Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекітілген Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 12.11.2021 № 561 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 1-тарау. Жалпы ережелер - Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 139-бабының 7-тармағына, "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) сәйкес әзірленді, педагогтерді аттестаттау және педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) тәртібін айқындайды.
- Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
- 1) аттестатталушы – осы Қағидаларға сәйкес аттестаттаудан өтетін және біліктілік санатын алуға (растауға) үміткер адам;
- 2) аттестаттау – осы Қағидаларға сәйкес педагогтердің біліктілік деңгейін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім, оның нәтижелері бойынша біліктілік санаттары беріледі (расталады);
- 3) аттестаттау комиссиясы – педагогтерді аттестаттау рәсімін жүргізуге уәкілетті алқалы орган (бұдан әрі – Комиссия);
- 4) аттестаттау кезеңі – күнтізбелік жылдағы (қаңтар-мамыр, тамыз-желтоқсан) уақыт аралығы, оның ішінде осы Қағидаларға сәйкес аттестатталушы адам Ұлттық біліктілік тестілеуін тапсыруға өтініш береді, біліктілік бағалауынан өтеді, аттестаттау комиссиясына біліктілік санатын беру (растау) туралы өтініш береді;
- 5) апелляция – осы Қағидаларға сәйкес педагогтің сұранысы бойынша ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы жүзеге асырылатын ұлттық біліктілік тестілеуінің нәтижелерін қайта қарау рәсімі;
- 6) апелляцияларды қарау жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі – апелляциялық комиссия) – білім беру саласындағы уәкілетті орган құратын комиссия, ол педагогтер ұлттық біліктілік тестілеуінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда даулы мәселелер бойынша шешім қабылдайды;
7) біліктілік санаты – "Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5750 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 338 бұйрық) бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес педагогтің кәсіби құзыреттілік деңгейі;
8) қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау – аттестатталушы жетістіктерінің біліктілік талаптарының деңгейіне сәйкестігін бағалау рәсімі;
9) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен немесе өтініш жасамай жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;
10) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;
11) педагог – тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар және педагогтің білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, әдістемелік сүйемелдеу немесе білім беру қызметін ұйымдастыру жөніндегі кәсіби қызметін жүзеге асыратын тұлға;
12) ұлттық біліктілік тестілеуі (бұдан әрі – Біліктілік тестілеуі) – осы Қағидаларға сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган әзірлеген тестілер бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілік деңгейін айқындау мақсатында өткізілетін рәсім.
Педагогтерді аттестаттау "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес бес жылда бір реттен сиретпей, білім беру ұйымдарының басшылары – "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 5-тармағына сәйкес үш жылда бір рет, білім беру ұйымдары басшыларының орынбасарлары – осы Қағидалардың 130-тармағына сәйкес үш жылда бір рет өткізіледі.
. Тиісті саланың уәкілетті органдарында, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың білім беруді басқару органдарында (бұдан әрі – аттестаттаушы орган) педагогтерді аттестаттау үшін осы мемлекеттік органдардың бірінші басшысының бұйрығымен мынадай біліктілік санаттары үшін комиссиялар құрылады:
"педагог" – білім беру ұйымдарында;
"педагог-модератор", "үшінші біліктілік санатты басшының орынбасары" немесе "басшы-ұйымдастырушы", "екінші біліктілік санатты басшының орынбасары" немесе "басшы-менеджер", "педагог-модератор" – әдіскерлер үшін – ауданның, облыстық маңызы бар қаланың білім бөлімі органдарында;
"педагог-сарапшы" және "педагог-зерттеуші", "бірінші біліктілік санатты басшының орынбасары" немесе "басшы-көшбасшы", "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші", "педагог-шебер" – әдіскерлер үшін – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың білім беруді басқару органдарында;
"педагог-шебер" – білім беру саласындағы уәкілетті органның жанында.
Достарыңызбен бөлісу: |