1959 жылы 20 қараша күні БҰҰ Ассамблеясы қабылдаған Балалар құқығы декларациясында жарияланған он қағида



Дата31.12.2021
өлшемі17,27 Kb.
#21961
Байланысты:
инклюзияға


1959 жылы 20 қараша күні БҰҰ Ассамблеясы қабылдаған Балалар құқығы декларациясында жарияланған он қағида:

1-қағида. Бала осы Құқық декларациясында көрсетілгендердің бәріне құқылы болуға міндетті. Әрбір баланың, оның ата-анасының қандай да бір кемсітушіліксіз, нәсіліне, түр-түсіне, жынысына, тіліне, дініне, саяси немесе өзге де сенім-нанымдарына, ұлттық, этникалық немесе әлеуметтік шығу тегіне, мүліктік жағдайына, баланың денсаулығының және туылуының жай-күйіне немесе өзге де жағдайларына қарай ажыратпай және кемсітпей, барлық құқықтарын құрметтейді және қамтамасыз етеді.

2-қағида. Баланы заңмен және басқа да жолдармен арнайы қорғаумен, дене бiтiмi, зерделік, рухани және имандылық тұрғысынан дамуына, сондай-ақ баланың жеке адами тұлғасының әлеуметтік тұрғыда салауаттылыққа қол жеткiзуiне қажетті мүмкіндiктермен және жағымды жағдайлармен қамтамасыз ету. Осы мақсатта қабылданған заңдардың бәрінде де ең бірінші кезекте баланың мүдделерін барынша толық қамтамасыз етуге көңіл бөлінеді.

3-қағида. Бала туылған сәттен бастап оның есімі қойылып, азаматтық алуға құқығы бар.



4-қағида. Бала әлеуметтік қамсыздандырудың игіліктерімен пайдалануға міндетті. Оның салауатты өсуге және дамуға құқығы бар, осы мақсатта ол және онымен бірге анасы да бала туылғанға дейінгі және туылғаннан кейінгі күтімді қосқанда, арнайы күтіммен және қорғаумен қамтамасыз етілуге тиісті. Баланың дұрыс тамақтануға, тұрғын үйге, көңіл көтеруге және медициналық қызметке деген құқығы бар.

5-қағида. Дене бітімінде, психикалық немесе әлеуметтік тұрғыда толық дамымаған бала оның ерекше жағдайына сәйкес қажетті арнайы түзіммен, арнайы оқыту мен қамқорлықпен қамтамасыз етілуге міндетті.

6-қағида. Бала жан-жақты және үйлесімді дамуы үшін сүйіспеншілікпен түсінуді қажет етеді. Ол мүмкіндігінше өзінің ата-анасының жауапкершілігі мен қамқорлығында, қандай жағдайда болса да сүйіспеншілік пен адамгершілік және материалдық тұрғыда қамтамасыз етілген жағдайда өсуге міндетті; жасы кіші бала ерекше жағдайдан басқа жағдайларда анасынан ажырамауға тиісті.

7-қағида. Бала ақысыз және міндетті білімді, ең кем дегенде бастапқы кезеңде алуға құқылы. Оған оның жалпы мәдениетінің дамуына және соның арқасында өзінің мүмкіндіктерінің негізінде қабілетін және жеке пайымдауын дамытуға, сондай-ақ рухани және әлеуметтік жауапкершілікті түсінуге және қоғамның пайдалы мүшесі болуға көмектесетін білім берілуге міндетті.

8-қағида. Бала қандай жағдайда болмасын қорғау мен көмекті бірінші алатындардың қатарында болуға міндетті.

9-қағида. Бала зорлық-зомбылықтың, қорлау немесе немқұрайлы қараудан, дөрекі қараудан қорғалуға міндетті. Ол қандай да болмасын түрде сатылу нысаны болмауға тиісті. Бала тиісті жастық минимумға жеткенше жұмысқа қабылданбауға міндетті, оның денсаулығына қауіп төндіретін немесе білім алуына кедергі келтіретін, зерделік немесе рухани дамуына нұқсан келтіретін кез келген жұмыстардан қорғалуға құқығы бар.

10-қағида. Бала нәсіліне, дініне немесе өзге де сенім-нанымдарына қатысты кемсітушіліктен қорғалуға міндетті. Ол өзара түсінушілік, шыдамдылық, халықтар арасындағы достастық, бейбітшілік пен жалпы бауырластық жағдайында, сондай-ақ оның қуаты мен қабілеті басқа адамдардың игілігіне арналады деген сана сезімде тәрбиеленуге міндетті.


Психофизикалық дамуында ерекшелігі бар тұлғалармен қарым – қатынастың (этикеттің) жалпы 10 ережесі
1. «Ерекше балалармен» сөйлескеніңізде, әңгімелесу кезінде бірге болатын баланы алып жүрушіге немесе сурдо аудармашыға емес, тікелей өзімен сөйлесіңіз.

2. Сізді «ерекше баламен\адаммен» таныстырғанда, оның қолын қысу табиғи жағдай. Қолын қозғауға қиналғандар немесе жасанды мүшені пайдаланатын адам өзіне қолжетімді қолмен – оң қолымен немесе сол қолымен қол алыса алады.

3. Нашар көретін немесе мүлдем көрмейтін «ерекше баламен» кезескенде, өзіңізді және өзіңізбен бірге келген адамдарды атаңыз. Егер топта ортақ тақырыпта әңгіме жүріп жатса, онда сол сәтте кімге сөйлегеніңізді және өзіңізді атауды ұмытпаңыз.

4. Егер сіз көмек ұсынсаңыз, онда оны қабылдағанша күтіңіз, содан кейін нені және қалай істеу керектігін сұраңыз. Егер сіз түсінбесеңіз, онда ұялмай, қайтадан сұраңыз.

5. «Ерекше балаларды» есімдері бойынша атаңыз, ал жасөспірімдер мен одан ерсектерге үлкен адамдарға қарағандай қараңыз.

6. Біреудің арбасына сүйену немесе асылу, оның иесіне сүйену мен асылу дегенмен бірдей. Арба – бұл адам пайдаланатын оның өзіндік жеке кеңістігінің бөлігі. (Педагогтар үшін де және балалар үшін де).

7. Қарым-қатынасқа түсуге қиналатын «ерекше баламен» сөйлескенде, оның сөзін мұқият тыңдаңыз. Сөйлегенін өзі аяқтағанша, шыдамды болыңыз, күтіңіз. Оны жөндемеңіз және ол үшін оның сөзін аяқтамаңыз. Егер оның айтқан сөзін ұқпасаңыз, қайтадан сұрауға ұялмаңыз.

8. Арбаны немесе балдақты пайдаланатын «ерекше баламен» сөйлескенде, сіздің көзіңіз бен оның көзінің бір деңгейде болатындай етіп орналасыңыз. Сізге сөйлесуге жеңіл болады, ал сөйлесіп тұрған адамға басын шалқайтудың керегі болмайды.



9. Нашар еститін «ерекше баланың» көңілін өзіңізге аудару үшін қол бұлғаңыз немесе иығынан қағыңыз. Көзіне тура қараңыз, анық сөйлеңіз, алайда нашар еститін балалардың барлығы еріннен оқи бермейді. Еріннен оқи білетіндермен сөйлескенде, сізге жарық түсетіндей, сіз жақсы көрінетіндей жерге орналасыңыз, сізге ештеңенің бөгет болмауын және жауып тұрмауын қадағалаңыз.

10. Егер көрмейтін немесе естімейтін «ерекше балаға» қапысызда «көрісерміз» немесе «ол туралы естідің бе?» деп айтып қалсаңыз, қысылмаңыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет