарына сәйкес келетін санатқа біліктілік тестін тапсырады. Педагогтердің осы санаты үшін қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау кезеңін тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссиясы бір жылдан кейін өткізеді. Бұл ретте педагогте бар біліктілік санаты бір жыл бойы сақталады.
Егер педагог біліктілік тестін тиісті санатқа тапсырмаған жағдайда, аттестаттау рәсімі осы Қағиданың 15-тармағына сәйкес жүргізіледі.
94. Педагог «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізіміндегі актінің 2020 жылғы 30 қазанда № 148139 болып тіркелген) бекітілген әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесіне сәйкес еңбекке уақытша қабілетсіз болған кезде күнтізбелік бір жылға біліктілік тестілеуден босатылады. Бұдан әрі жалпы негізде аттестаттаудан өтеді.
95. Осы Қағидалардың 94-тармағында көрсетілген педагог біліктілік санатының қолданылу мерзімін ұзарту туралы мәселені шешу үшін Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) біліктілік санаттарының қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтініш (еркін нысан);
2) біліктілік санатының қолданылу мерзімін ұзартудың негізділігін растайтын құжат.
96. Комиссияның біліктілік санатының қолданылу мерзімін ұзарту жөніндегі отырысы өтініш түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өткізіледі.
97. Біліктілік санатының қолданылу мерзімін ұзарту туралы Комиссияның шешімі осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес хаттамамен ресімделеді.
98. Педагогтер:
тоқтату себептеріне қарамастан, біліктілік санаты берілген лауазымдағы жұмысын қайта бастағандар;
білім беру саласындағы уәкілетті органнан, білім беруді басқару органдарынан, біліктілікті арттыру ұйымдарынан, жоғары оқу орындарынан білім беру ұйымдарына ауысқандар;
Қазақстан Республикасынан тыс жерде мамандық бойынша оқуда (тағылымдамада) болғандар;
Педагогикалық қызметті жүзеге асырған және Қазақстан Республикасына жақын және алыс шетелдерден келген;
педагогикалық қызметке алғаш рет кіріскендер білімін, еңбек өтілін растайтын құжаттары болған жағдайда біліктілік талаптарына сәйкес келетін санатқа біліктілік тестілеуін тапсырады.
Педагогтердің осы санаты үшін қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау кезеңін тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссиясы бір жылдан кейін өткізеді. Бұл ретте педагогте біліктілік санаты берілгенге дейін бір жыл ішінде «педагог» біліктілік санаты қолданылады.
Егер педагог біліктілік тестін тиісті санатқа тапсырмаған жағдайда, біліктілік санаты «педагог» санатына дейін төмендетіледі.
Келесі аттестаттау кезеңінде тамыз-желтоқсан (қаңтар - мамыр) педагог біліктілік тестілеуді бастапқы мәлімделген біліктілік санатына немесе төмен деңгейге тапсырады.
99. Зейнетке шыққаннан кейін Педагогикалық қызметті жүзеге асыруды жалғастыратын зейнеткерлік жасқа дейінгі және зейнеткерлік жастағы педагогтер аттестаттау рәсімінен жалпы негізде өтеді.
Біліктілік санатын жалпы негізде беру (растау) рәсімінен бас тартқан жағдайда біліктілік санаты «педагог» біліктілік санатына дейін төмендетіледі.
100. Біліктілік санатын беру туралы бұйрықтың негізінде білім беру ұйымы осы Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес біліктілік беру (растау) туралы куәлік береді.
101. Педагогтерге:
«санаты жоқ» біліктілік санаты берілген педагогтерге «педагог» біліктілік санаты теңестіріледі;
«екінші санат» біліктілік санаты «педагог-модератор» біліктілік санатына теңестіріледі;
«бірінші санат» біліктілік санаты «педагог-сарапшы» біліктілік санатына теңестіріледі;
«жоғары санат» біліктілік санаты «педагог-зерттеуші» және (немесе) «педагог-шебер» біліктілік санаттарына теңестіріледі.
102. Біліктілік санатын беру туралы куәліктерді беруді білім беру ұйымдары комиссиялардың шешімдері мен тиісті бұйрықтардың негізінде жүзеге асырады және осы Қағидаларға 21-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік санаттарын беру туралы куәліктерді тіркеу және беру журналында тіркеледі.
103. Қазақстан Республикасы шегінде педагогикалық саладағы тиісті мамандық бойынша жаңа жұмыс орнына ауысқан кезде педагогтерде (басшыларда, басшы орынбасарларында) қолданыстағы біліктілік санатын оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақтайды.
104. Педагогтерге біліктілік санатын беру білім туралы дипломда немесе атқаратын лауазымы бойынша тиісті біліктілік берілген қайта даярлау туралы құжатта көрсетілген мамандыққа (біліктілікке) сәйкес жүзеге асырылады.
105. Білім туралы дипломда бір мамандық ретінде көрсетілген пәндерді оқытқан жағдайда, біліктілік санатын беру оқытатын пәнді/пәндерді (таңдау бойынша) көрсете отырып, негізгі лауазым бойынша жүргізіледі және негізгі лауазым бойынша санат беріледі. Негізгі лауазымы бойынша берілген біліктілік санаты тиісті бағыт бойынша оқытылатын барлық пәндерге қолданылады.
106. Шағын жинақты мектептердің педагогтері үшін дипломда көрсетілмеген пәндерді оқыту жағдайында кезекті біліктілік санатын беру пәнаралық (аралас) пәндер бойынша тиісті біліктілік санаты берілген қайта даярлау туралы құжат болған жағдайда атқаратын лауазымы бойынша жүргізіледі.
107. Педагог жоғары оқу орындарында немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандарды кәсіптік даярлау жүзеге асырылмайтын пәндерді оқыған жағдайда, оның бұрын алған санаты сақталады. Біліктілік санатын кезекті беру біліктілікті арттыру туралы тиісті құжат болған кезде жалпы негіздерде жүргізіледі
108. Арнайы білім беру ұйымдарында сабақ беретін педагогтерге кезекті біліктілік санатын беру дипломға сәйкес, бейіні бойынша немесе қайта даярлау туралы құжатқа сәйкес, білім беру ұйымдарындағы тиісті бейін бойынша жүргізіледі.
109. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтеріне кезекті біліктілік санаты оқытатын бейініне сәйкес беріледі.
110. Әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың), қосымша білім беру ұйымдарының педагогтеріне (әдіскерлеріне) біліктілік санаттары диплом бойынша және атқаратын лауазымы ескеріле отырып беріледі.
111. Білім беру ұйымынан әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асыратын ұйымдарға ауысқан немесе білім беру қызметін ұйымдастырған кезде педагогте қолданыстағы «педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілік санаты оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады (теңестіріледі) және тиісті қосымша ақы төленеді.
112. Әдістемелік орталықтардың (кабинеттердің), «Дарын» орталықтарының, мектепке дейінгі, арнайы және қосымша білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлерінде білім беру ұйымына ауысқан кезде және қоса атқару жағдайларында «педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілік санаттары сақталады және тиісті қосымша ақы төленеді.
113. Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ-дан жалпы білім беретін мектептерге ауысқан кезде педагогтердің біліктілік санаттары мыналарға теңестіріледі:
«мұғалім-модератор» – «педагог-модератор»;
«мұғалім-сарапшы» - «педагог-сарапшы»;
«мұғалім-зерттеуші» - «педагог-зерттеуші»;
«мұғалім-шебер» – «педагог-шебер».
114. «Өзін-өзі тану» пәнін оқытқан кезде педагогтегі біліктілік санаты уәкілетті органмен келісілген білім беру бағдарламалары бойынша «Өзін-өзі тану» пәні бойынша біліктілікті арттыру курстары туралы құжат болған жағдайда бұрын оқытқан пән бойынша біліктілік санатына теңестіріледі және қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.
115. Кезекті, мерзімінен бұрын біліктілік санаттарын беру (растау) кезінде «Өзін-өзі тану» пәні бойынша педагогтер дипломындағы мамандығы бойынша немесе «Өзін-өзі тану» пәні бойынша ұлттық біліктілік тестілеуінен өтеді.
116. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы бейінге сәйкес келмейтін педагогикалық білімі бар педагогтерге мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мәселелері бойынша біліктілікті арттыру (немесе қайта даярлау) курстары туралы құжат болған жағдайда біліктілік санаты беріледі.
117. Психологиялық, диагностикалық (білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін айқындау бөлігінде), түзету, әлеуметтік-педагогикалық қызметті жүзеге асыратын педагогтерге дипломда көрсетілген мамандыққа сәйкес немесе тиісті бейіні бойынша дипломы болмаған жағдайда біліктілікті арттыру немесе қайта даярлау курстарынан өтуді ескере отырып, «педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілік санаты беріледі.
118. Дене шынықтыру пәні педагогтеріне «педагог», «педагог-модератор» «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілік санаттары «Оқыту пәнінің мазмұны» және «Педагогика, оқыту әдістемесі» бойынша ұлттық біліктілік тестілеуден өткеннен соң «Педагогика, оқыту әдістемесі» пәні бойынша немесе бастапқы дайындық деңгейінің нәтижелерімен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы сынақтарын тапсырған соң беріледі (расталады).
119. Педагогтерге кезекті біліктілік санаты:
«Көркем еңбек» пәні бойынша «Технология», «Бейнелеу өнері», «Сызу» мамандықтары бойынша диплом;
«Графика және жобалау» пәні бойынша «Бейнелеу өнері», «Сызу», «Информатика» мамандықтары бойынша диплом, сондай-ақ бұрын берілген біліктілік санатын ескере отырып, кәсіптік оқыту негізге алынады.
120. Арнайы білім беру ұйымдарында немесе арнайы сыныптарда (топтарда) білім туралы дипломда көрсетілгеннен басқа мамандық бойынша қызмет жүргізген жағдайда кезекті біліктілік санатын беру біліктілікті арттыру курстары немесе қайта даярлау курстары туралы құжат негізінде атқаратын лауазымы бойынша жүргізіледі.
121. Инклюзивті білім беруді іске асыратын жалпы білім беретін мектептерде сабақ беретін педагогтерге кезекті біліктілік санаты дипломда көрсетілген мамандыққа сәйкес беріледі, бұл ретте портфолиода ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жүргізілген жұмыстар бойынша материалдар көрсетіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет