Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары


-тарау. Аттестаттауды өткізу тәртібі



бет2/35
Дата23.04.2022
өлшемі219,09 Kb.
#32011
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35

2-тарау. Аттестаттауды өткізу тәртібі

1-параграф. Біліктілік тестілеуін өткізу тәртібі

  • Аттестаттаудың бiрiншi кезеңiнде Біліктілік тестілеуі өткiзiледi. Біліктілік тестілеуін тапсыру үшін педагог дипломда көрсетілген мамандығы немесе негізгі лауазымы бойынша осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығына (бұдан әрі – ҰТО) немесе ол белгілеген ұйымға өтініш береді. Біліктілік тестілеуінен өтуге өтініш берген кезде педагогтер тапсыру тілін (мемлекеттік, орыс), күнін, уақытын таңдайды.
  • Біліктілік тестілеуі электрондық форматта өткізіледі.
  • Техникалық және кәсіптік, жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын педагогикалық мамандықтар бойынша бітірген тәжірибесі жоқ кандидаттар Біліктілік тестілеуінен сәтті өткеннен кейін жұмысқа қабылданады. Аталған тәжірибесі жоқ кандидаттар үшін "педагог" біліктілік санатын білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясы Біліктілік тестілеуі нәтижесі негізінде береді.
  •       Тестілеуден кемінде 50 балл жинаған техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тәжірибесі жоқ кандидаттарына "педагог" біліктілік санаты беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет