Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары


Біліктілік санатын кезекті беру



бет7/17
Дата01.11.2022
өлшемі73,69 Kb.
#46698
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17

Біліктілік санатын кезекті беру:


«педагог» біліктілік санатына:

  • тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар немесе қайта даярлау курстарынан өткен, педагогикалық қызметке алғаш рет кіріскен, Ұлттық біліктілік тестілеуінен табысты өткен, сондай-ақ мынадай кәсіби құзыреттерге сәйкес келетін адамдар:

  • оқу пәнінің, оқу-тәрбие процесінің, оқыту және бағалау әдістемесінің мазмұнын біледі; білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлайды және ұйымдастырады, білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысады, білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асырады, кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгерген, цифрлық білім беру ресурстарын қолданады;

  • «Педагогикалық этиканың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 20619 болып тіркелген) сәйкес педагогикалық этиканың негізгі нормаларын сақтайды;

«Педагог-модератор» біліктілік санатына:


  • тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар адамдар, сондай-ақ қайта даярлау курстарынан өткен адамдар, мынадай кәсіби құзыреттерге сәйкес келетін кемінде екі жыл педагогикалық өтілі бар адамдар:

  • «педагог» біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, бұдан басқа:

  • оқытудың инновациялық нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;

  • кәсіби шеберлік конкурсының қатысушысы немесе жүлдегері немесе жеңімпазы болып табылады немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес білім беру ұйымының, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушы немесе жүлдегер немесе жеңімпаз оқушылары бар;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет